400
қажет. Бұл кезде қатерлі өспе жасушаларының өскіндері
(клондары) пайда болады.
Осындай жағдайды
промоция
(ағылш. promotion – қолдау, күшейту)
деп атайды. Өспе
жасушасының қарқынды өсіп-өнуіне қолдаушы ықпал ететін
экзогендік және эндогендік заттарды
промоторлар
дейді.
Бұлардың көпшілігі өспе жасушасының
қарқынды өсіп-өнуіне
протеинкиназа
С
ферментінің
белсенділігін
арттырып,
нәруыздық
фосфатаза
тобына
жататын
ферменттердің
белсенділігін төмендетіп әсер етеді.
Сау
жасушаны
өз
беттерінше
өспе
жасушасына
айналдырмайтын кейбір ықпалдар организмде бұрын пайда
болған өспе жасушаларының бөлінуін арттырып, өспе түйіні
пайда болуына әкеледі. Мәселен, егеуқүйрықтардың
терісіне
бір рет диметилбензантрацен (ДМБА) жағу өспе дамуына
әкелмейді. Ал, осы ДМБА теріге жаққан соң іле-шала, өз
бетінше өспе туындатпайтын
кротон майымен майласа, онда
теріде обыр дамиды.
Кротон майын ДМБА-нің алдында немесе одан кейін көп
кешеуілдетіп жақса да өспе дамымайды. ДМБА-нен кейін
скипидармен майлауда өспе дамуына әкелмейді.
Сонымен ДМБА
сау жасушаны өспе жасушасьша айналдыратын ықпал болса,
кротон майы өспе жасушаларын әсерлендіріп,
олардың
бөлініп-көбеюін күшейтетін ықпал.
Уокер
карциномасының
50
жасушасын
егеуқүйрықтың
көктамырына енгізгенде өз бегінше өспе дамымайды, Ал, осы
егеуқұйрықтардың іш қуысын ашып, бауырын бірнеше рет
қолмен
уқалап
тітіркендірсе,
онда
оларда
бауырдың
карциномасы дамиды.
Асқазан
обыры
дамуында
соматостатин
промоторлық
(күшейткіш)
әсер
ететіні
жануарларда
өткізілген
тәжірибелерде дәлелденді.
Тоғышек обырына өт қышқылдары,
қуық обырына натрий сахарині промоторлық әсер етеді.
Биттнер вирусымен зарарланған ақ тышқандарға эстрогендік
гормон енгізгенде емшек обыры дамиды. Ал вируспен
зараланбаған тышқандарда бұл гормон өспе дамытпайды.
Сонымен эстрогендік гормондар өспе
өсуіне промоторлық әсер
етеді.
Сонымен өспе даму үшін қосымша түрткі қажет. Дегенмен,
кейбір канцерогендік заттар толық канцерогендер болып, әрі
жасушалардың трансформациясын, әрі әсерленуін туындатады.
Олар үшін қосымша түрткілердің қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: