394
тәуелді
жасушалардың
{К-жасуша)
қатысуымен
болатын
цитотоксиндік әсер өспе жасушаларын ыдыратады (14-сурет).
Организмде өспе өсуі иммунитеттің әлсіреуінен болады.
Өспе туындататын көптеген химиялық, физикалық (иондағыш
сәулелер) ықпалдардың әсерлеріңен немесе жастың ұлғаюына
байланысты иммундық жүйенің тежелуі (депрессиясы) болатыны
белгілі. Сонымен бірге өсіп келе жатқан өспе жасушалары
иммундық тежегіш әсер етеді деген пікір бар. Бұл пікірді
жақтаушылар, өспе жасушаларында және басқа тіндерде
иммундық тежегіш ретінде әсер ететін заттар өндіріледі деп
болжайды.
Бұл
заттарға
шағын
молеку-лалық
өнімдер
(қанықпаған май қышқылдары, олигопептидтер), протеазалар,
ұрықтық антигендер (α-фетопротеин, трофобластық глобулин)
полиаминдер,
Т-
және
В-лимфоциттердің
супрессорлық
факторлары, глюкокортикоидтар т. б. жатады.
Өспеге
организмнің
иммундық
жауабы
әлсіреуінде
супрессор жасушаларға маңызды мән беріледі. Өспе өсуі
кезінде
Т-және
В-супрессор
жасушаларының
әсерлілігі
күшейеді. Олар хелпер жасушаларына қарағанда антигенге
өте
сезімтал
болады.
Сондықтан,
антигеннің
шамалы
мөлшеріне супрессорлардың белсенділігі артады, жәрдемші
(хелпер) жасушалардың белсенділігі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: