42
Осы құрал кӛмегімен тақ және жұп сандары да анықталады.
Демонстрациялық шаршыда жұп сандарды түсті қарындашпен бояуға
болады. Жұп сандардың екі бірдей бӛліктерге бӛлінетін қасиеті заттық-
сарамандық іс-әрекет орындау барысында бекітіледі.
Бұл сұраққа алдында уақыт бӛлінген болса да, бірақ балалар-
дың ерекшеліктерін, меңгеру ерекшеліктерін есепке ала отырып, бұл
тақырып бойынша екі таңбалы сандардағы бірліктер мен ондықтардың
алатын орны бойынша жұмыстарды міндетті түрде жүргізу қажет. Негізгі
жұмыс разрядтық кестемен жүргізіледі. Келесі жаттығуларды ӛткізуге
болады:
-
берілген санды разрядтық кестеге жазу;
-
разрядтық кестедегі санды оқу;
-
берілген саннан 1 бірлікке (ондыққа) артық (кем) санды жазу;
-
берілген саннан бірнеше бірлікке (ондыққа) артық (кем) санды
жазу;
-
разрядтағы кестедегі берілген сандарды салыстыру.
Нӛмірлеуді үйрену тең сандық топтарын санау барысында алына-
тын сандар қатарымен танысумен аяқталады: 2, 5, 4, 3. Екі еселеніп
санау тақ және жұп сандарды ӛту барысында оқытылады. 5 сан қосып
отырып санау демонстрациялық шаршыдағы 2 бағандағы алынатын сан
қатарында қарастырылады. Бұл бағандарды жеке сызып алып
қарастыруға болады. Бұл сандар қатарындағы сандарды жақсы есте
сақтауын қамтамасыз етеді. 4-ті қосу арқылы санауды 2 және тағы 2-ні
қосу арқылы үйретуге болады. 3-ті қосу арқылы алынатын сандарды
келесі жолмен жасауға болады: 20 кӛлеміндегі сандарды ауызша айтып,
қалғандарын демонстрациялық шаршыдан табады. Оқушылар санау
барысында алынатын сандарды шаршыда 2-3 тордан кейін орналасуын
анықтайды. Бұл сандар жеке жазылып, есте сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: