Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Өспе дамуындағы физикалық ыкпалдардың маңызы



Pdf көрінісі
бет328/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Өспе дамуындағы физикалық ыкпалдардың маңызы.
Бұларға әртүрлі иондағыш сәулелердің түрлері және 
ультракүлгін сәулелер жатады. Иондағыш сәулелердің барлық 
түрлері 
(рентген 
сәулелері, 
α-, 
β-, 
γ-сәулелері, 
нейтрондар мен протондар) канцерогендік әсер ете алады. 
1895 жылы рентген сәулелері ашылғаннан кейін 1909 жылы ең 
алғаш радиацияның өспе туындату мүмкіншіліктері туралы 
пікір айтылды. Рентгенологтарда тері обыры мен сүйек 
саркомасы дамуының мүмкіншіліктері байқалды. Рентген 
сәулелерімен 
жануарларды 
(тышқан, 
ит 
т. 
б.) 
сәулелендіргенде лейкоздар және әртүрлі өспелер дамиды. 
Адамдарда рентген сәулелерімен жалпы сәулелендірудің 
нәтижесінде 
өспе 
мен 
лейкоздардың 
дамуы 
жиілейді. 
Хиросима, Нагасаки қалаларында 1945 жылы АҚШ атом бомбасын 
жарғаннан кейін, Семей полигонында 1949 жылдан бастап атом 
бомбасрн сынаулардан соң бұл аймақтардың тұрғындарының 
арасында лейкоз дерті мен өспелер жиі кездесетін 
болды.Ультракулгін 
сәулелердің 
канцерогендік 
әсері 
егеуқұйрықтар мен ақ тышқандарда дәлелденді. 
Әртүрлі радийбелсенді изотоптар организмге түскенде, 
олардың түсу жолдарына және жиналып тұрақтануына қарай, 
әртүрлі ағзаларда өспе дамуын шақырады. Олар ауыз арқылы 
түскенде ас қорыту ағзаларының өспесін, тері астына 
енгізгенде - саркома, тері обырын, тыныс жолдары арқылы 
түскенде өкпе өспелерін шақыруы мүмкін. 
90 
Sr сүйекте 
жиналатын болғандықтан остеосаркома, 
131
J - қалқанша бездің 


389
өспесін туындатады. 
Радийбелсенді сәулелер өспе дамуына: 
● еркін радикалды тотығуды арттырып, пайда болған бос 
радикалдармен (О

, ОН 
• 
т.б.) жасушалардың ДНҚ молекуласын 
бүліндіру және оның репарациясын бұзу; 
● организмнің иммунитетін әлсіретіп, өспе туындататын 
вирустардың белсенділігін арттыру; 
● гендердің мутациясын туындату; 
● хромосомаларды ауытқуларын туындату – жолдарымен 
әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет