«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата30.05.2022
өлшемі1,34 Mb.
#145554
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

барлығы, кем, артық, қалды 
сӛздерімен жетекшілік етеді. 
Зияты зақымдалған оқушылардың әрекеттерінің стереотиптігіне (қайта-
лануына) байланысты, олар мәтіндік есептерді шаблонды әдістермен 
шығарады, үндес сӛздермен туғызылған кездесойқ ассоцияциялармен 
жетекшілік етеді. 
Әрбір мәтіндік есепті шешуге деген саналы ықпал етуді зияты 
зақымдалған оқушыларды бірізділікпен және шыдамды дайындау қажет, 
оларда белгілі бір ақыл-ойлы іс-әрекеттері қалыптастыру қажет. 
Жұмыс әдістемесінде әр бір арифметикалық мәтіндік есептердің 
келесі кезеңдерін кӛрсетуге болды: 1) мәтіндік есептің мазмұны бойынша 
жұмыс, 2) мәтіндік есептің шығарылуын іздеу; 3) мәтіндік есепті шығару; 
4) жауапты құрастыру; 5) мәтіндік есептің шешімін тексеру; 6) шыға-
рылған мәтіндік есеп бойынша кезекті жұмыс. 
Арнайы мектептерде арифметикалық
есептерді шешуге оқыту әдістемесі 
Арифметикалық тапсырмаларды орындау кезеңдері: 
I. 
Мәтіндік есептердің мазмұнымен танысу. 
II. 
Есептердің шешімін іздеу. 
III. 
Мәтіндік есепті шығару. 
IV. 
Жауабын құрастыру. 
V. 
Шығарылған мәтіндік есепті тексеру. 
VI. 
Шығарылатын келесі мәтіндік есепті талқылау. 

Жазбаша есептің шартын жазу түрлері: 
Мысалы: «Құмырада түймедағы мен раушан гүлдерінен шоқ гүл 
тұрды. Гүл шоғында 8 түймедағы, ал раушан гүлдер 3 дана артық болды. 
Шоқ гүлде барлығы неше гүл болды?» 
I. 
Қысқартылған жазу түрі.
Түймедағы-8 дана, раушан-3 данаға артық. 
Барлығы неше гүл? 
II. 
Қысқартылған-құрылымдық жазу түрі. 
Түймедағы - 8 дана.
Раушан -3 данаға артық Барлығы неше гүл? 


65 
III. 
Cхемалық жазу түрі. 
Түймедағы - 8
Раушан -3 дана артық
Барлығы қанша? 
IV. 
Графикалық жазу түрі. 
4450 км 
16 сағаттан кейін кездесті 
А――――――――――――В 
60 км/сағ ?
V.
Бағасы 
Саны
Құны
Бірдей 
5 кг 
100 тг 
4 кг 
х 
Мәтіндік есептердің шешімін жазу түрлері: 
I. 
Атаусыз: 2 + 1 = 3 
II. 
Атаумен жазу:
1. 
1) 8 
т + 3 = 12 қ 
2) 7 
т +12 р =19 гүл 
2. 1) 7
т +5=12 раушан гүл 
2) 7т +12 р =19 гүл 
3. Гүлдер саны қанша? 

т + 5 = 12 к 
Барлығы қанша гүл? 
7т +12 к =19 гүл 
1. 
Жоспар:
1) 
Раушан гүлі саны қанша? 
2) 
Барлығы гүл шоғында неше гүл? 
Шешуі: 
1) 7 
т + 5 =12 к 
2) 7 
т +12 р =19 г 
Жауабы:
Гүл шоғында барлығы 19 гүл. 
Қарапайым арифметикалық есептердің топтастыруы 
Қарапайым арифметикалық есеп деп бір арифметикалық амалмен 
шығарылатын есепті айтады. Қарапайым есептер күрделі есептердің 
құрамды бӛлігі ретінде саналады, мұғалім қарапайым есептерді шығару 
іскерліктерін қалыптастыра отырып оқушыларды күрделі есептерді 
шығаруға дайындайды. 
Арнайы мектепте арифметикалық амалдардың нақтылы мәнін 
ашып кӛрсететін есептер шешіледі (I топ). Бұл есептер қосындының мәні 
мен қалдықты табуға (1 сыныпта), кӛбейтіндінің мәнін табуға (бірдей 
қосылғыштардың қосындысы), бірдей бӛлімдерге бӛлуге (3 сынып), 
мазмұны бойынша бӛлуге бағытталған есептер (3 сынып).


66 
Сонымен қоса арифметикалық амалдардың жаңа мәнін ашатын 
есептер де шығарылады. Бұл есептер айырманың мәнімен қатынас 
ұғымымен байланысты (II топ): 
1. Санның бірнеше бірлікке кӛбеюі және азаюы. 
2. Сандарды айырмалы салыстыру сұрақтармен «нешеге артық...», 
«нешеге кем...». 
3. Санның бірнеше есе кӛбеюі және азаюы. 
4.Сандарды қысқаша салыстыру немесе екі санның қатынасын 
табу сұрақтармен: «Неше есе артық...», «Неше есе кем...».
Арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері 
арасындағы тәуелділікті ашатын есептерге (III топ), белгісіз қосындыны 
табуға, белгісіз азайғышты, белгісіз азайтқышты табуға бағытталған 
есептер. 
Сюжеттік есептер біркелкі және бірдей емес заттармен құрасты-
рылады, оларға жалпылаушы сӛздер кіреді. 
Тәжірибенің кӛрсетуі бойынша белгілі бір түрдегі есептерді шешуге 
үйретуде алдымен біркелкі заттары бар сюжетті есептерді қолдану 
қажет. Мысалы: «Себетте 4 алмұрт бар, онда тағы да 2 алма салынды. 
Барлығы себетте неше алмұрта болды?» Одан кейін түрлі қасиеттері-
мен: түсімен, кӛлемімен, материалымен және т.б. ажыратылатын бірке-
лкі заттары бар сюжетті есептер қолданылады. Мысалы: «Себетте 4 
үлкен алмұрт болды, онда тағы да 2 кішкентай алмұрт салынды. 
Барлығы себетте неше алмұрт болды?» Енді жалпылаушы сӛздері бар 
есептер кіргізіледі. Мысалы: «Себетте 4 алмұрт болды, онда 2 алмұрт 
салынды. Барлығы себетте неше жеміс болды?» Бұндай мазмұнды есеп-
терді шығарғанда оқушылар амалдарды жазу барысында атауларды 
тандауда, жауабында алынған санды саналы түсінуде қиындыққа 
ұшырайды. Бұндай түрдегі есептер мазмұнын мұқият талдауды, есептің 
шешімін жазғанша дейін сандық мәліметтердің атауларын тандауды 
талап етеді. 
Жаңа түрдегі есептерді иллюстрациялау үшін, кӛбіне бастауыш сы-
ныптарда, заттық құралдар, заттардың трафарет, сурет ретіндеге бейне-
лері, заттардың таңбалары және т.б. қолданылады. Бірақ зерттеулер 
мен бақылаулар келесіні кӛрсетті: оқушылар, егерде ӛздері заттармен 
немесе олардың бейнелерімен белгілі бір операциялар жасаса, немесе 
есеп сахна кӛрінісі ретінде кӛрсетілсе, есептің заттық ситуациясын жақсы 
ұғынады. Сондықтанда оқушыларды мақсатқа лайықты есептердің жаңа 
түрлерімен таныстыруды есеп-нұсқаулардан («Қорапқа 4 қалам сал. 
Одан 2 қаламды ал. Қорапта неше қалам қалды?»), есеп-сахналы кӛрі-
ністен («Мұғалім үш оқушыға 2 дәптерден берді (үш оқушыға дәптерлер-
ді таратады). Оқушылар барлығы неше дәптер алды?»). Одан кейін 
оқушылар мазмұнын бейнелей алатын есептерді шешуге кӛшеді, сурет-
терінде заттардың ӛзін немесе олардың таңбаларын бейнелейді. 
(«Тоғанда 10 үйрек және 4 қаз жүзіп жүрді. Тоғанда барлығы неше құс 
жүзіп жүрді?»). Оқушылар есепті құстардың трафареттерімен нақтылай-


67 
ды немесе 10 шаршы мен 4 шеңбердің суретін салады, таңбалы үйрек-
терді шаршы етіп, ал қаздарды – шнңбер етіп сызып. 
Сұрақ толығынан жазылмайды, таңбалар арқылы жазылады: 
дӛңгелек, шаршы ретінде немесе фигуралы жақша қосындының мәнің 
кӛрсетеді, ал (?) сұрақ белгісі, бұл қосындының мәнінің белгісіз екендігін 
білдіреді. 
Одан кейін, мұғалім есеп мазмұнын нақтылауға үйретеді, берілген 
мәліметтер мен ізделіп отырған шама арасындағы тәуелділікті түрлі 
қысқаша жазу арқылы ашып кӛрсетеді (жоғарыда кӛрсетілген). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет