37
бойынша ӛлшемін, содан соң енін, яғни
Y
осі бойынша ӛлшемін. Содан кейін
үшінші нүктені кӛрсету керек деген сұрау болады. Бұл нүктені тік тӛртбұрышты
алғашқы нүктеге қатысты қай жағына орналастыру керек болса сол жақты
кӛрсету керек: жоғары және солға қарай, жоғары және оңға қарай, тӛмен және
солға қарай, тӛмен және оңға қарай.
2.1.4 Кӛпбұрыш (Многоугольник - Polygon)
Дұрыс кӛпбұрыштарды сызу үшін Многоугольник (polygon) командасы
қолданылады. AutoCAD графикалық жүйесінде кӛпбұрыш деп геометриялық
дұрыс кӛпбұрыштарды, яғни ішкі бұрыштары тең және қабырғаларының
ұзындықтары тең геометриялық дӛңес тұйық фигураларды айтады. AutoCAD
жүйесінде кӛпбұрыштардың қабырғалары 3-тен 1024-ке дейін қабылдауға болады.
Команданы шақыру тәсілдері:
1.
Многоугольник (Polygon)
пиктограммасын басу арқылы, бұл
пиктограмма аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан.
2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі
Многоугольник (Polygon)
командасын таңдау арқылы.
3. Командалық жолға
Polygon
сөзін жазу арқылы.
Команданы шақырғаннан кейін жүйе кӛпбұрыштың қабырғалар санын
сұрайды:
Enter number of sides <4>:
Компьютердің ӛзі команданы осының алдында соңғы рет шақырған кездегі
енгізілген қабырғалар санын ұсынады. Егер сол санмен келісетін болсаңыз,
тышқанның оң батырмасын шертіп қалу жеткілікті. Егер басқа сан керек болса,
пернетақтада жаңа мәнді теруге болады. Содан соң жүйе кӛпбұрыштың центрін
сұрайды:
4>
Достарыңызбен бөлісу: