Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Түстік көрсеткіпгі бойынша



Pdf көрінісі
бет351/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Түстік көрсеткіпгі бойынша: 
● 
гипохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-ден төмен); 
● нормохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-1,0); 
● гиперхромдық (түстік көрсеткіші бірден жоғары) 
анемиялар - болып бөлінеді.
Эритроциттердің орташа диаметрі бойынша

● микроциттік (7,2 мкм-ден кішкене); 
● нормоциттік (7,2—8,0 мкм); 
● макроциттік (8,1-9,5 мкм);
● мегалоциттік (10-12 мкм-ден үлкен) - анемияларды 
ажыратады. 
Даму жылдамдығы бойынша

● жіті; 
● созылмалы – анемиялар дейді. 
Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар.
Бұл анемиялар тез және созылмалы қансыраулардан 
дамиды. 
Соған 
байланысты 
жіті 
және 
созылмалы 
постгеморрагиялық анемиялар болып бөлінеді. 
Жіті постгеморрагиялық анемия
ірі тамыр жарақатынан 
көп мөлшерде тез қансыраудан дамиды. Ол үш сатыда өтеді: 
бастапқы 
жасырын сатысы
қансыраудан кейінгі бірінші 
тәулікте байқалады. Бұл кезде шеткері қанда эритроциттер 
мен гемоглобиннің шамамен бірдей азаюы болады, қарапайым 
гиповолемия дамиды. Содан қанның белгілі көлемінде 
гемоглобин мен эритроциттердің мөлшері және түстік 
көрсеткіш пен гематокриттік көрсеткіш қалыпты деңгейде 
сақталады. Сол себепті бұл сатысында анемия нормохромдық 
болады; 
● қансыраудан кейін 2-3 тәуліктен соң тін аралық 
сұйықтың тамыр ішіне ауысуына байланысты қан сұйығының 


418
мөлшері 
біршама 
артады, 
гематокриттік 
көрсеткіш 
төмендейді. Содан қан сұйылады. Бұл сатыны 
гидремиялық 
сатысы
деп атайды. Бұл кезде қанның белгілі көлемінде 
гемоглобин 
мен 
эритроциттердің 
мөлшері 
азаяды, 
олигоцитемиялық гиповолемия немесе нормоволемия байқалады. 
Түстік көрсеткіш қалыпты мөлшерде сақталып, нормохромдық 
анемия дамиды. 
● қансыраудан кейін 4-5 тәуліктен соң эритроциттердің 
өндірілуі арта бастайды. Бұл сатыны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет