402
Обыр алды жағдайлардың мүндай ұлғаю тізбегі тек
тәжірибеде алынган өспелерге тән. Ал клиникада бұл
сатылар сирек байқалады.
Кең тараған обыр алды жағдайлардың бірі болып
асқазанның қажалған ойық жарасы есептеледі. Бұл
асқазанның шырышты қабығының ақауы созылмалы ұзақ мерзімді
қабынумен
сипатталады,
оның
шеттері
атрофиялық,
дистрофиялық және пролиферациялық өзгерген жасушалармен
қапталған және сыртқы бейнесімен қажалған жерге ұқсайды.
Обыр алды жағдайға жатыр ернеуінің жалақ жарасы
(эрозиясы) немесе оның шырышты қабығындағы ақауы жатады.
Бұлда ұзақ мерзімді қабынудан тіннің атрофиясымен және
айналасындағы эпителий жасушаларының пролиферациясымен
сипатталады. Бұл жара тез арада ұқыпты емдеуді қажет
етеді. Өйткені ол жиі қатерлі өспеге айналады.
Обыр алды жағдайлардың ең жиі тараған түрі кистоздық-
фиброздық мастопатия - сүт безінің ауруы. Бұл ауру кезінде
бездік тіндер ошақталып ұлғаяды, тығыз фиброзды қапшықпен
қапталған қуыстар қалыптасады. Ол сүт безінің обырына жиі
ауысады.
Кең тараған обыр алды жағдайлар болып қатерсіз өспелер
саналады. Мәселен, папилломалар обырға, жатырдың миомасы
қатерлі өспеге, қалдар мен меңдер - қатерлі меланомаға
ауысуы мүмкін.
Ө
Достарыңызбен бөлісу: