Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Өспе дамуындағы биологиялық ықпалдардың маңызы



Pdf көрінісі
бет329/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Өспе дамуындағы биологиялық ықпалдардың маңызы.
1908-1911 жылдары Раус тауық саркомасының жасушасыз 
сүзіндісін сау тауықтарға енгізу арқылы осы өспенің 
дамитынын көрсетті. 1933 ж. Шоуп қоянға өспеден алынған 
осындай сүзіндіні енгізіп, онда папиллома өспесін алды. 
1934 ж. Биттнер сүт безі обырымен сырқаттанатын ақ 
тышқандарда 
«сүт 
факторы» 
болатынын 
анықтады. 
Ақ 
тышқандардың ішінде бұл обырмен жиі және сирек ауыратын 
таза тектік тұқымдары болады. Егер сирек ауыратын 
тышқандардың төлдерін туа сала жиі ауыратын тышқандардың 
сүтімен қоректендірсе, онда оларда сүт безі обырының пайда 
болуы әжептәуір жиілейді. Жиі ауыратын тышқандардың жаңа 
туған төлдерін сирек ауыратын тышқандардың сүтімен 
қоректендірсе сүт безі обырымен олардың ауыруы сирейтіні 
көрсетілді. Кейінірек «сүт факторының» негізінде вирус 
жататыны дәлелденді және оны Биттнер вирусы дейді. 
Қазіргі күні жануарлардың кейбір өспелері вирустардың 
әсерлерінен 
дамитыны 
ешқандай 
күмән 
келтірмейді. 
Егеуқүйрықтар мен тышқандардың лейкозы, қоян, ит, сыйыр 
папилломалары, тауық саркомасы, бақаның бүйрек обыры т. б. 
өспелердің этиологиясында вирустардың маңызы дәлелденген. 
Жануарларда өспе туындататын вирустардың 40-астам түрлері 
белгілі. Бұл вирустар РНҚ-нан және ДНҚ-нан тұратын болып 
бөлінеді. 
.РНҚ-нан тұратын өспе туындататын вирус онкорнавирус 
(грек. оnсоs - өспе, ағылш. RNA - РНҚ) немесе 
ретровирустар (лат. геtго - кері бағытта) деп аталады. Бұл 
вирустарда кері транскриптаза (ревертаза) немесе РНҚ-
тәуелді ДНҚ полимераза деген фермент болады. Осы 
ферменттің 
қатысуымен 
гендік 
ақпарат 
вирустың 
РНҚ 
молекуласынан жасушаның ДНҚ молекуласына жазылады.
РНҚ-нан тұратын вирустардың әсерлерінен: 
● тауықтардағы Раус саркомасы; 
● тышқандар мен тауықтардың лейкозы; 
● тышқандарда сүт безінің обыры; 
● адамда Т-жасушалы лейкоз т. б. дамиды. Ересек 


390
адамдарда Т-жасушалық лимфолейкоз вирустың ықпалынан 
туындайды. Бұл вирусты HTLV-1 (human Т-leukemia virus

адамның Т-лейкозының вирусы) деп атайды. Т-жасушалық 
лимфолейкозбен ауырған адамдардың қанында осы вирусқа 
қарсы 
антиденелердің 
болуы 
көрсетілген 
пікірдің 
дұрыстығын дәлелдейді. 
ДНҚ-нан 
тұратын 
өспе 
туындататын 
вирустар 
ДНҚ-
онковирустар деп аталады. Бұл вирустардың әсерлерінен: 
● қояндарда Шоуп папилломасы; 
● тышқандардың полиомасы; 
● маймылдардың көпіршікті өспесі; Бұл үш түрлі 
өспелердің 
вирустары 
Папова 
(папилома, 
полиома, 
вакуольдейтін вирустар деген атаусөздерден алынған термин) 
тобына жатқызылатын вирустар делінеді.
адамдарда папиллома, кандилома, Беркитт лимфомасы 
● В-гепатитінің вирусы, әсіресе афлотоксинмен бірігіп, 
әсер еткенде бауыр карциномасы т.с.с. дамиды. 
Адамда кездесетін герпесвирустар (герпес - ұшық) ДНҚ-
онковирустарға жатады. Олардың ішінде Эпштейн-Барр вирусы 
(ЭБВ) сау адамдардың жұтқыншақ-көмейлерінің шайындысында 
жиі кездеседі. 70-80% адамдардың қанында бұл вирусқа қарсы 
антиденелер анықталады. Адамның В-лимфоциттерінің сыртқы 
беттерінде 
Эпштейн-Барр 
вирусын 
байланыстыратын 
рецепторлар 
бар. 
Осы 
байланыстың 
нәтижесінде 
В-
лимфоциттерінің жас лимфобластық түріне айналуы және 
инфекциялық мононуклеоз дамуы мүмкін. Орталық Африка 
мемлекеттері тұрғындарының балаларында Беркитт лимфо-масы 
жиі дамиды. Бұл өспеден ЭБВ бөлініп алынады және ол 
организмнен тыс жағдайларда сау жасушаны өспе жасушасына 
айналдыратыны дәлелденген. 
Қарапайым герпесвирустыи 2-түрі жыныстық қатынастармен 
беріледі және әйелдердің жатыр ернеуінде обыр дамуын 
туындатуы мүмкін. 
Герпесвирустардың тағы бір түрі цитомегаловирус кең 
тараған жұқпа. Соған қарамай ол қалыпты жағдайда ауру 
туындатпайды. Бірақ, организмде иммундық тапшылықты жағдай 
дамыса, көптеген ағзалардың бүліністеріне әкеліп, Капоши 
саркомасы дамуына себеп болады. 
Вирустардың 
дерттілік 
күші 
бір 
жағынан 
олардың 
штаммасына, мөлшеріне, организмге ену жолына, екінші 
жағынан қабылдайтын организмнің (реципиенттің) жасына, 
тектік, 
иммундық, 
гормондық 
т.с.с. 
жағдайларына 
байланысты 
болады. 
Мәселен, 
құстардың 
эритробластоз 
вирусын көктамырға енгізгенде лейкоз дамуына әкелсе, тері 
астына енгізгенде саркома дамытады. Раус вирусы тауық 
балапандарында тез өсетін, метастаза тарататын саркома, 


391
ал кәрі тауықтарда баяу өсетін өспелерді туындатады. 
Өспе туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді: 
● бірінші сатысында жасуша ішіне еніп, онда ДНҚ 
молекуласымен 
бірігіп 
кетеді 
де, 
жасушаның 
тектік 
ақпаратын өзгертеді; 
● екінші сатысында өзгерген тектік ақпарат бойынша 
онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады; 
● үшінші сатысында онконәруыздар жасушаның шексіз 
бөлініп көбеюін арттырып, өспе жасушасына айналдырады. 
Өспе 
өсуіне 
әкелетін 
биологиялық 
факторларға, 
келтірілген 
вирустармен 
қатар, 
He-licobacter 
Pylori 
бактериясын жатқызуға болады. 
Осы көрсетілгендермен бірге өспе өсуіне әкелетін 
көптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға: 
● зиянды әдеттер: 
♣ темекі шегу; 
♣ маскүнемдік; 
♣ насыбай ату; 
♣ 
бейберекет 
жыныстық 
қатынастарда 
болу 
(промискуитет); 
● тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу, ысталған 
тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған 
май қышқылдары жетіспеуі т.т.); 
● қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш 
сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады. 
Өспенің пайда болуы немесе болмауы көпшілік жағдайда 
организмнің, 
ең 
алдымен 
реттеуші 
жүйелерінің 
жағдайларымен, оның даралық реактивтілігімен өте тагыз 
байланысты. 
Өспе 
дамуында 
жүйкелік-эндокриндік 
және 
иммундық жүйелердің маңызы өте үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет