395
деректер өспенің пайда болуында және дамуында тұқым
қуалаушылықтың белгілі маңызы бар екендігін көрсетеді.
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша жыныстық жасушалар
арқылы
ұрпаққа
өспе
дамуына
90-95%
жағдайларда
бейімділіктің
гені
беріледі.
Тұқым
қуалау
бойынша
канцерогендердің әсерлеріне өспе дамуымен жауап қайтаратын
организм реактивтілігінің ерекшелігі берілуі мүмкін. Бұл
кездерде
организмде
ДНҚ
молекуласының
репарациялық
ауытқулары, иммундық, жүйкелік және эндокриндік жүйелердің
ерекшеліктері өспе дамуына бейімдеуі ықтимал. Ал 5-10 %
өспелердің ұрпақтан ұрпаққа тікелей тарауы, бүгінгі күні
дәлелденген. Мәселен, ретинобластома Rb-генінің жоғалып
кетуінен, тоғышектің полипозы Эй-Пи-Си генінің болмауынан,
нейрофиброматоз
NF-генінің
делециясынан,
пигменттік
ксеродерма
ДНҚ
молекуласының
репарациялық
гендері
болмауынан дамиды. Сондай-ақ, ата-аналарынан ұрпаққа өспе
дамуына қарсы жоғары төзімділік немесе тұрақтылық та
берілуі мүмкін.
Сыртқы
орта
ықпалдары
мен
организмнің
даралық
реактивтілігі өспелердің пайда болуын тездетуі немесе
баяулатуы мүмкін.
Сонымен, өспелердің этиологиясы себепкер ықпалдармен,
олардың
макрорганизммен
арақатынасымен
және
өзара
әсерлерімен байланысты. Өспе даму үшін көптеген ықпалдар
бірігіп әсер өтуі мүмкін. Өспе дамуы өзгеріп тұратын
динамикалық үрдіс болғандықтан, ол кездегі себеп-салдарлық
арақатынастардың үдайы өзгеріп тұруы маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: