Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет334/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Өспе өсу патогенезі. 
Өспе өсу патогенезі осы күнге дейін ең бір күрделі 
және әлі толық шешілмеген мәселе. Дегенмен, соңғы жылдары 
өспе өсу патогенезі әжептәуір зерттелді. Әсіресе қальшты 
жасушалардың өспе жасушасына айналуының бастапқы және 
шешуші сатылары анықтала түсгі. Ол жасушалардың өсуін, 
көбеюін және жетілуін қадағалайтын гендердің тұрақты 
өзгерістерінен 
болатыны 
күмән 
шақырмайды.Өспе 
өсу 
патогенезінде үш кезеңді ажыратуға болады: 
● сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, трансформация 
немесе бастама (инициация) кезеңі деп аталады; 
● өспе жасушаларының әсерленіп, қарқынды өсіп-өніп, 
көбеюі және алғашқы өспе түйінінің пайда болуы, промоция 
кезеңі делінеді; 
● өспе жасушаларының тұрақты сапалық өзгерістерін және 
қатерлі қасиеттер қабылдауын, немесе өспе өсуінің үдеуін
(өршуін), прогрессия кезеңі дейді. 
Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы 
мына себептерден 
болуы мүмкін: 


396
♣ 
протоонкогендердің 
белсенді 
онкогендерге 
айналуынан; оны онкогеннің әсерленуі деп те атайды; 
♣ жасушалардың өсіп-өнуін, бөлініп көбеюін тежейтін 
нәруыздардың түзілуін қадағалайтын тежегіш (супрессор) 
гендердің белсенділігі жоғалуынан немесе тым қатты азайып 
кетуінен; 
♣ жасушалардың тектік ақпарат бойынша өздерінің 
тіршілігін 
жоғалтуының 
немесе 
апоптоз 
дамуының 
бұзылыстарынан; 
♣ жасушалардың ДНҚ молекуласының бүлінген жерлерінің 
қалпына 
келу 
(репарациялық) 
мүмкіншіліктерінің 
бұзылыстарынан. 
Протоонкогендердің белсенді онкогендерге айналуы. 
Бүгінгі күні, жасушалардың өсіп-өнуін қадағалайтын, 
50-ден астам протоонкогендер болатыны белгілі. Олар 
жарақаттардан 
немесе 
қабынудан 
кейінгі 
бүлінген 
жасушалардың орнын толтырып тұру үшін сау жасушалардың 
өсіп-өнуін 
арттырады. 
Протоонкогендерді 
тәжірибелік 
жануарларда болатын өспелердің ағылшынша атауларының 
бастапқы әріптерімен белгілейді. Мәселен, протоонкоген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет