35
нүктелерді белгілеп шығады.
2.1.2 Кесінді (Отрезок - Line).
Кесінді
– AutoCAD жүйесіндегі ең қарапайым объект.Ол
жалғыз болуы
мүмкін немесе шеткі нүктелері қосылып сынық сызық құрауы мүмкін. Бұл сынық
сызықтың әр кесіндісі ӛз бетінше бӛлек объект болып табылады. Кесінділер
Отрезок (Line) командасының кӛмегімен салынады. Команданы шақырудың үш
түрлі әдісі бар.
- РИСОВАНИЕ (DRAW) мәзірі – Отрезок (line)
;
- РИСОВАНИЕ (DRAW) аспаптар тақтасы –
пиктограммасы;
- Командалар жолы – Отрезок (Line).
Кесінді командасын шақырғанда командалық
жолда келесі жазу пайда
болады:
Command: _line
Specify first point:
Бұл компьютер кесіндінің бастапқы нүктесін сұрап тұрғанын білдіреді. Бұл
нүктені командалар жолында координаттарын енгізу арқылы беруге болады.
Немесе курсордың кӛмегімен графикалық алаңда тышқанның сол батырмасын
шерту арқылы беруге болады. Одан соң, командалық келесі сұрау пайда болады:
Достарыңызбен бөлісу: