407
Қансырау
Қансырау -
қанаудан болатын айналымдағы қан көлемінің
азаюына және қанның тасымалдық қызметінің төмендеуіне
байланысты,
гипоксияға
бейімделу
реакцияларымен
сипатталатын, күрделі дерттік үрдіс.
Бұл кезде, қанның оттегін
тасымалдауы бұзылуымен
қатар, қоректік заттарды ағзаларға, зат алмасу өнімдерін
ағзалардан сыртқа тасымалдауы бұзылған. Сол себептен
қансырау жәй анемияға қарағанда өте күрделі де, ауыр
өтеді. Себебі:
айналымдағы қан көлемі азаюдан, ағзалардың
қызмет
атқаруына
қажетті
қоректік
(глюкоза,
амин
қышқылдары, май қышқылдары) заттардың жеткізілуі және
олардан
зат
алмасудың
қышқыл
өнімдерінің
сыртқа
шығарылуының бұзылыстары ауыр гипоксиямен қабаттасады.
Этиологиясы
. Қансырау мына себептерден болуы мүмкін:
●
жарақаттанудан
немесе
дерттік
үрдістерден
(атеросклероз,
өспе,
туберкулез)
тамырдың
тұтаетығы
бұзылуынан;
● тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауынан
(жіті сәулелік ауру);
● қан ұю үрдісінің бұзылыстарынан (қанағыштыққа
бейімдік, гемофилия т.б.).
Патогенезі.
Қансыраудың
өтуі мен салдарлары онын
жылдамдығынан, мөлшерінен, бүлінген тамырдың түрінен,
организмнің икемделістік мүмкіншіліктерінен және олардың
қосылу жылдамдығынан,
организмнің жынысы мен жасынан, қан
кетуге дейінгі және сонымен қатар болған жағдайларынан
(суық тию, жарақаттану, жүрек аурулары, наркоз) байланысты
408
болады. Адамның өміріне 50% қан кету қатерлі, 60%-дан көп
қан кеткенде адам мүлде көз жұмады.
Қансырау кезін шартты түрде үш сатыға ажыратады:
●
бастапқы сатысы;
● икемделістік сатысы;
● ақтық сатысы.
Достарыңызбен бөлісу: