«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата30.05.2022
өлшемі1,34 Mb.
#145554
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

 
4-
тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері 
33. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқудағы жетістіктерін 
бағалау шараларына қойылатын талаптар гуманизация идеяларына
осы санаттағы білім алушылардың мектептік оқуының табиғатына 
сәйкестігіне шартты болады.
34. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың математика бойынша 
оқу материалдарын меңгеру нәтижелерін бағалау нормасы деңгейлік 
мақсатты тұжырымдауға негізделген және білім алушылардың оқудағы 
жетістіктерін тексеру мен бағалауды ұйымдастырудағы бірыңғай 
тәсілдемені жүзеге асыруға бағытталған. 
3
5. Осы бағдарламада берілген, күтілетін нәтижелердің негізінде 
сынып білім алушыларын математикаға оқыту процесін жобалау кезін-
дегі педагогпен орындалатын деңгейлік мақсатты тұжырымдау білім 
алушылардың жетістіктерін бағалауда баллдарды ғана емес, сонымен 
бірге критериалды сипаттамалық бағалауды да пайдалануға мүмкіндік 
береді.


106 
36. Оқытудың деңгейлік мақсатты анықталған дағдыларды қалып-
тастырған тапсырмалар мен жаттығулар бағалау құралдары болып 
табылады. 
37. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін 
бағалау тек ішкі бағалау құралдарымен ғана жүзеге асырылады. Оқу 
бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері білім беру процесі барысында 
мұғаліммен сабақтарда тікелей бағаланады. Ақыл-ой кемістігі бар білім 
алушылармен жүргізілетін педагогикалық процес арнайы педагогиканың 
«диагностика мен түзете-дамыту жұмысының бірлігі» қағидасына сәйкес 
құрылады, педагогтар бақылау-бағалау әрекетін жүйелі түрде жүзеге 
асырылады. 
38. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың нәтижелілігін 
бағалау ағымды (сабақтағы), әлсін-әлсін (тақырыптық) және қорытынды 
бақылау түрінде жүзеге асырылады. 
39. Ағымды бақылау сабақ барысында білім алушыларды бақылау, 
тәжірибелік және дербес жұмыстарды, әрекеттердің ұжымдық түрін тал-
дау арқылы жүреді. Сабақ барысындағы бақылау оқу процесінің сапасын 
қамтамасыз ету үшін педагогтың пайдаланатын оқытудың мазмұны мен 
тәсілдерін түзету мақсатында жүргізіледі. Бұндай бақылау білім алушы-
ларға қатысты ынталандыру және тәрбиелеу сипатында болады.
40. Әлсін-әлсін бақылау бағдарламалық тақырыпты, бӛлімді ӛткен-
нен кейін жүргізіледі. Педагог белгілі бір тақырып аясындағы оқу мате-
риалын оқыту нәтижесі әр түрлі типологиялық топтардағы білім алушы-
ларда бірдей болмайтынын түсінеді және соған дайын болады. 
1-
типологиялық топ білім алушылары (В.В.Воронкова бойынша) оқу 
материалын білімді қолдану деңгейінде меңгере алатындарын кӛрсетеді. 
2-
типологиялық топ білім алушылары тақырыптың негізгі мазмұнын түсі-
нетіндерін байқатады. 
3-
типологиялық топ білім алушылары материалды тану деңгейінде 
меңгере алады, ӛзінің білімін ӛзектендіруде мұғалімнің кӛмегіне мұқтаж 
болады.
4-
типологиялық топ білім алушылары аясында олардың жетістіктері 
жүзеге асырылатын жеке бағдарлама бойынша оқиды.
41. Қорытынды бақылау тоқсанның, оқу жылының соңында жүргі-
зіледі. Педагог оқу жылы бойы бақыланған сыныптың әр білім алушының 
даму және табыстылық динамикасы талқыланады және білім алушылар-
дың жетістіктер картасында тіркеледі. 
42. Бағалау шараларының кӛмегімен алынған ақпарат педагогқа 
дағдылар мен икемділіктерді меңгеру процесінде туындаған қиындықтар-
ды дер кезінде байқауға және сайма-сай бағалауға мүмкіндік береді. 
Педагог білім алушыларға жеке кӛмек кӛрсетудің мазмұны мен тәсіл-
дерін дәйекті анықтау мүмкіндігіне ие болады.
43. Сипаттамалық бағалау даму мен оқудың бар деңгейін ғана 
емес, сонымен бірге білім алушымен жұмыстағы келесі қадамдарды да 
анықтайды. Сипаттамалық бағалау білім алушыларда ӛзін-ӛзі адекватты 


107 
бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, білім алу-
шылардың жетістіктерін бірімен-бірін салыстыруға болмайды. Білім 
алушының жетістігін тек ӛзінің бұрынғы жетістіктерімен ғана салыстыруға 
болады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға қатысты оқу үлгерімінің 
пайызы мен білім сапасын анықтауға болмайды.
44. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін крите-
риалды сипаттамалық бағалауды қолдану педагогтардың бағалау 
әрекеттерінің әділ болуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет