Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет348/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Эритроцитоздар
Эритроцитоздар 
әртүрлі 
аурулардың 
клиникалық 
әйгіленімі болып есептеледі. Бұл кезде қанда олардын саны 
5х10
12
/л-ден артық көбейеді. Эритроцитоздардың 
нағыз 
(шынайы) және салыстырмалы түрлерін ажыратады. 
Нағыз 
эритроцитоз - сүйек кемігінде өңдірілуі артуына байланысты 
эритроциттердің шынайы санының қалыптан тыс көбеюімен 
сипатталады.
Бұл эритроцитоз организмнің гипоксиялық 
жағдайларында 
байқалады. 
Мәселен: 
өкпе 
ауруларында 
(пневмосклероз, жел өкпе, броноэктазиялық ауру, өкпенің 
фиброзды туберкулезі, силикоз, демікпе т. б.), әртүрлі 
журек 
аурулары 
мен 
қанайналым 
жеткіліксіздігінде, 
атмосфералық ауада оттегінің азайғанында, таулы жердің 
тұрғындарында т. б. Бұл эритроцитозды 
гипоксиялық 
немесе 
гипоксияға икемделістік
эритроцитоз деп атайды. Гипоксия 
эритропоетиннің өндірілуін арттырады. Ол бүйрек нефрон 
өзекшелерінің жанындағы эндотелий жасушаларында және 
гепатоциттерде 
өндіріледі. 
Эритропоетиннің 
әсерімен 
эритроциттерді өндіретін жасушалардың көбеюі, жетілуі және 
гемоглобинге қанығуы күшейеді. Нағыз эритроцитоздар бүйрек 
аурулары (гипернефрома, гидронефроз, бүйрек туберкулезі т. 
б.), 
ми 
мен мишық 
өспелері, гипофиз 
өспелерінде, 
гипертиреоз т. б. дерттер кездерінде болуы мүмкін. Нағыз 
эритроцитоздардың пайда болуында эритропоездың гормондық 
және жүйкелік реттелуінің бұзылыстары маңызды орын алады. 
Бүйрек өспелері эритропоетинді артық өндіреді. 
Салыстырмалы эритроцитоз - қан сұйығының азаюынан оның 
белгілі бір көлемінде эритроциттер мен гемоглобиннің 
көбеюі.
Бұл кезде олардың шынайы саны өзгермейді. 
Салыстырмалы эритроцитоз организмнің сусыздануы кезінде 
қанның қоюлануынан немесе қанайналымға эритроциттердің 
қорларынан түсуінен пайда болады. Қанның қоюлануы қатты 
терлегенде, іш өткенде, көп құсқанда, дене күйгенде, 
ішектің жоғары бөліктері бітелгенде, шоқтық жағдайларда, 
диабеттік ацидозда, панкреатит, перитонит кездерінде, өкпе 
ісінуінде т. б. жағдайларда байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет