Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Қанның жалпы көлемінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет342/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Қанның жалпы көлемінің бұзылыстары. 
Ересек адамдарда қанның орташа көлемі мөлшермен 4,5-5 
л-ге жуық болады. Бұл дене массасының 6-7,5%-на немесе 
1/13-1/14 бөлігіне сәйкес келеді. Қан түйіршіктерден 
(эритроциттер, лейқоциттер, тромбоциттер) және сұйық 
бөлігі - плазмадан тұрады. Олардың арақатынасы немесе 


406
гемотокрит көрсеткіші 45 : 55 аралығында болады. 
Дерттік жағдайларда айналымдағы қан көлемі және 
эритроциттер мен плазманың арақатынасы әртүрлі өзгереді, 
Этиологиясы

Айналымдағы 
қан 
көлемінің 
(АҚК) 
өзгерістері мына себептерден болады: 
● қан жоғалтудан немесе қан жасушаларының артық еріп 
кетуінен;
● қан өндірілуі бұзылыстарынан;
● организмдегі су алмасуының бүзылыстарынан;
● қан немесе оның құрамдық бөлшектерін т. б. әртүрлі 
сұйықтарды денеге енгізуден. 
Айналымдағы қан көлемінің азаюын 
гиповолемия
(франц. 
voluma-көлем, -емия-қан), көбеюін 
гиперволемия 
дейді. 
Бұл кезде қан жасушалары мен плазмасының арақатынасы 
қалыпты жағдайда (45:55) сақталуына, жасушалардың немесе 
плазманың басым болу жағына өзгеруіне байланысты гипо- 
және 
гиперволемияны 
қарапайым, 
полицитемиялық, 
олигоцитемиялық деп ажыратады. 
Қарапайым гиповолемия
– кезінде түйіршіктері мен 
сұйық бөлігінің арақатынасы қалыпты мөлшерде болуымен 
көрінетін, қанның жалпы көлемінің азаюы. Мұндай жағдай 
жіті қансыраудан кейінгі бастапқы сатысында байқалады. 
Олигоцитемиялық гиповолемия
- қандағы жасушалардың 
(эритроциттердің) басымырақ азаюымен көрінетін қанның 
жалпы 
көлемінің 
азаюы. 
Ол 
қансыраудан 
кейін 
әлі 
эритроциттердің орны толмаған сатысында болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет