«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет24/42
Дата30.05.2022
өлшемі1,34 Mb.
#145554
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

Тарауды оқытуға қойылатын талаптар: 
1. Тақырып дерексіз сандардың нӛмірленуімен, олармен орындала-
тын арифметикалық әрекеттерді оқытуымен тығыз байланысты болуы 
қажет.
2. Ӛлшемді тек қабылданған ӛлшеу бірліктерімен ғана ӛлшеуге 
болады деген кӛзқарасты қалыптастыру қажет.


76 
3. Ӛлшеу бірліктерімен таныстыруды оның қажеттілігін дәлелдейтін 
ӛмірлік ситуациядан бастау қажет.
4. Барлық талдағыштарға сүйену қажет.
5. Ӛлшеу бірліктерін оқыту барысында практикалық (тәжірибелік) іс-
әрекетке сүйіну қажет.
6. Кӛрнекілікті қолдану.
7. Ӛлшеу дағдыларын дамыту үшін жүйелі жаттығулар жүргізу.
8. Дидактикалық ойындарды қолдану.
Атаулы сандармен таныстыру және оларды түрлендіруді үйрету 
әдістемесі. 
Жұмыстың бұл түрі арнайы мектеп оқушыларымен қиыншылықпен 
меңгеріледі. Қиыншылықтардың біреуі болып оқушылардың қалай ғана 
бір ӛлшем түрлі сандық сипаттамасына ие болатындығын түсінбеуі 
саналады, басқаша айтқанда, мысалы, сынып ұзындығы қалайша 7 м, 70 
дм, 700 см болуы мүмкін. Сандар әр түрлі, бірақ олар бір ӛлшемді – 
сынып ұзындығын сипаттайды. 
Екінші қиыншылық түрлендіруді жасау барысында туындайды: 200 
см = 2 м (үлкен ӛлшемнің атауы аз санның қасында тұрады). 
Түрлендіруді орындау барысында, тәжірибенің кӛрсетуі мен арнайы 
жүргізілген зерттеулер бойынша, оқушылар келесідей қателіктер 
жібереді: 
1) үлкен ӛлшемдерді кішкентаймен алмастыруда: 4 км 85 м = 485 м 
(нӛл босатылған, қойылмаған); 78 м 5 дм = 7805 дм (артық нӛл 
қойылған); 35 тг 7 тиын = 3570 тиын (нӛл орнында тұрған жоқ); 35 км 386 
м = 35 386 км; 3 кг 85 г = 3085 км (атауы дұрыс жазылмаған); 4 тг 70 тиын 
= 470 (нәтижесінің атауы жоқ); 
2) кішкентай ӛлшемдерді үлкендермен алмастыруда: 28 .ң, тиын = 
28 тг 746 тиын; 8050 г = 80 кг 50 г немесе 805 кн 0 г (саннан қажетті 
разрядтарды іріктей алмауы); 387 м = 3 кг 87 м, 2308 кг = 2 тг 308 тиын = 
23 тг 08 тиын (атаулардың дұрыс жазылмауы); 785 ц = 7 кг 85 ц (атаулар 
ретінің бұзылуы); 280 км х 2 = 5600 кв. м = 56 кг (атаудың кездейсоқ 
жазылуы). 
Бұл ӛлшемдер атауларының ӛзара алмасуының себебі болып 
нақты бейненің болмауы мен дыбыстауының ұқсастығы саналады. 
Сондықтанда келесідей тапсырмалар пайдалы: ұзындығы 10 см 
жолақшаны ӛлшеу, одан кейін осы жолақшаның ұзындығын дециметрде 
анықтау. Сонымен бұл жолақшаның ұзындығы 1 дм немесе 10 см тен, 
басқаша айтқанда бұл жерде үлкен ӛлшем кішімен алмастырылады. 
Керісінше, былай жазуға болады, жолақшаның ұзындығы 10 см немесе 1 
дм тен деп, басқаша айтқанда кіші ӛлшемді үлкен ӛлшеммен 
алмастыруды жүргізу керек. 
Қарындаш ұзындығын сантиметрде табу қажет (14 см), одан кейін 
дециметрде және сантиметрде (1 дм 4 см). 14 см –де 1 ондық сантиметр 
бар, немесе 1 дм тағы 4 см бар. Кескіндер тендігіне сүйене отырып, 
жазамыз: 14 см = 1 дм 4 см 


77 
Ал 1 дм 4 см = 14 см, басқаша айтқанда кіші ӛлшемдерді үлкенмен, 
ал үлкендерді – кішімен алмастырдық. 
Кескіндерді салыстыру арқылы оқушыларды миллиметрлерді 
сантиметрмен алмастыруға және керісінше үйретеді. Мысалы, шегенің 
ұзындығын сантиметрде, ал қалдығын (сантиметрден кемін) миллиметр-
де табуға ұсынылады. Екі сан шығады: 1 см 5 мм немесе 15 мм, олар бір 
ӛлшемді сипаттайды. Сондықтанда 1 см 5 мм = 15 мм. Келесі түрдегі 
тапсырмаларды беру де пайдалы: ӛлшемді (ұзындығын) екі ӛлшеу 
бірліктерімен, одан кейін бір бірлікпен тауып нәтижелерін салыстыру. 
Бұндай түрлендірулерді орындау үшін оқушылар 10, 100, 1000 
кӛбейтіп, 10, 100, 1000 қалдықсыз және қалдықпен бӛле алуы міндетті 
(арнайы мектепте ӛтетін ӛлшемдердің арасалмағы 10, 100, 1000 сан-
дарымен байланысты); ӛлшемдерді ӛлшеу барысында бірліктерінің 
арасалмағымен сандар мысалдарын келтіре алуы қажет, олар 10, 
немесе 100, немесе 1000 тен болуы қажет, мысалы: 3 см 5 мм, 8 тг 15 
тиын, 3 км 859 м және т.б. 
Сандарды түрлендірумен таныстыру үлкен ӛлшемдерді кішімен 
алмастырудан басталады (5 сынып). Алдымен, осы түрлендірудің 
қажеттілігін білдіретін ситуация (жағдай) жасау керек. 
Мысалы, оқушыға жолақшаны дециметрде ӛлшеу ұсынылады; одан 
ұзындығы 4 см жолақшаны кесіп алу және келесі сұрақтарға жауап беру 
ұсынылады: ұзындығы қандай жолақша қалды? Ұзындығы қандай 
жолақша болып еді? (1 дм.) Неше сантиметр кесілді? (4 см.) Келесідей 
жазу беріледі: 1 дм – 4 см. 1 дм 10 см алмастыру қажет. 
Одан кейін арнайы жаттығулар жүргізіледі, мысалы: 
4 дм = ... см 10 тг = ... тиын
4 дм = 40 см 1 тг = 100 тиын 
10 см х 4 = 40 см 100 тиын х 10 = 1000 тиын 
4 дм = 40 см 10 тг = 500 тиын 
Келтірілген есептерде үлкен ӛлшемдер кішілермен алмастырылды. 
Осы түрлендірумен параллельді мұғалім ӛлшеу барысында алын-
ған кіші ӛлшемдегі санды, үлкен ӛлшемде кӛрсетілуін үйретеді. 
Е с е п Т ү с і н д і р м е
10 мм = 1 см 1 ондық миллиметр 1 см құрайды. 
20 мм = 2 см 20 санында неше ондық бар? 20 санында 
2 ондық бар (20:10=2). Сондықтанда,
20 мм дегеніміз-----2см.
Осы кезенде разрядты бірліктермен салыстыруды жүргізу пайдалы:
100 бірлік = 1 жүздік 100 тиын = 1 теңге
200 бірлік = 2 жүздік 200 тиын = 2 теңге
800 бірлік = 8 жүздік 800 тиын = 8 теңге 
Берілген санда неше теңге бар екендігін білу үшін, тиын санын 100 
тиыннан бӛлу керек. 


78 
Одан кейін күрделі есептер қарастырылады. Мысалы, 5 см 6 мм- ді 
миллиметрде кӛрсету қажет. 1 см-де 10 мм бар болғандықтан, 5 см 5 есе 
артық болады. 10 мм х 5 = 50 мм, одан кейін 50 мм + 6 мм, сонда, 5 см 6 
мм = 56 мм. 
Кері есеп: Санды үлкен ӛлшеу бірліктерімен кӛрсету, мысалы 56 
мм-ді сантиметр және миллиметрде кӛрсету қажет. Есімізге түсірейік, 10 
мм = 1 см. Одан кейін мұғалім «56 санында неше ондық бар?» - деп 
сұрайды. (56 санында 5 ондық, немесе 5 см бар. Сонда, 56 мм = 5 см 6 
мм.). 
Келесідей тапсырмалар пайдалы: 
27 
245 санында барлығы неше мындық бірліктері бар? 
Босатылған сандарды жаз: 45 бірл. = ... онд. ... бірл., 45 см = ... дм 
.... см. 
Кіші ӛлшемдерді үлкендермен алмастыр: 475 тиын = ... тг. ... тиын. 
3745 тиын = ..., 185 см = ..., 3075 г = ... 
Босатылған сандарды жаз: 10 м 45 см = ... см, 3 т 405 кг = ... кг. 
Сандарды салыстыр (таңбаларды қой >, <, =): 4500 м ... 4 км 50 м, 
7 т 5 ц ... 7 т 500 кг, 3800 тиын ... 380 тг. 
Дұрыс атауларды қой: 1 ... = 1000 ..., 1 ... = 100 ... .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет