Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет20/117
Дата24.05.2022
өлшемі8,5 Mb.
#144865
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

Қабаттармен жұмыс істеу
Қабаттарды қолдану – сызықтардың 
түрлері мен түстері ажыратылатындай тәртіппен сызбаны орындаудың бірден-бір 
жолы. Қабаттар топтау мен сызбаның графикалық элементтерін таңдаудың күшті 
құралы болып табылады. Архитектуралық сызбаларда, мысалы, қабырғаларды, 
есіктерді, терезелерді, сумен қамтамасыз ету жүйелерін, электр жабдықтарының 
және тағы басқаларды бӛлек қабаттарда орындау қолайлы. Машина жасау 
сызбаларында осьтік сызықтар, кӛмекші сызықтар, сызықшалау (штриховка) және 
т.б. бӛлек қабаттарда орындалуы мүмкін. Қабаттарды жасауға және оларды 
сақтауға болады. 
Қабаттар кӛмегімен кӛптеген мүмкіндіктер пайда болады: 
-
Әр қабатта сызықтардың меншікті түсі, түрі және қалыңдығы болады; 
-
Плоттердің қаламдары үшін әр түрлі түстер белгілеуге болады, бұл 
сызбаның түрлі-түсті болып басылуына мүмкіндік береді;
-
Қабаттардың кӛрінетіндігін басқаруға болады. Керексіз қабатты 
кӛрінбейтін етсеңіз, керекті объектілерді сызуды немесе оларды 
редакциялауды едәуір жеңілдетесіз;
-
Плоттерде объектіні сызуды басқаруға болады; 
-
Қабатты кілттеп қоюға болады, бұл қабаттағы объектілерді ӛзгертуден 
қорғайды. 
1.25-сурет 


29 
Қабат параметрлері

Әр қабатта сызықтардың меншікті түсі, түрі және жуандығы болады. Кез 
келген сызбаны бастағанда 
0
қабаты қосылады. Бұл қабаттағы сызық ақ/қара түсті 
болады, сызықтың түрі - (
Continuous
), яғни үздіксіз тұтас, сызықтың жуандығы - 
(
Default
– 0.25мм) болады (1.25-сурет). 
Сонымен қатар қабаттың жағдайын анықтайтын тӛрт параметр (
states
) болады. 
Бұл параметрлерін қабаттың кӛрінетіндігін, қабатқа ӛзгеріс енгізу мүмкіншілігін 
басқарады. 
-
Вкл/Откл (On/Off). Қосылған қабаттар (On) кӛрінетін болады. 
Ажыратылған қабаттар (Off) кӛрінбейтін болады, бірақ сызбаны 
регенерация жасаған кезде қайта қосылады. 
-
Размороженный/Замороженный 
(Thawed/Frozen). 
Размороженный 
(Thawed), яғни қатпаған, қабат кӛрінетін болады. Замороженный (Frozen), 
яғни қатып қалған қабат кӛрінбейді және ол қабат редакцияланбайды, және 
сызбмен бірге регенерацияға ұшырамайды.
-
Разблокированный 
/Блокированный 
(Unlocked/Locked). 
Разблокированный (Unlocked) – блокқа алынбаған қабат кӛрінетін болады және 
редакцияланады.
Блокированный (Locked) – блокқа алынған қабат кӛрінеді, бірқа 
редакцияланбайды.
Выводимый на плоттер/Невыводимый на плоттер (Plottable/Not plottable).
Not plottable
деп белгіленген қабаттар плоттермен сызбаны баспадан шығарған 
кезде сызылады. Ажыратылған немесе қатырылған қабаттар плоттермен 
сызылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет