Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет352/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

сүйек кемігілік сатысы
дейді. Шеткері қанда бірен-саран нормобластар пайда 
болады, полихроматофилдік (әрі қышқыл, әрі сілтілік 
бояулармен 
боялатын) 
жас 
эритроциттердің 
немесе 
ретикулоциттердің саны көбейеді. Бұл сүйек кемігінің 
регенерациясын көрсетеді. Осыдан қызыл қан түйіршіктерінің 
өндірілуі тездегендіктен олардың жетілуі кеміс қалады.
Сондықтан жетілмеген (ядросы, түйіршіктері бар) және 
гемоглобинмен қанықпаған эритроциттер қанға түсе бастайды. 
Бұл кезде жоғалған қанмен бірге темір иондары да көптеп 
жоғалады. Осыдан жіті қансыраудың нәтижесінде организмде 
темірдің тапшылығына байланысты гемоглобиннің түзілуі 
азаяды. Содан эритроциттердің гемоглобинмен қанықпауынан 
түстік көрсеткіш төмендейді, гипохромдық анемия дамиды.
Қорыта келгенде, жіті постгеморрагиялық анемия: 
● сүйек кемігі қызметінің қалпына келу мүмкіншілігіне 
қарай – регенерациялық анемияға; 
● қан өндірілу түріне қарай – нормобластық анемияға; 
● түстік көрсеткіші бойынша – нормохромдық немесе 
гипохромдық анемияға; 
● 
эритроциттердің 
көлемі 
бойынша 
– 
нормоциттік 
анемияға жатады. 
Созылмалы постгеморрагиялық анемия
кейбір (асқазан 
ойық 
жарасы, 
жатыр 
фибромасы, 
дисменоррея, 
көтеу 
(геморрой) т. б.) дерттердің нәтижесінде қан тамырлары 
бүлінуінен және тромбоциттік-қан тамырлық, коагуляциялық 
гемостаздың бұзылыстарынан болатын жиі қан кетулерден 
кейін дамиды, Жиі қайталанган қан кетулер кезінде темір 
иондарының 
жоғалуы 
гипохромдық 
және 
микроциттік 
теміртапшылықты анемия дамуына әкеледі. Қан жағындыларын 
зерттегенде 
анизо- 
және 
пойкилоцитоз, 
анизохромия, 
микроциттер байқалады. Қан өндірілу тежелгенде бұл анемия 
гипорегенерациялық немесе арегенерациялық (аплазиялық) 
анемияға 
ауысады. 
Бұл 
кезде 
қанда 
эритроциттердің 
дегенерациялық 
өзгерген 
түрлері 
артады 
(гипохромия, 
анизопойкилоцитоз), эритроциттердің жетілмеген жас түрлері 
азаяды немесе толық жоғалып кетеді (толығырақ темір 
тапшылықты анемияны қараңыз). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет