Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


олардың қызметтері бұзылады. Содан көптеген ағзалардың  қызметтерінің жеткіліксіздігі дамиды.  Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері



Pdf көрінісі
бет316/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

375
олардың қызметтері бұзылады. Содан көптеген ағзалардың 
қызметтерінің жеткіліксіздігі дамиды. 
Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері. 
Жұқпалы үрдістерді емдеу үш бағытта жүргізілуі қажет. 
Ол, 
біріншіден, 
туындатқан 
себепкер 
ықпалға 
қарсы 
бағытталады. Осы мақсатта бактерияларға, вирустарға, 
қарапайым жәндіктер мен құрттарға, майда саңырауқұлақтарға 
қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады. 
Екіншіден, аурудың даму жолдарындағы маңызды тетікті 
үзуге бағытталады. Ол үшін: 
● организмді уытсыздандыру емшаралары (қанға сұйық 
енгізу, гемодиализ, плазмаферез, гемосорбция, микробтардың 
уыттарына қарсы емдік сарысулар енгізу т.б.);
● қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер мен емшаралар; 
● иммунитетті емдеу, иммундық жүйені қалпына келтіруге 
бағытталған емшаралар; 
● ағзалар мен тіндердің қызметтерін қалпына келтіруге 
бағытталған емшаралар; 
● организмнің ішкі тұрақтылық көрсеткіштерін (рН, рО
2

рСО
2
, электролиттер мен судың көлемін т.с.с.) қалпына 
келтіруге бағытталған емшаралар – қолданылады. 
Үшіншіден, аурудың әйгіленімдерін азайтуға немесе 
жоюға бағытталған емшаралар пайдаланылады. Осы мақсатта 
бас ауыруын басатын, ұйықтататын, көңіл-күйін жақсартатын
ауырусынуды жоятын дәрі-дәрмектер қолданылады. 
Өспе
Өспе (лат.-tumor, blastoma, грек.- neoplasma, орыс.-
опухоль) - тұтас организмнің жүйкелік-эндокриндік 
реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін, құрылымы 
мен 
қасиеттерінде 
шыққан 
тін 
жасушаларынан 
үлкен 
алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан 
қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, 
дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет