«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет31/42
Дата30.05.2022
өлшемі1,34 Mb.
#145554
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

Ондық бөлшектерді құрастыруы, оқуды, жазуды,
түрлендіруді оқыту әдістемесі 
Ондық бӛлшектердің құрамы. Жұмыс ұзындықтарды ӛлшеу мо-
дельдерден жұмыс жасаудан басталады: модельдер бойынша кесінді-
лерді кӛрсетіп олардың ұзындығын жай бӛлшектермен жазу. Алдымен 
бӛлшектер ӛлшемдер (оннан бір, жүзден бір, мыңнан бірге) тең болу 
керек. Бӛлшектерді жазу барысында оқушылардың назары бӛлімдегі 
нӛлдері бар бірге аударылуы қажет. Мұғалім ондық бӛлшектер туралы 
анықтама береді. Бӛлімі ретінде нӛлі бар бір келтіреді: одан кейін осы 
бӛлшектерді салыстыру бойынша жаттығулар ӛткізу қажет- онға, жүзге, 
мың бірдей бӛлшектерге бӛлу. Ондық бӛлшектерді жазу мен оқу бұл 
жұмысты разрядтық кестені қолдану арқылы жүргізу қажет. 
Бүтін сандар 
Ондық сандар 
Ондықтар класы 
Бірліктер 
класы 
Жүз 
мыңды
қтар 
Он 
мың-
дықтар 
Бір
мың-
дықта
р 
Жүз
дік 
Он-
дық 
Бір
лік 
Оннан 
бір 
Жүзден 
бір 
Мыңнан 
бір 
100000 10000 
1000 



(0,1)1 
(0,01)1 
(0,001)1 
Егер де 1/1 санының оң жағынан бірді жазсақ алынған сан бірден 
он есе кем болады. Бұл бір-бірінің оныншы үлесі. 
Разрядтық кестеде бүтін сандар ондық үлестерден сызықпен 
бӛлінеді, ал жазуда бүтін бӛлігі бӛлшектен үтір арқылы бӛлінеді 111, 11. 
егер де бүтін бӛлігінде бірліктер болмаса, оның орнына «0» жазылады: 
1/10=0,1. оқушылардың санасында ондық бӛлшектерді жазуының екі түрі 
арасындағы байланысты жоғалтпау қажет. Басқаша айтқанда бір санды 
әртүрлі жазуға болатындығын түсіндіру керек. Ондық бӛлшектерінің 
жазылуы құрамында оқушылар тек бүтін мен бӛлшек бӛлігінің орнын 
ғана білмей, сонымен қоса бӛлшектердің компоненттерінің кӛру қажет. 
Алмы мен бӛлімі. Ол үшін оқушыларға үтіреден кейін алым жазылады 
деп түсіндіру қажет. Үтірден кейінгі таңба сандары бӛлімдегі нӛлдер 
санына сәйкес болуы керек. Сонымен, бӛлшектердің бӛлімі жа-
зылмайды. Бірақ біз оны атаймыз. Мұндай түсіндірмелер жаттығулармен 
бекітіледі: ондық бӛлшекті бӛлімі бар, бӛлімі жоқ бӛлшектен алмастыру 
және керісінше. Ондық бӛлшектерді оқу мен дұрыс жазу оқушылармен 
үтірден кейінгі таңбалар саны бойынша үлестерді анықтау әдісін сәтті 


95 
игерумен қамтамасыз етіледі. Тапсырмалармен жаттығулардың мысал-
дары:

Бӛлшектер қатарынан оннан бір, жүзден бір, мыңнан бір 
үлестері бар бӛлшектерді іріктеп жазыңдар. Оларды қалай таптындар? 
Бӛлшектердің бӛлімін атаңдар.

Бӛлімі он, жүз, мыңға тең. Бӛлшектерді тауып жазыңдар. Бұл 
бӛлшектердегі үлестерді табыңдар. 

Оннан бір, жүзден бір, мыңнан бір үлестері бар бӛлшектерді 
ойлап тауып жазыңдар. Бұл бӛлшектердің бӛлімдерін атаңдар. 

Бӛлшекте үтірден кейі 1 (2,3) таңба тұр. Бұл бӛлшектерде 
қандай үлестер бар? Бұл бӛлшектердің бӛлімі қандай? 

Үтірден кейін 1 (2,3) таңбасы бар бӛлшектерді ойлап жазыңдар 
бұл бӛлшектерде қандай үлес бар? Бұл бӛлшектерде қандай бӛлшектер 
бар? 

Ондық бӛлшектерінің оннан бір үлесі бар.үтірден кейін неше 
таңба тұр? Бӛлшектердегі бӛлімді атаңдар. 
Жоғарыда кӛрсетілген тапсырмалар мен жаттығулар екі түрдегі 
екі жақтың байланысын қалыптастыру мақсатымен ұсынылады: 
1. 
бӛлшектердің бӛлімі тепе-тең үлесінің атауы; 
2. 
үлестерінің атауы тепе-тең ондық таңбаларының саны; 
Балаларда кей разрядтары жоқ бӛлшектерді жазу мен оқу қиындық 
туғызады. Жай және ондық бӛлшектерді шатастырмау үшін олардың 
ұқсастығымен айырмашылығы қарастырылады. Жай және ондық 
бӛлшектер ортақ қасиеттері бүтін және бӛлшек бӛлімі бар бӛлшектер 
айырмашылығы бӛлшегінің аталуы, жазылуы әртүрлі: үтірінің болуы 
ондық үлестерінің бар екендігін білдіреді: ондық бӛлшектер мен бүтін 
сандар ортақ қасиеттері бір жолға жазылады. Айырмашылығы үтірдің 
болуы. Кӛрнекілік ретінде жылжымалы үтірі бар арналған құралды 
қолдануға болады. Бӛлшектерінің талдауының разрядтық қасиетінің 
кестені қолдану арқылы жүргізіледі. 
Ондық бӛлшектерді салыстыру жай бӛлшектер сияқты бірдей 
бӛлімі бар ондық бӛлшектерді салыстырудан бастайды. Алдымен бірдей 
бӛліммен одан кейін әртүрлі бӛлшектерімен. Бӛлшектерді салыстыруды 
алдымен бӛлімінде 10, 100, алдыңдағы 1000 бӛлшектерден бастау 
қажет. Балаларда әртүрлі бӛлімі бар және үтірімен жазылған 
бӛлшектерді салыстыру қиындық туғызады. Бұл бӛлшектерді салыстыру 
үшін оларды ортақ бӛлікке келтіру қажет (нӛлдерді жазу арқылы). 
Оқушыларды келесі тұжырымға әкелеміз белгіленген цифрға оң жағынан 
жазылынатын нӛлдер бӛлшекке әсер етпейтіндігін айтамыз. Бұл заттық-
сарамандық іс-әрекет барысында метрлік сызғышты қолдану арқылы 
дәледенеді: метрде неше ондық үлестер? Метрлерінің 1/10 үлесі нешеге 
тең? (1дм) метрдің неше 1/100 үлесі бар қанша?
Метрдің 1/100 бӛлігі (үлесі) қанша? (1 дм) 
0,4м = 4дм 


96 
0,40=4дм 0,4=0,40 
Бұндай жұмыс ондық бӛлшектерді қысқартуға болатындығына 
әкеледі. 1 кӛлді алып тастап, бӛлшекті 10-ға қысқартамыз. 2 кӛлді алсақ 
100-
ге қысқартамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет