75
4. Ӛлшеу барысында алынған сандарды түрлендіре білуі қажет.
5. Ӛлшемдерді ӛлшеу барысында шыққан сандармен арифмети-
калық әрекеттерді орындай алуы қажет.
Ӛлшемдерді ӛлшеу барысында алынған сандарды жазуда зияты
зақымдалған оқушылар ӛлшемді ӛлшеу бірліктерін дұрыс қарастырмай
ӛлшеу бірліктері атауының жазу орнын шатастыруы мүмкін, мысалы,
ӛлшеу нәтижесін: 30 см 5 м деп жазуы мүмкін. Сондықтанда келесідей
тапсырмалар пайдалы: 50... 35 см, 10 тг 25... (бос жерлерге ӛлшем
атауларын жазындар); әр санның қалай пайда болғанын айтындар: 3 м,
10 тг 50 тиын, 8 қарындаш, 48 түйме, 25 кг, 75 дәптер, 12 м 60 см, 60
кітап және т.б. (ӛлшеуден бастап, заттардың санауынан бастап);
сандардың қатарынан ӛлшеуден алынған ғана сандарды жазындар: 2 м
55 см, 8 кг 300 г, 8 м, 12 м, 126, 45 тиын, 30 тг, 4 л, 3 км 400 м, 8 т 500 кг,
30, 45, одан кейін бір бірлікпен ӛлшенген сандарды жазыдар, ал одан
кейін ӛлшеудің екі бірліктерімен ӛлшенген сандарды жазындар.
Перова М.Н., Эк В.В. зерттеулері бойынша зияты зақымдалған оқу-
шылардың атаулы тараудағы білімдерді меңгеру барысында кездесетін
келесі негізгі қиындықтары анықталған:
-
әр ӛлшеу бірліктерінің кӛлемдері туралы нақты кӛріністерінің
болмауы;
-
бір ӛлшемнің (кг және г), түрлі жүйенің ӛлшеу бірліктерін
шатастыру (кг және км);
-
ӛлшемдер арасалмағын анықтаудағы қиындықтар;
-
ӛлшеу бірліктері мен ӛлшеу құрал-саймандарын шатастыру;
-
ӛлшеу құрал-саймандарын қолдана алмауымен байланысты
ӛлшеудегі қателіктер;
-
арифметикалық әрекеттерді орындау барысындағы қателіктер:
атауларына кӛңіл аудармайды (см+м), сандардың құрамдық атаулары-
ның орнын ауыстырады (2 см 3 м), жауапты жазуда қателіктер жібереді
(см қосу барысында кг, т және басқа кӛрсеткіштерді алады);
-
аталмыш сандарды түрлендіру барысында: атауларын жазуда
орындарын ауыстыррады (2 см 3 м), кіші ӛлшемдердегі таңба сандарын
анықтауда қателіктер жібереді (8 км 1126 м), бір ӛлшеу бірліктерін
екіншілерімен алмастыру (5 км 385 м = 5385 кг). Үлкен ӛлшемдерді
кішілермен алмастыруда сандарды босатады 4 кг 75 г = 475 г (0 боса-
тылды, жазылмады), 5 дм 3 см = 503 см (0 артық), 25 тг 9 тиын = 2590
тиын (0 ауыстырып қою), кіші ӛлшемдері үлкендермен алмастыру
барысында қажетті разрядтарды анықтай алмау (32162 тиын = 32 теңге
162 тиын).
Достарыңызбен бөлісу: