«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата30.05.2022
өлшемі1,34 Mb.
#145554
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

 
 

ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте кӛптаңбалы
сандардың нӛмірлеуін және олармен арифметикалық
амалдарды орындауын оқыту әдістемесі 
 
1000 көлеміндегі және көптаңбалы сандардың нөмірлеуін және олармен 
жасалынатын арифметикалық амалдарды оқу міндеттері. 
«1000 кӛлеміндегі сандар» тақырыбын ӛту 4 концентрде ӛтеді. 
«Кӛптаңбалы сандар» тақырыбы 5 концентрде ӛтеді. Ол 3 подконцентрге 
бӛлінеді: 
1) 10 
мың кӛлеміндегі сандар. 
2) 
100 мың кӛлеміндегі сандар. 
3) 1 000 
000 кӛлеміндегі сандар. 
Осы тарауларды ӛту барысында зияты зақымдалған оқушылар 
келесі негізгі білімдерге, іскерлік пен дағдыларға ие болуы қажет:
1) 
1000 кӛлеміндегі және кӛптаңбалы сандардың атауларын бӛлу 
керек; 
2) 
сандарды оқып жаза білуі қажет; 
3) 
сан қатарындағы әр санның орның білу; 
4) 
әр санның құрамын білу; 
5) 
сандардың натуралды қатарларының бірізділігін білу: әрбір 
үзіндіні берілген саннан бастап тура және кері атап шығу;
6) 
сандардың ондық құрамын білу; 
7) 
сандарды салыстыра білу;
8) 
сандар үзіндісінің кӛлемінде барлық арифметикалық амалдарды 
ауызша және жазбаша орындай білу; 
1000 кӛлеміндегі және кӛптаңбалы сандардың нӛмірлеуін және 
олармен жасалынатын арифметикалық амалдарды орындау тарауын 
меңгерудегі зияты зақымдалған оқушылардың ерекшеліктері мен қиын-
дықтары. 1000 кӛлеміндегі және кӛптаңбалы сандардың нӛмірленуін 
меңгерудегі қиыншылықтары келесіге байланысты: 
-
кӛптаңбалы сандарды нақтылап түсіндіру қиын; 


59 
-
жалпыланған ұйымдар ауызша және жазбаша нӛмірлеу үшін 
қолдану барысында санасыз қолданылады.
Зияты зақымдалған оқушылар 1000 кӛлеміндегі және кӛптаңбалы 
сандармен бекітілетін заттар санын елестете алмайды. Оқушыларда ӛтіп 
жатқан сандар кӛлеміндегі санақ қиындатылған разрядты ӛту барысында 
шатасады: екі жүз тоқсан тоғыз, екі жүз тоқсан он, екі жүз тоқсан он бір 
т.б. Балалар кері санауды меңгеруде қиындыққа түседі, баяу меңгереді. 
Егер де жаңа разрядқа ӛту үшін санды біреуге, екеуге кӛбейтіп айт десек, 
балалар қателеседі. Зияты зақымдалған оқушылар сандағы цифрлар-
дың орның қиындықпен меңгереді. Олар сандарды жазу барысында әр 
разрядтың бірліктерін тастап кетеді: 906-96, 890-89. Сонымен қоса 
цифрларды орындарымен ауыстырады. Зияты зақымдалған оқушыларда 
1000 кӛлеміндегі және кӛптаңбалы сандарды оқуы қиынға түседі. 1000-
дық класын кӛрсетпейді, нӛлдеріне кӛңіл аудармайды. Арифметикалық 
амалдарды орындау барысында жасалатын қателіктер кестелік қосу мен 
алу, кӛбейту мен бӛлу жазбаша есептерінің алгоритмінің толықсыз 
меңгерілуімен байланысты. Балаларға тән қателіктер: «+» және «-» 
барысында ондықтарды жүздіктерге қосады. Нәтижесінде ондықтар 
разрядына жазады:
300+50=700, 600+40=70,
400+20=200, 500+20=502 
Орындалған амалдарын үстіртін тексереді, бұл тексерудің мәніі 
түсінбеуімен байланысты. Жазбаша «+» мен «-» барысында разрядты 
жазу қамтылмайды. «-» барысында азайтқыштың үлкен цифрдан 
азайтқыштың кіші цифры алынады: 483-8=485. Нӛлдері бар есептерді 
шығару барысында қателік жібереді.
1000 көлеміндегі және көптаңбалы сандардың нөмірлеуін оқу 
әдістемесі. 
Нӛмірлеуді ӛтудің бірізділігі (1000 мысалында): 
1. 1000 кӛлеміндегі жүздіктер мен санау, жүздіктерді цифрлармен 
белгілеу, жаңа разрядтың мыңдықтың құрамы; 
2. Жүздіктермен және ондықтармен санау, сандарды жүздіктер мен 
ондықтардан құрастыру; 
3. Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау. Сандарды 
жүздіктерден, ондықтардан, бірліктерден құрастыру; 
4. 1000 кӛлемінде жазбаша нӛмірлеу; 
5. сандардың натуралды қатарынан бірізділігін бекіту; 
6. арифметикалық амалдарды орындау барысында нӛмерлерді 
бекіту; 
Кӛптаңбалы сандардың нӛмірленуін ӛту осыған ұқсас ӛтеді, 
жоғарыдағы разрядтардан басталады.
1000 кӛлеміндегі нӛмерлеуді ӛту кезеңіне тоқталайық. Нӛмерлеуді 
ӛтуде алғашқы қадам болып, жаңа санақ бірлігімен жүздікпен танысу 
саналады. 1 ондықты құрайтын 10 бірлік сияқты 10 ондық 1 жүздікті 
құрайды. Жүздікпен санау ондықтармен санау сияқты жүргізіледі. Бұл 


60 
кезеңде санақ таяқшаларына қолдана беруге болады: таяқшалардың 
үлкен бумалары саналады (10 байланған түйін). Таяқшалар мен бірге 
шоттар да қолданылады: жүздіктер астынан санағанда 3-сымда 
орындалады.
Бірліктер, ондықтар және жүздіктер қатарын салыстыру үшін келесі 
кесте қолданылады: 
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10 20 30 40 50 60 70 80 90 
100 200 300 400 500 600 700 800 900 
1000 2000 3000 4000 5000 6000 7000 8000 9000 
Оқушылар сандарды оқиды, қатар мен бағандағы сандарды 
салыстырады. Жүздіктермен танысу разрядтық кестені қолдану 
барысында жүргізіледі.
Разрядтық кесте бойынша алдыңда ӛткен тақырыптар сияқты 
жаттығулар жүргіземіз.
-
Алдыңғы кезеңде санау ондықтар мен жүздіктерді: 1 ондық, 2 
ондық, 10 ондық, 11 ондық..... одан кейін таяқшалар бумасына жүздікке 
қосу басталады: 110, 120... сӛздік жұмыс жүргізіледі. Мұғалім келесі 
кестені даярлауға болады: 
10 20 30 40 50 60 70 80 90 100 
100 120 130 140 150 160 170 180 190 200 
910 920 930 940 950 960 970 980 990 1000 
Осы кестені қолдана отырып, оқушылар ондықтармен (кӛлденең), 
жүздіктермен (тігінен) санауына болады. Санақ тура және кері жүогізілуі 
қажет.
-
Бұл кезеңде абактар, таяқшалар және шоттар қолданылады. 
Балаларға 1 жүздікті 2 ондықты және 5 бірлікті алу ұсынылады. 
Одан кейін балалар құралған санды атап оны жазу құрасыру керек: 125. 
Алдын ала оны разрядтық кестеге жазса, балалар сандағы цифрлардың 
орнын жақсы меңгереді.Сандардың құрастырылуы бекіту үшін 
жасалынатын жаттығулар:
-
жүздіктен, ондықтан, бірліктен тұратын сандарды құрастыр; 
-
жүздік пен бірліктен тұратын санды құрастыр; 
-
жүздік пен ондықтан тұратын санды құрастыр; 
Балалардың кӛңілін разрядты бос сандарды жазуға аудару қажет: 
0-
мен жазуларын. 
-
1000 жазбаша нӛмірлеу. Бұл кезеңде цифр, сан 1 таңбалы, 2 
таңбалы сандар термині қайталанады. Сандардың ондық құрамы 
бекітіледі. Оқытудағы бірізділік : 
1. 
Толық 3 таңбалы сандардың жазылуымен танысу; 
2. 
2 немесе 1 разрядтың бірліктері 0- ге тең сандардың 
жазылуымен танысу. 
Жұмыс істеу тәсілдері: 
-
Разрядтық кестемен жұмыс жасау; 


61 
-
Нұсқау тапсырмаларымен жұмыс жасау: I бірліктер, II ондықтар, 
III жүздіктер. Олар бір-бірінің үстіне қойылады.сондықтан цифрлардың 
орнын анықтап нақтылау бойынша жаттығулар жүргізу қажет. 
Цифрлардың сандарда алатын орнын ғана бекітпей, сонымен қоса 
сандағы неше разрядтық бірліктердің бар екенің де анықтау қажет. 
Зияты зақымдалған оқушыларға бұл қиындықпен беріледі. Бұл 
балалардың сӛздік инструкияны түсіну ерекшеліктері мен ұқсас 
сұрақтарының жіктей алмауымен байланысты. Жұмысты сандағы 
ондықтар санын анықтаудан бастау қажет. «Мына санда барлығы неше 
ондық бар?» Ол үшін сандағы бірлік жабылады: 720 - 72 ондық, одан 
кейін сұрақтарды жіктеуге бағытталған жаттығулар жүргізіледі: «Мына 
санда барлығы неше ондық бар?» және «Санда неше ондық бар?» 720 
санында барлығы 72 ондық бар, одан кейін сондағы бірліктердің жалпы 
санын анықтауға ауысады: 720-720 бірлік. Осыған ұқсас келесі 
жаттығулар жүргізіледі: «Санда барлығы неше бірлік бар?» және «Санда 
неше бірлік бар?». 
Жаңа жүздікке, ондыққа ауысатын санаққа ерекше кӛңіл 
аударылады: 299, 300, 849, 320. санақ берілген саннан берілген санға 
дейін бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен бірдей санақ топтарымен 
тура және кері қатармен жүргізіледі. Бұл кезеңде «1000» атты құралмен 
жұмыс жүргізіледі.
Келешекте нӛмірлеу I мыңдық сандарымен арифметикалық 
амалдарды орындау барысында бекітіледі.
4. Мың кӛлеміндегі және кӛп таңбалы сандармен жасалынатын 
арифметикалық амалдар. 
Мың кӛлеміндегі және кӛп таңбалы сандармен жасалынатын 
арифметикалық амалдар берілген бірізділікпен жүргізіледі, әдістемелік 
ұсыныстар: 

Алғашқы қосу мен алу нӛмірлеуді білу білімдеріне
негізделеді: 
400 + 100 = 4 
жүздік + 1 жүздік = 5 жүздік = 500. 

Разрядтан ӛтпеу арқылы «+» мен «-» астынан сызумен,
доғаларды салу.

Амалдарды орындаудың алдыңда сандардың құрамындағы 
ондықтардың 
талдауын 
жасап, 
сандағы 
цифрлардың 
жазылу 
орындарына кӛңіл аударып, бекіту қажет. 

Жазбаша «+» мен «-» алгоритмінің негізгі разрядтық жазу және 
разрядтық «+» мен «-» тӛменгі разрядтан басталады.

Нӛлдері бар сандармен жасалтатын амалдарға ерекше кӛңіл 
бӛлу. 

Санды нӛлдері бар бірліктерге кӛбейту барысында кӛбейтіндіге 
сәйкес нӛл сандары жазылады.

Санда нӛлдері бар бірліктерге кӛбейту барысында кӛбейтіндіге 
сәйкес нӛл сандары жазылады: 8 x 100 = 800. 


62 

Санды нӛлі бар бірліктерге бӛлгенде бӛлінгіштен сәйкес нӛлдер 
алынады: 900:100=9 Жазбаша кӛбейту барысында разряд бойынша жазу 
мен кӛбейту жүргізіледі. Тӛменгі разрядтан басталады. 2 таңбалы санға 
кӛбейткенде кӛбейтінді 2 толықсыз кӛбейтіндінің қосылуы нәтижесінде 
шығады. 
Жазбаша бӛлу барысында бұрыштар қолданылады. Бӛлу жоғарғы 
разрядтан басталады. Алдын ала бӛліндіге таңбалардың санының 
анықталуымен белгіленеді. 
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 1000 кӛлеміндегі және кӛптаңбалы сандардың нӛмірлеуін және 
олармен жасалынатын арифметикалық амалдарды оқу міндеттерін 
атаңыздар. 
2. 
Аталмыш тарауды меңгерудегі зияты зақымдалған оқушылар 
қандай қиындықтарға тап болады? 
3. 
Аталмыш тарауды меңгеруде қандай кӛрнекі құралдар 
қолданылады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет