Орналасуы : аталық жыныс безінде
6. Қызметі : хромосомдардың гаплоидты жиынтығын жұмыртқа жасушаға енгізу
1.
Атауы: Плацента. Нәресте бөлігі.
2.
Бояуы: Гематоксилин-эозин
3.
Бояулының түсінігі: Гематоксилин - негіздік бояу болып табылады. Боялу қабілеті
– базофилия деп аталады. Препарат бойынша гематоксилин ядроларды күлгін түске
бояйды және олар - базофильді құрылымдар болып саналады. Ал, эозин -
қышқылдық бояу болып саналады. Боялу қабілетін оксифилия деп атайды. Эозин –
цитоплазманың құрамдас бөліктерін, эритроциттердің құрылымдарын және сілтілі
ақуыздарын қызғылт немесе қызыл түстес реңдерге бояйды және олар -
ацидофильді немесе оксифильді деп аталады.
4.
Құрылыс ерекшелігі: 1 - амнион қабығы, 2 - хорион пластинкасы, 3 - ана қанына
толған лакуналар, 4 - хорион бүрлерінің кесінділері.
Плацента
– ана мен баланы байланыстыратын уақытша ұрықтан тыс мүше.
Нәресте бөлігі
– хорион бүрлерінен құралған.
Хорион бүрі-ұрықты қоршайтын және плацентаның нәрестелік бөлігін құрайтын ең
сыртқы ұрықтан тыс бүрлі қабық
Амнион — ұрық қабықтарының бірі, ұрық дамуы үшін қажет сулы ортаны
қамтамасыз ететін уақытша мүше
Ана қанына толы лакуналар-мұны имплантациялық шұңқырлар деп те
атайды.Ұрық ана қанынан қоректік заттармен қатар,одан тыныс алу процесіне
керекті оттегін де алады.
5.
Қызметі: ұрықтың дамуына қатысты :тыныс алу, транспорттық, экскреторлық,
иммунды қорғаныс, барьерлік қызмет атқарады.
6. Орналасуы: жатырда