Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Эндокриндік жүйенің өспе дамуындағы маңызы



Pdf көрінісі
бет331/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Эндокриндік жүйенің өспе дамуындағы маңызы.
Өспенің дамуы эндокриндік жүйенің жағдайымен тығыз 
байланысты. 
Эндокриндік 
жүйенің 
онкогенезде 
қатысу 
дәрежесіне байланысты дисгормондық және эндокриндік емес 
өспелер болып бөлінеді. Дисгормондық өспелердің дамуында 
организмнің гормондық жағдайының бұзылуы маңызды орын 
алады. Бұл өспелерге гормондардың артық түзілуінен пайда 
болатын нысана ағзаларда (жатыр, сүт безі, қуық асты безі) 
дамитын өспелер және эндокриндік жүйенің кері байланыстары 
бұзылуынан бездердің өздерінде дамитын өспелер жатады. 
Өспелердің, соның ішінде сүт бездері мен жатырдың өспелері 
дамуында организмде эстрогендердің артық өндірілуі немесе 
сырттан 
көп 
енгізілуі 
маңызды. 
Эстрогендердің 
канцерогендік әсері негізінде олардың нысана ағзалар 
жасушаларының өсіп-өнуін, көбеюін сергітетін әдеттегі 
қабілеті жатады. Фолликулды жетілдіретін гормонда (ФЖГ) 
сүт бездерінде өспе дамуына әкеледі. Ол: біріншіден, 
эстрогендер өндірілуін арттырады, екіншіден, сүт бездеріне 
тікелей әсер етеді. Кексе әйелдерде климакс дамуына 
байланысты жыныс гормондары түзілуін реттеуді қамтамасыз 
ететін эндокриндік жүйе (гипоталамус - аденогипофиз) ұдайы 
жоғары қызмет атқарады. Осының нәтижесінде гонадотропты 
гормондардың артық түзілуі әйелдердің жыныс бездерінде 
жетілмеген стероидтардың көптеп түзілуіне әкеледі. Олар 
гормондық қасиетін жоғалтады, бірақ жасушалардың өсіп-


393
өнуін арттыратын қабілетін сақтап қалады. 
Өспе дамуына жыныстық бездерден басқа бездер де әсер 
етеді. Қалқанша бездердің гормондары организмде өспе 
дамуын бөгейді. Бірақ олар сүт бездерінің обыры мен 
хорионэпителиома 
дамуын 
арттыруы 
мүмкін. 
Гипотиреоз 
кезінде өспе жиі дамиды. Басқа бездердің өспе дамуындағы 
орны аз зерттелген. Бұл сүрақ бойынша зерттеулердің 
нәтижелері қарама-қайшы болып келеді. Глюкокортикоидтық 
гормондар химиялық канцерогенезге әлсіретуші әсер етеді
бірақ дамып келе жатқан өспелердің метастаза таратуын, 
оның өсу жылдамдығын күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет