Эмбриология атауы



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата21.05.2022
өлшемі1 Mb.
#144392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
ЭМБРИОЛОГИЯ (ЮЙ.АБИЛЬДИНОВ)

4.
 
Құрылыс ерекшеліктері: 
Хорион бүрі-ұрықты қоршайтын және плацентаның 
нәрестелік бөлігін құрайтын ең сыртқы ұрықтан тыс бүрлі қабық. 
5.
 
Қызметі :
Сүтқоректілерде хорион қабығы тікелей жатыр қабырғасына жанаса 
орналасып, аналық организм мен шарана арасындағы зат алмасу процесін реттеп 
отыруға қатысады. 
6.
 
Орналасуы:
ұрықта 
1.
 
Атауы: 
Плацентаның аналық бөлігі 
2.
 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин.х100. 
3.
 
Бояу тәсілі
: нейтрофильді деуге болады,себебі мұнда негіздік бояу да,қышқылдық 
бояу да қолданылады.Гематоксилин-эозинмен бояған кезде цитоплазмасы қызғылт 
түске,ал ядросы күлгін немесе көк түске боялады. 
4.
 
Құрылыс ерекшелігі:
1-ана қанына толы лакуналар; 2-хорион бүрлерінің 
кесінділері; 3-базальды пластинка; 4-децидуальды жасушалар-
 
Плацентаның аналық бөлігі - жатырдың түрі қатты өзгерілген шырышты қабығының 
децидуальді ,яғни босанғаннан кейін түсіп қалатын қабатының ұрық пен миометрий 
арасындағы бөлігі. 
Ана қанына толы лакуналар-мұны имплантациялық шұңқырлар деп те атайды.Ұрық ана 
қанынан қоректік заттармен қатар,одан тыныс алу процесіне керекті оттегін де алады. 
Базальды пластинка-жатырдың түсетін қабығының терең бөлігі трофобластпен бірігуі 
арқылы түзіледі. 
Децидуальды жасушалар-жатыр эндометриясының базальды қабаты құрамында болады. 
5.
 
Қызметі:
ұрықтың дамуына қатысты :тыныс алу, транспорттық, экскреторлық, 
иммунды қорғаныс, барьерлік қызмет атқарады. 
6.
 
Орналасуы: 
жатырда


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет