397
● ДНҚ молекуласының бөлікшелеріне көрші орналасқан
гендерді әсерлендіретін күшейткіш (промотор) (мәселен,
өспе туындататын вирустың гені) қосылып кетуінен
протоонкоген белсенді онкогенге айналады.
Осыдан жасушаның бөлініп көбеюі артып кетеді. Мәселен,
қалыптыдан ауытқыған эпидермистің өсу факторының рецепторы
ұдайы белсенді жағдайда болады да, жасушалардың бөлінуін
арттыратын жалған хабар жеткізіп тұрады. Қалыптыдан
ауытқыған G-нәруыздар ГТФ молекуласын ыдырату қабылетінен
айырылады да, бұл молекула жасуша бөлінуін ұдайы сергітіп
тұрады. Жасуша ядросында транскрипциялық факторлар көбейіп
немесе олардың белсенділігі артып кетуінен жасушалардың
бөлінуін
сергітетін
гендердің
өршіп
кетуі
болады.
Онкогендердің
қадағалауымен
жасушалардың
өсіп-өнуін
арттыратын
онконәруыздар
түзіле
бастайды.
Осылардың
нәтижесінде жасушалар бақылаусыз өсіп-өніп кетеді. Бұндай
жағдай организмнен аластанған тіндерді жасанды жағдайда
өсіргенде айқын байқалады. Ал, тұтас организмде өспе даму
үшін тек бір немесе екі онкогеннің әсерленуі әлі
жеткіліксіз болады. Өйткені қалыпты жағдайда жасушалардың
бөлініп көбеюін тежейтін нәруыздар бөгеп тұрады. Олардың
түзілуін қадағайтын гендерді тежегіш (супрессор) гендер
дейді. Тұтас организмде өспе өсуі үшін осы гендердің
белсенділігі жоғалып немесе тым қатты азайып кетуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: