Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


өспе өсуінің дербестілігі



Pdf көрінісі
бет318/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

өспе өсуінің дербестілігі


377
дейді. 
Өспе жасушаларының тіршілігін жоғалтпай, шексіз өсіп-
өнуі. 
Өспелердің шексіз өсуі олардың жасушаларының толық 
жетіліп нақтыланбай, қартаймай, жас күйінде сақталып 
қалуынан болады. Сондықтан олар үдайы бөлініп көбейе 
береді. Қалыпты жасушалар, жабыстырғыш (адгезиялық) 
молекулалардың 
(кадгериндер 
мен 
интегриндердің) 
қатысуымен, өзара жанасқаннан кейін бөлінуін тоқтатады. 
Осындай жағдайды жасуша бөлінуінің 
жанасулық тежелуі 
деп 
атайды. Сол себепті жасанды жағдайда өсетін жасушалар 
белгілі бір қатты қабатқа жабысып, бір қатарға тізіліп 
өседі. Өспе жасушаларында бұл жанасулық тежелу қатты 
азайған. Сондықтан бұл жасушалар әр бағыттарда көбейе 
беруінен, олар көп қабатталып өседі. Өспе жасушалары бір 
қатты қабатқа жабыспайды. Өйткені оларда жабыстырғыш 
молекулалар қатты азайған немесе жоғалып кеткен. Содан 
өспе жасушалары жартылай сұйық ортада өсіп-өну қабілетін 
қабылдайды. Олардың жетіліп дамуы бұзылғандықтан өспе 
жасушалары, тіршілігін жоғалтпай, жас күйінде сақталып 
қалады. Осыдан олар ұдайы өсіп-өне береді. Осы жағдайды 
өспенің тоқтамай 
шексіз өсуі
дейді. Бұл жасушаларда 
қалыпты жағдайларда болатын 
шекті бөліну өлшемі (Хейфлик. 
өлшемі) 
жоғалған. Мәселен, адамның фибробласт жасушасы 
қалыпты жағдайда тек 50 рет қана бөлінеді. Ары қарай ол 
қартайып, тіршілігін жоғалтады. Өспе жасушалары қартаймай, 
жетілмеген жас түрінде қала береді. Бұндай жағдай өспе 
жасушаларында апоптозды қадағалайтын гендердің қызметтері 
бұзылыстарынан байқалады. 
Өспе өсуі үшін оның ошағына қан тамырларының тарауы 
маңызды орын алады. Өспе жасушалары қаннан қажетті 
қоректік заттарын қабылдап тұруы керек. Сол себепті өспе 
ошағында жаңа қан тамырлары ашылады. Осы жағдайды 
ангиогенез 
дейді. Өспе жасушалары ангиогенезді дамытатын 
факторлар өндіріп шығарады. Бұл факторларға: қалыпты 
жағдайда жараның бітуі кезінде өндірілетін ангиогенин, 
гепатоциттердің өсу факторы, α- және β-өсу фактолары, 
өспені жоятын фактор, простагландиндер Е

және Е


интерлейкин-8 т .б. заттар жатады.Содан жақын орналасқан 
дәнекер тіндерінен өспе ошағына эндотелий жасушалары еніп, 
жаңадан қан тамырлары өседі. 
Өспе жасушаларының өсіп жетілуі және нақтылануы 
бұзылыстарына байланысты анаплазия (дамымау), катаплазия 
(кері 
даму, 
ұрық 
жасушаларына 
ұқсас 
нақтыланбаған 
жасушалардың болуы), метаплазия (басқа тін жасушасына 
айналып даму немесе басқа тін жасушаларына ұқсап, өспе 


378
жасушаларының құрылымы мен атқаратын міндеттемелерінің 
өзгеріп кетуі), дисплазия (бұрыс даму, өспе жасушаларының 
орналасқан тін жасушаларынан сыртқы пішіні, құрылымы және 
орналасу тәртібі бойынша қатты алшақтанып, ерекшеленіп 
кетуі) деген түсініктер қалыптасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет