Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


спе өсуінен сақтандыру және оны емдеу тәсілдерінің



Pdf көрінісі
бет341/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

спе өсуінен сақтандыру және оны емдеу тәсілдерінің 
патофизиялогиялық негіздері.
Өспе өсуінен алдын-ала сақтандыру обыр алды және 
дисгормондық жағдайларды ерте анықтап емдеуге негізделеді. 
Сонымен бірге қоршаған ортаның тазалығы үшін және әртүрлі 
зиянды әдеттермен күресуді қажет етеді. 
Емдеу тәсілдерінің жалпы негіздері төмендегілерге 
бағытталған: 
● хирургиялық емдеу - өспені сау тіннің көлемінде дер 
Жайылмалы әркелкі гиперплазия дамуы 
Қатерсіз өспе дамуы 
Жасушалардың ошақталып өсіп-өнуі 
Қатерлі өспеге айналуы 
Себепкер химиялық, физикалық, биологиялық ықпалдар 


403
кезінде отап тастау 
● химиотерапия үшін жасушалардың өсіп-өнуін тежейтін 
дәрі-дәрмектер қолдану 
● өспе жасушаларының өсіп-өнуін тежеу мақсатында 
иондағыш сәулелерді қолдану 
● организмнің қорғаныстық күштерін көтермелеу және 
жетілдіру. Ол үшін еркін радикалды тотығуды тежейтін 
антиоксиданттар, өспе өсуін туындататын вирустарға қарсы 
интерферондар, иммундық жүйені қалпьша келтіретін дәрі-
дәрмектер, зат алмасудың бұзылысгарын жөнге келтіретін 
витаминдер т.с.с. заттар қолданылулары керек. 
Қан жүйесінің патофизиологиясы 
Қан түйіршіктері сүйек кемігінде өндіріледі. Оны 
гемопоэз дейді. Қан өндіретін сүйектің қызыл кемігі төс, 
қабырғалар, омыртқалар мен жамбас сүйектерінде орналасқан. 
Ал, жіліншіктердің ішінде, жас кезден бастап, қызыл 
кеміктің орнына май жиналады. Сүйек кемігінде барлық қан 
түйіршіктеріне аналық жасуша болатын, «бағаналық» деп 
аталатын жасушалар болады. Бұл жасушалардың өсіп-өну 
қабілеті өте жоғары болады. Содан олар ұдайы дамып, 
бөлініп көбейіп тұрады. Осының нәтижесінде орта есеппен 
тәулігіне тіршілігін жоғалтқан 1•10
11 
қан түйіршіктерінің 
орны 
толтырылады. 
Осылай 
тіршілігін 
жойған 
қан 
түйіршіктері 
мен 
жаңадан 
өндірілген 
түйіршіктердің 
арасында 
қатаң 
тепе-теңдік 
сақталып 
тұрады. 
Сүйек 
кемігінде бағаналы жасуша миелопоэздік және лимфопоэздік 
аналық жасушаларға айналады. Миелопоэздік аналық жасуша 
колония 
құратын 
бірліктерге 
айналып, 
ары 
қарай 
эритроциттердің, 
нейтрофилдердің, 
тромбоциттердің, 
эозинофилдер мен базофилдердің, моноциттердің өндірілуіне 
әкеледі. Лимфопоэздік аналық жасушадан Т- және В-
лимфоциттері өндіріледі (қан өндірілу кестесін қараңыз). 
Бағаналық 
жасушалардың 
өсіп-өнуі, 
жетілуі 
және 
нақтылануы олардың айналасында орналасқан жасушалардың 
реттеуші әсерлерінен байланысты болады. Бұл жасушаларға, 
сүйек жасушаларынан басқа, лифоидтық т.б. жасушалар және 
макрофагтар жатады. Оларды тіректік (стромалық) жасушалар 
дейді. Бұлар қан түйіршіктері өндірілуіне қажетті, суда 
жақсы 
еритін, 
гемопоэздің 
өсу 
факторларын 
өндіріп 
шығарады. Олар көмірсулары мен нәруыздардан тұратын 
болғандықтан гликопротеидтік гормондар делінеді. Бұл 
гормондар барлық қан өндіретін жасушалардың тіршілік 
етуіне, бөлініп көбеюіне, дамуына, нақтылануына және 
олардың өздеріне тән міндеттемелерін атқарулары үшін өте 


404
қажет.
Гемопоэздік 
өсу 
факторларына 
колония 
құрылуын 
сергітетін факторлар (КҚСФ), интерлейкин-6, гранулоциттік-
макрофагтық КҚСФ, бағаналы жасуша факторы (БЖФ) жатады. 
Бұлар қан сұйығындағы нәруыздардың әсерлерінен сүйек 
кемігінде аз-аздап, ұдайы шығарылып тұрады. Сондықтан қан 
түйіршіктерінің саны шеткері қанда қалыпты мөлшерде 
ұсталады. Ал енді организмге бір жұқпа енетін болса, онда 
бактериялар 
мен 
вирустардың 
өнімдері 
моноциттердің 
белсенділігін көтеріп, олардан интерлейкин-1, өспелерді 
жоятын α-фактор өндірілуін арттырады. Бұлар өз алдына 
сүйек кемігінде фибробластар мен эндотелий жасушаларында 
әртүрлі колония құрылуын сергітетін факторлардың өндіріліп 
шығарылуын күшейтеді. Осы гемопоэздік өсу факторлары 
нейтрофилдердің, моноциттердің, плазмалық жасушалардың 
пысып жетілуін тездетіп, шеткері қанда олардың көбеюіне 
әкеледі. 
Қан жүйесіндегі дерттердің түрі, оның этиологиясы мен 
даму жолдарының (патогенезінің) ерекшеліктері осы жүйенің 
келесі функциялық, морфологиялық және реттелу қасиеттеріне 
байланысты болады: 
● организмде өндірілген қан жасушалары ұдайы жаңарып 
тұруы қажет. Мәселен, эритроцитгердің тіршілігі 110-130 
тәулік болса, лейкоциттер 2-3 аптадан кейін тіршілігін 
жояды. Олардың орны толтырылып тұрады. Ол үшін сүйек 
кемігі тәулігіне 200-250 млрд қан жасушаларын өндіреді. 
Сонымен қан өндіру ағзалары ұдайы қызмет атқарып тұрады. 
Осыған байланысты қан жасушаларын өндіру үшін организмге 
көптеген (нәруыз, темір, В
12 
витамині, фолий қышқылы, мыс, 
кобальт, марганец т. с. с.) заттар қажет. Олардың 
организмге тамақпен түсуі азайса немесе сыртқа көптеп 
шығарылып кетсе, қан өндіру ағзаларының қызметтері де 
төмендейді. 
Сонымен 
бірге 
қан 
өндіру 
ағзаларының 
жасушалары ұдайы бөлініп-көбейіп тұратын болғандықтан 
олардың бөлінуін тежейтін дәрі-дәрмектер, химиялық заттар, 
улы 
өнімдер, 
иондағыш 
сәулелер 
бұл 
ағзалардың 
қызметтерінің жеделдеген бұзылыстарына әкеледі. 
● қан өндіретін барлық
 
жасушалардың құрылымы, зат 
алмасуы, жетілуі және көбеюі жасушалардағы құрылымдық және 
реттегіш гендік құралдардың ақпараттарына байланысты 
болғандықтан қан жүйесі дерттерінің себептері болып жиі 
гендік өзгерістер есептеледі (лейкоз, тұқым қуатын 
гемолиздік анемия, тромбоцитопения, лейкопения т. б.). Сол 
себептен 
бұл 
өзгерістерге 
әртүрлі 
мутагендік 
әсер 
туындататын (иондағыш сәулелер, химиялық улы заттар) 
ықпалдар белгілі дәрежеде әсер етеді. 


405
● қанға түсетін ауру туындататын заттар (бактериялар, 
вирустар, сыртқы және ішкі уытты заттар, дәрі-дәрмектер т. 
с. с.) қан жасушаларының антигендік қасиеттерін өзгертіп, 
аутоиммундық құбылыстарға, артынан жасушалардың еріп 
кетуіне әкеледі. 
● қан жасушаларының өндірілуін эритро-, лейко- және 
тромбоцитопоэтиндердің көмегімен реттеу бұзылыстарында қан 
жүйесінде дертгік өзгерістер пайда болады. 
- сурет. Қан өндірілу кестесі. 
Белгілер: КҚБ - колония (лат. соlоnіа - тұрғын жер, 
құрылымы бойыяша бір тұтастық құратын жасушалар) құратын 
бірлік: КҚБ-ГММ - макрофагтардың және нейтрофилдердің 
колония құратын бірлігі; КҚБ-Э- эритроциттердің КҚБ; КҚБ-
Мге -мегакариоциттердің КҚБ; КҚБ-М - моноциттердін КҚБ; 
КҚБ-Б -базофилдердің КҚБ; КҚБ-Эо-эозинофилдердің КҚБ; КҚБ-
Г гранулоциттердің КҚБ, Пре-В – В-лимфоциттеріне 
нақтыланатын, Пре-Т – Т-лимфоциттеріне нақтыланатын 
жасушалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет