11
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Уәлихан
ҚАЛИЖАНОВ,
филология ғылымдарының
докторы,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Ғасырлар тоғысып, заман алмасып жатты. Өзгермеген бір-ақ нәрсе еді! Ол -
Егемен ел болам деген қазақтың арманы.
Әлем назары Тәуелсіз атанған Қазақстан мемлекетіне ауды. «Қазақтың бүкіл
тарихы – бірігу тарихы» – деп Елбасымыз қадап айтқандай,
Егемендік,
Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани
тірегіне айналды.
Қазір кез-келген елге барғанда аяғыңды нық басып,
сол елдің шекарасынан
жалтақтамай ары өтесің, бері өтесің. Өйткені сен қазақ елінің өкілісің, Қазақстан
азаматысың! Төбеңде желбіреген көк туың бар, жүрегіңнің тұсында бойыңды
қуаттандыратын Әнұраның бар.
Сен Тәуелсіз елдің тумасысың, егемен елдің
азаматысың.
Рүстем ДОСЫМҚҰЛОВ, «Қазақ үні» газетінің тұрақты оқырманы әрі
авторы:
Тәуелсіздік – әрбір азаматтан туған мемлекетімізді аялауды және қорғауды,
біздің халқымыздан мызғымас бірлікті, шабытты еңбекті және болашаққа сенімді
талап етеді. Тәуелсіздік болашаққа сеніміміз біздің дамуымызды қамтамасыз
етеді.
Қазақстанды дамыған,
инновациялы, берекелі елге айналдыру –
жалпыхалықтық мақсат-мұрат! Өз басым осы мүддеге жетуге бізге ештеңе кедергі
бола алмайтынына нық сенемін.
Бүгінгі таңда біздің еліміздің тағдыры біздің ұлттық сана сезімімізге,
отаншылдығымызға, болашаққа деген сенімімізге байланысты. Біз Отан үшін
аянбай еңбек етуіміз керек деп білемін. Сенімсіздікке бой алдырмай,
керісінше
«жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мүмкіндіктерімізді біріктіріп батыл түрде
алға жылжуымыз керек. Сонда ғана жеңіске жетеміз!
Достарыңызбен бөлісу: