Бейсембаева Б. К.
Ұлытау ауданы, білім бөлімінің әдіскері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары
және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын
талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде
тәрбиеге басты назар аударылуда. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп атап көрсетті. Қазақстан білім беру жүйесі қазіргі
таңда өзгермелі және өскелең талаптары мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық
білім саласын әлемдік білім деңгейіне жеткізуге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру
және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына
ену үшін заман талабына сай білім, ғылым, тәрбие қажет. Ендеше, санасына сызат түспеген
періште көңіл сәбиді өмір баспалдағына жетелеп, білім мен тәрбиенің ақ желкеніне отырғызып,
рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына
ілесе алатындай «Мәңгілік елдің» білімді де тапқыр дара тұлғаны қалыптастыратын -ұстаз.
Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап
айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім
алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу
дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман
ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп
отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде
әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік,
шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, өмір бойы
білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,
белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап
шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.
Математикалық сауаттылық дегеніміз-математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне
қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің, оқушылар
дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру - математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну,
әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген
математикалық пайымдаулар айту,есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі
тексеру, өмірмен байланыстыру, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі
мәселелерді шешуде еркін қолдану.
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады:
1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық
ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
2. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады
және оны шыңдай түседі.
3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы
оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды.
4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге
көмектеседі.
5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан
қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.
259
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін:
- теорияны білу, оны логикамен ұштастыру
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
- математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму тарихымен
байланыстыру
- ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану.
Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар
көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық сауаттылығы да артады. Қазіргі
таңдағы ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны тиімді пайдалана отырып,
оқушының білім сапасын шығармашылық негізінде арттыру - өмір талабы. Ол үшін мұғалім
тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық
жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуге қолайлы жағдай туғызады,
танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері
қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.
Жаңа технологияның тиімді әдіс - тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу - ұстаздардың
басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол, оқушы:
• мақсат қоюға үйренеді;
• есте сақтау қабілеттері дамиды;
• басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;
• кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;
• қатарынан қалмауға тырысады;
• дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;
• әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
• күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.
• білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді
• өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады
Мұғалім:
жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
оқушыны жан-жақты танып біледі;
қарым қатынас орнатады;
оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;
оларға шығармашылық еркіндік беріледі.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол
заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына
жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру
үшін мынадай жұмысын жүргізуіміз керек:
Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр
тақырыбы бойынша «білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау» деңгейлік тапсырмаларымен
жүйелі жұмыс жасауды күшейту;
Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты
емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны
практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету;
Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектепте
оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу;
Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту
стратегияларын пайдалануды үйрену.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді
пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді
қолдануына үйрету.
Тұлғаның ең басты функциялық сапалары: белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға
және шешім қабылдай алуға бейімделуі, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмірлік білім
алуға дайын тұруы болып табылады.
260
Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Оқушылардың
математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму
деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады: - білу (еске түсіру).
Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден
мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, математикалық объектілерді танып
білу; қолдану (байланыстарды орнату).
Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету;
модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу, ойлау
(пайымдау, тұжырымдау
).
Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау,
әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес
есептерді шешу.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Осы
ретте, математика пәнін терең білудің маңызы зор. Қазіргі тез құбылмалы әлемде
функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық
қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторлардың біріне айналуда.
Математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан оқушылардың даярлығы,
математикалық ұғымдарды қолдана білу деңгейлері стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ
оқушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері, ол білімдерді қолдану деңгейлері әр
түрлі болады. Осы орайда математикалық сауаттылық моделін қарастырған жөн. Математикалық
сауаттылық моделі шынайы әлем проблемаларын математикалық әлеммен ұштастыруға,
тәжірибедегі мәселелерді пайымдай отырып, оның математикалық моделін құруға алғы шарт
болып табылады.
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады :
1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық
ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
2. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады
және оны шыңдай түседі.
3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы
оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды.
4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге
көмектеседі.
5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан
қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін:
- теорияны білу, оны логикамен ұштастыру
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
- математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму тарихымен
байланыстыру,
- Ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану.
Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен
мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық сауаттылығы да артады.
Елбасымыз өз жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім
деңгейімен айқындалады»- деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны
дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Міне, математика – адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын
бірде бір құрал. Сондықтан да математиканы дамыта оқыту күн тәртібінде ең бірінші тұрған
мәселе. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсаты біреу, ол оқушыларға тиянақты да сапалы
білім беру
Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда
мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі
оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты
болмайды. Олай болса, А.П. Конфоровичтің «Математиканың қорғаның тек күштілер мен
батырлар ғана бұза алады» деген сөзін ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға
261
келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім беру
үшін аянбай еңбек ете берейік. Қазақстанның одан әрі Мәңгілік Ел болып өркендеуі үшін, жан –
жақты дамуы үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқасында талай
асулардан абыроймен өтеміз деп және мұғалімдер тек қана адал салиқалы еңбек етіп,
функционалдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелеп шығаруға міндеттіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |