Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет163/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   271
Әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының «Білім Заңы». 
2.
Шығармашылық ізденіс және жаңа технологияны пайдалану жолдары. Бастауыш мектеп №9, 
2007ж. 
3. Есболова А.А., Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына 
бейімдеудің педагогикалық шарттары. Қызылорда., 2012ж 
Дюсембаева М.К., педагог-зерттеуші, математика пәні мұғалімі 
Жәкішева Д.Е., педагог-зерттеуші, математика пәні мұғалімі 
Қарағанды қаласы «№ 82 ЖББМ» КММ 
 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай болса, елдің ертеңі де сондай дәрежеде 
болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан 
Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, 
шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынастар жасай алатын, оқығанын өмірде 


331 
қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау –бүгінгі ұстаз қауымының 
басты мақсаты.[1] 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономика салаларында белсене араласуы және өмір бойы білім алуына негіз салу, заман ағымына 
ілесе алатын, меңгерген білімін күнделікті тұрмыста өз керегіне жарата алу. [2] 
Математикалық функционалдық сауаттылық дегеніміз- адамның алған математикалық 
білімдерін әртүрлі салалардағы есептерді шешу үшін пайдалану қабілеті. [3] 
Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы жағдайды талдауға және өзара байланысты логикалық 
ойлау тізбегін құруға көп көңіл бөлуді қажет ететін математика сабақтарындағы стандартты емес 
есептерді шешуге негізделген. [4] 
«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында: 
- оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден 
анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеуді; 
- математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар 
арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыруды; 
- игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып 
практикаға бағытталған тапсырмаларды шешуді; 
- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар 
жасауды; 
- математикалық мәтінмен жұмыс жасауды (талдау, қажетті ақпаратты алу) 
- математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша 
түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйренеді.[5]. 
Оқушылардың 
математикалық 
сауаттылығының 
қалыптасуы 
«математикалық 
құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен сипатталады. 
Математикалық сауаттылыққа берілген тапсырмаларды қарастырайық. Екі есепті талдайық.
Қай тапсырма күнделікті тұрмыста қолданылады? деген сұраққа жауап іздейміз. 
№1. Тақырып: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану 
Адам ағзасын жақсы қалыпты ұстау үшін қажетті дәрумендер мен минералдарды тұтынады. Көктем 
мезгілінде адам иммунитеті әлсірейтінін байқайды. Ағзадағы темір жетіспеуі: сөйлеу қабілеті, 
ойлау 
қабілеті 
нашарларлайды, 
сонымен 
қатар 
қан 
аздығына 
әкеледі. 
Мектеп асханасында ас мәзіріне мыналар ұсынылды: дүйсенбіде котлетпен (100 гр.) қарақұмық 
ботқасы (200 гр.), орамжапырақ салаты (100 гр.), сейсенбіде бауырдан жасалған құймақ (150 гр.) 
қара өрік пен қызылша салаты(100 гр.) 
Қай күні түскі ас ішіп темірдің тәуліктік нормасын қабылдайсың? Қай ас мәзіріне құрамында темірі 
бар тағамды қосу керек?
№2.Тақырып:ЕҮОБ 
Балаларға бірдей сыйлық дайындау үшін 90 шоколад, 150 алма және 210 кәмпит сатып алынды. Ең 
көп дегенде неше сыйлық дайындауға болады? Күнделікті өмірде біз сыйлық дайындау үшін 
қажетті нәрселерді жеткілікті етіп сатып аламыз. Сондықтан бұл екінші есептің тұрмыста 
қолданысы шамалы. Ал бірінші есеп болса, мұнда адам ағзасын әлсіретпей қажетті дәрумендер мен 
минералды керек мөлшерде тұтынып отыруын қадағалау үшін маңызды. Екі есеп талданады. 
Сұраққа жауап іздейді. 
Осындай есеп оқушының математикалық сауаттылығын қалыптастырып, математиканың өмірде 
қажеттігін ұғындырады. 
Бұл есепті 5-сыныпта «Жай бөлшектер» тақырыбын оқығанда қарастыруға болады. 


332 
№3. Кітаптағы үш әңгіме 34 бетті құрайды. Бірінші әңгіме 6 бетті, ал екінші әңгіме үшіншіге 
қараған 

есе 
кем 
бетті 
алады. 
Екінші 
әңгіме 
неше 
беттен 
тұрады? 
Есеп математикалық құзыреттілікке бағытталған емес, осы есепті құзыреттілікке бағытталған 
есепке айналдыруға болады. Есепкекітап беттерін дөңгелек диаграммамен көрсетіңіз және 
пайызбен жазыңыз дегеншарт қоссақ, есеп бірінші деңгейге ауысады. 
№1. Алма сатып алу 
Анасы балаларына алма сатып алды. Оның екеуін өзіне алды, ал қалғанын үш баласына былай 
бөліп берді: үлкен баласына - барлық алманың жартысын және жарты алма, ортаншы баласына – 
қалған алманың жартысын және тағы жарты алма, кіші баласына – жаңа қалған алманың жартысын 
және алманың жартысын бөліп берді. 
Ескерту: бірақ ешқандай алма бөлінген жоқ. 
1-сұрақ : Мамасы қанша алма сатып алды? 
Құзіреттілігі: елестету. Математикалық аймағы: кеңістік және форма. 
Деңгейі: орташа 
Жағдаят: жеке 
КОД 1: Дұрыс жауабы: 9 
Шешу жолы : Барлық алма – х, өзіне 2 алма алды. 
Қалғаны: (х – 2) 
Үлкен баласы: (х-2)/2+1/2 
Ортаншы баласы: (1/2( х/2 – 3/2) +1/2) 
Кіші баласы: ( 1/2 (х/4 – 5/4)+ 1/2) 
Осы балалардың алмаларын қосып, (х -2) –ге теңестіргенде 9 шығады. 
КОД 0: басқа жауап 
КОД 9: жауап жоқ 
2-сұрақ: Балалары қанша алмадан алды? 
Құзіреттілігі: байланыс орнату. Математикалық аймағы: кеңістік және форма 
Деңгейі: орташа 
Жағдаят: өмірмен байланысты 
КОД 1: Дұрыс жауабы: 4 , 2 және 1 
Шешу жолы : 
Үлкен баласы: (х-2)/2+1/2 
Ортаншы баласы: (1/2( х/2 – 3/2) +1/2) 
Кіші баласы: ( 1/2(х/4 – 5/4)+ 1/2) 
Х –тің орнына 9санын қойғанда үлкен баласы -4, ортаншы баласы -2, кіші баласы -1 алмадан алады. 
КОД 0: басқа жауап 
КОД 9: жауап жоқ 
Практикалық мазмұнды есептер 
Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ – жауап, баяндауға, 
проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, 
шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін – бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық 
жеткізе білуге көңіл бөлу керек.[6] 
Әртүрлі қызықты есептер адам ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Сабақ барысында, ҰБТ-ға 
дайындық барысында практикалық мазмұнды есеп шығаруда оқушылардың көбі қиналады. Сол 
есептерге тоқталып кетейік. 
(Өмірмен байланысты). Мәтін есептер (ҰБТ есептері). 


333 
Есеп.2 метрлік бір қоршаудың құны 50 теңге тұрады, ал 3 метрлік бір қоршаудың құны 70 теңге 
тұрады. 20 м жерді қоршау үшін 2 метрлік 3 метрлік қоршаулардың қайсысын пайдаланған тиімді? 
А)2-3метрлік және 7-2 метрлік;В) 10-2 метрлік;С) 6-3 метрлік және 1-2 метрлік;Д) 4-3метрлік және 
4-2 метрлік;Е) 2-3метрлік және 6-2метрлік. 
Шығармашылық бөлім 
Оқушыларға оқулықтағы дайын есептерді шығару ғана емес, есептерді өздеріне құрастыруға беруге 
болады. 
Есептерді бірнеше тәсілмен шығаруға болады: теңдеу құру арқылы, арифметикалық амалдар 
арқылы есеп шешімін табу. 
Осындай бағыттағы есептерді сабақ барысында қолдану арқылы ғана біз алған математикалық 
білімдерін тиімді пайдалана алатын, өмірдегі кез келген жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдайтын, 
өзінің математикалық сауатты екенін дәлелдей алатын функционалды сауатты тұлға тәрбиелеп 
шығара аламыз. 
Қорытындылай келгенде, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған іс-шаралар 
оқушылардың интеллектуалдық потенциалын және оқушылардың білім сапасын арттыруына
ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет