Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет350/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

сапалық 
өзгерістерімен 
қабаттасатын, мөлшері азаюын айтады.
Кейде эритроциттердің 
саны азаймауы мүмкін (мәселен, теміртапшылықты анемия
талассемия). 
Анемия дамуына әкелетін себепкер ықпалдар болып:
● әртүрлі дерттер мен уланулар 
● қан өндірілуіне қажетті заттардың жеткіліксіздігі 
● сүйек кемігінің гипоплазиясы 
● эритроциттердің гемолизі 
● қанкетулер - есептеледі. 
Анемия кезінде қанның тыныстық қызметінің бұзылуы 
нәтижесінде оттегінің жеткіліксіздігі дамиды, ентігу, 
жүрек 
қағу 
байқалады 
Бұл 
кезде 
эритроциттер 
мен 
гемоглобиннің 
деңгейі 
ғана 
азаймай, 
қандағы 
қызыл 
түйіршіктердің жетілу дәрежесіне, мөлшеріне, пішініне
боялуына, құрылымына және биохимиялық қасиеттеріне қарай 
сапалық өзгерістері де болады (эритроциттердің сапалық 
өзгерістерін қараңыз). 
Анемиялардың жіктелу негіздері.
Олардың пайда болу 
себептеріне қарай

● тұқым қуалайтын; 
● жүре пайда болған – деп ажыратады. 
Даму патогенезі бойынша

● 
қансыраудан 
болатын 
немесе 
постгеморрагиялық 


417
анемиялар; 
● қан ыдырауы артуынан болатын немесе гемолиздік 
анемиялар; 
● 
қан 
өндірілуі 
бұзылыстарынан 
болатын 
немесе 
дизэритропоездік анемиялар – деп бөледі. 
Сүйек кемігінде қан өндірілу түріне қарай: 
● эритробластық немесе нормобластық; 
● мегалобластық анемияларды ажыратады. 
Сүйек кемігі қызметінің, анемияға жауап ретінде
қалпына келу қабілетіне қарай: 
● регенерациялық (сүйек кемігінің қызметі жеткілікті) 
● гипорегенерациялық (сүйек кемігі қызметінің қалпына 
келуі төмендеген) 
● гипоплазиялық немесе аплазиялық (сүйек кемігі 
қызметі тым қатты азайған немесе жоғалған) - анемиялар 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет