«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»


  ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте уақыттық



Pdf көрінісі
бет26/42
Дата30.05.2022
өлшемі1,34 Mb.
#145554
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

13 
ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте уақыттық
ӛлшемдерді оқыту әдістемесі 
Арнайы мектеп оқушыларында уақыттық түсініктерді дамытудың 
ӛмірлік-тәжірибелік және түзете-тәрбиелеу маңызы зор. Аталған мектеп 
оқушыларының уақыттық түсініктерін зерттеу келесіні кӛрсетті, аталған 
категориядағы балаларда бұндай түсініктер қалыпты дамыған балаларға 
қарағанда кешірек қалыптасады, және де қалыпты балалардың уақыттық 
түсініктерінен сапасы бойынша да ажыратылады.
 
Арнайы мектептің 1-ші сыныбына түскен зияты зақымдалған 
оқушылар апта күндерін білмейді, қарапайым уақыттық терминология-
ғада (түсініктергеде) ие емес. Мысалы, «бүгін», «ертең», «кеше» термин-
дерін былайша қолданады: «Мен ертең анаммен мұражайға бардым», 
«Кеше бізде Наурыз мейрамы болады». Бұл зияты зақымдалған бала-
лардың аталған түсініктерді нақтылы ӛмірлік оқиғалармен сәйкестіре 
алмауы туралы айтады. Олар уақыттың тоқтамай кетіп жатқанын және 
оның қайтып келмейтінің түсінбейді. Кейбір оқушылар түнде бәрі ұйық-
тағанда уақыт тоқтайды деп ойлайды. 
Оқушылар жыл мезгілдерінің атауларын, олардың бірізділігін, әр 
жыл мезгіліне тән табиғаттағы және ауа-райындағы ӛзгерістерді жат-
тайды, бірақ ӛз білімдерін қолдана алмайды. Мысалы, «Қазір қай жыл 
мезгілі?» - сұрағына – «Кеше кӛктем болды, бәрі еріп кетті, ал бүгін қыс 
түсті, қар жауды, қатты аяз» – деп жауап береді. 
Зияты зақымдалған оқушыларда уақыт ӛлшемінің бірліктері туралы 
шынайы (нақты) түсініктері жоқ. 1-ші-2-ші сынып оқушылары: «Әр түрлі 
уақыт бірліктері (секундта, минутта, сағатта, тәулікте және т.б. ) кезінде 
нені істеуге болады?» - деген сұраққа кӛмескі жауаптар береді, мысалы: 
« 1 секундта – ұйықтауға, ойнауға болады; 1 минутта – ойнауға, сабақ 
оқуға болады; 1 сағатта – ойнауға, жазуға болады». Жоғарғы сынып 
оқушылары жауаптарын нақтылайды, бірақ олардың уақыт бірліктерінде 
не істеуге болатындығы туралы түсініктері кӛбіне дұрыс емес: «1 
секундта – бес есеп шығаруға болады, ӛлең айтуға болады; 1 минутта – 
жазбаша сабақтарды орындауға болады, еденді жууға болады; 1 сағатта 
– 1 км жүруге болады, орындықтың аяқтарын жасауға болады дейді» 
және т.б. Уақыт бірліктері ірі болса, балаларға оны нақтылау қиынға 
түседі. 
Зияты зақымдалған оқушылар жеке іс-әрекет түрлерінің ұзақтығы 
туралы түсініктері нақты емес, тіпті олардың күнделікті ӛмірлерімен 
байланысты болса да (мысалы, серуен, түскі тамақ, таңертенгі ас, үзіліс, 
сабақты дайындау, мектепте болатын уақыт, түс кӛру және т.б. 
оқиғалардың ұзақтығы туралы). 
Арнайы мектеп оқушылары уақыт ӛлшемі бірліктерінің ара-сал-
мақтығында қиыншылықпен меңгереді. Олар жылда 12 ай, 120 күн, 1 
айда 37 күн, сағатта 100 минут, 1 сағат минуттан кем, ай жылдан артық 
деп ойлайды. Басқа метрлік ӛлшемдер бірліктерінің арасалмақтығын 


83 
уақыт ӛлшемінің қатынастарына ауыстырады, 1 жылда 1000 күн, 1 
сағатта 100 минут, 1 минутта 10 секунд бар деп түсінеді. Сондықтанда 
уақыт ӛлшемінің ірі бірліктерін кішілермен кӛрсеткенде (360 минут = 3 с 
60 мин), уақыт ӛлшеу бірліктерінің ірі және кіші бірліктерін қолдана 
отырып жазылған сандармен амалдар орындау барысында (2 с 30 мин – 
1 с 40 мин = 90 мин) қателіктер жібереді. 
Зияты зақымдалған оқушыларда оқиғалардың болған уақыты мен 
бірізділігі туралы түсініктері қиындықпен қалыптасады. Оларға бізден 
жүз, мың, тіпті оншақты жылға қашықтаған уақыт кесіндісін елестету, 
түсіну қиынға соғады. Оларда ӛткенді жақындату тенденциясы байқалы-
нады: бұрынғы тарихи оқиғалардың кейіпкерлерін олар жақындағы 
немесе бүгінгінің кейіпкерлері деп санайды. 
Зияты зақымдалған оқушылар түрлі дәуірде болған фактілер, 
құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланысты қиындықпен түсінеді, 
олардың уақыттық түсініктері кӛп уақытқа дейін қарапайым-кӛрнекілік 
деңгейінде қалады. Арнайы мектеп оқушылары үшін оқиға болған жылды 
ғасырмен сәйкестендіру қиынға түседі. Мысалы, оқушылар, Ұлы Отан 
соғысының басы мен аяқталған жылын және XXI ғасырда тұраты-
нымызды біле тұра, ӛз бетінше 1941–1945 жылғы соғыс ХХ ғасырда бол-
ғаның кӛрсете алмайды. 
Уақыттық түсініктер игеруге қиын, ӛйткені олар спецификалық 
(ерекше). Олардың спецификасы (ӛзгешелігі, ерекшелігі) келесімен 
түсіндіріледі: 
1) уақытты сезім мүшелерімен қабылдауға болмайды: уақытты 
басқа ӛлшемдерге (ұзындық, салмақ, кӛлем, аудан және т.б.) қарағанда 
кӛруге, түйсінуге, сипап сезінуге болмайды; 
2) уақытты жанама ӛлшеу, басқаша айтқанда белгіленген уақыт 
аралығында болған ӛзгерістермен ӛлшеу: ара қашықтықпен (жаяу кісі 1 
сағатта 5 км жүрді), қимыл санымен (6 рет шапалақтадық – шамамен 1 
секунд ӛтті), сағат циферблаты бойынша тілдерінің қимылы (минуттық 
тілі 1 цифрынан 2 цифрына жылжыды – 5 инут ӛтті) және т.б. 
3) уақытты ӛлшеу бірліктері арасындағы арасалмақтықтар (1 с = 60 
мин, 1 мин = 60 с, 1 жыл = 365 (366) тәулік, 1 ай = 28 (29, 30, 31) күн, 1 
жыл = 12 ай, 1 тәулік = 24 сағат және т.б.) басқа ӛлшемдердің (ұзындық, 
бағасы, салмағы және басқалары) ӛлшеу бірліктерінің арасалмақтары-
нан ажыратылады, олар санақтың ондық жүйесінде кӛрсетіледі; 
4) уақыттық терминологияның кӛптігімен (сонсон, ерте, енді, қазір, 
алдында, содан кейін, тез, баяу, жақында, ұзақ және т.б.) және оны қол-
данудың салыстырмалылығымен («Кешегі ертең болған, ертең кеше 
болады»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет