Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет417/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Х-
синдром
немесе 
«angina microvascularis»
– деп атаған. Бұл 
кезде қосымша функциялық жүктеме жүректің қызметіне сәйкес 
коронарлық 
қан 
айналымның 
ұлғаюына 
әкелмей, 
жүрек 
шығарымын азайтады. Содан біртіндеп кардиосклероз және 
жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дамуы ықтимал. 
Бұл синдромның даму негізінде эндотелий жасушалары 
қызметтерінің бұзылыстары маңызды орын алады. Көптеген 
ұсақ артериялардың бітелуі кардиомиоциттерді бүліндіріп, 
фиброз дамуына және жүрек қызметінің әлсіреуіне әкеледі. 
Бұл кезде физикалық жүктемелерге немесе жан күйзелістеріне 
жауап ретінде майда коронарлық артериялардың кеңею 
қабілеті жоғалады. 
Ишемияға жаттықтыру немесе үзілісті ишемия феномені. 
Зертханалық жануарлардың жүрегін алдын-ала қысқа мерзімді 
қайталанатын ишемияға ұшыратудың нәтижесінде артынан оның 
ауыр ұзақ ишемияға төзімділігі артып, миокард инфарктының 
мөлшері 
азаятыны 
байқалды. 
Өйткені 
қысқа 
мерзімді 
ишемияларға бейімделу дамып: 
♣ стресті шектейтін жүйелер әсерленеді; 
♣ антиоксиданттық жүйелердің белсенділігі артады; 
♣ артынан дамитын ишемияға жауап ретінде май 
қышқылдары асқын тотығуының қарқыны шектеледі; 
♣ энергия түзілуі белгілі мөлшерде сақталады; 
♣ некроз дамуының қарқыны азаяды. 
Дегенмен, бұндай жағдай науқасты миокард инфарктынан 
өлуінен мүлде арашалап қала алмайды.
Миокард инфаркты.
Коронарлық қанайналымның ұзақ (20 минөттен астам) 
болмауынан жүрек еті бөліктерінің өлеттенуін миокард 
инфаркты дейді
.


503
Оның даму себептеріне: 
● 90%-ға жуық жағдайларда тромбозбен ушыққан 
коронарлық артерия- лардың атеросклерозы; 
● коронарлык, артериялардың ұзақ қатты жиырылуы 
(спазмы); 
● кейде коронарлық артериялардың эмболмен бітелуі - 
жатады. 
Адамда миокардтың инфаркты дамуына қолайлы жағдайлар 
болып 
тұқым 
қуалаушылыққа 
бейімділік, 
артериялық 
гипертензия, семіру, қантты диабет және аз қозғалыспен 
атқарылатын ой жұмысы, темекі шегу т. б. есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет