100
құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістерін қолдану кезінде
болады.
8.
Оқу процесін ұйымдастырудың барлық
инновациялық тәсілдер
оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде
алмасуды кӛздейтін білім алушының шынайы шығармашылық
процесіндегі қарым-қатынас үлгісіне айналдырады.
9.
Пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды
(нысандар, кәсіпорындар, ақпарат кӛздері) пайдалануға бағытталған оқу-
жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік
тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы
пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы
жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық ӛкілдерімен
бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
10.
Оқу бағдарламасында мұғалім
білім алушыларды оқытудың
жеке бағдарламасын құруда басшылыққа алатын және оқу пәнінің
мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының
жүйесі қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары
білім алушыны ӛзін-ӛзі оқыту субьектісі
және тұлғааралық қарым-
қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде оқу пәнінің қосатын үлесін
айқындайды.
11.
Пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу
мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім,
икемділік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және ӛмір
жағдаяттарында пайдалану даярлылығын қалыптастыруға бағдарлаған.
12.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы:
«қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет»,
«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «ӛмір бойы
білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына білім алу-
шыларды дағдыландырудың негізі болып табылады.
Бұл құндылықтар
білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын
тұрақты тұлғалық бағдары болады.
Достарыңызбен бөлісу: