3
ТАҚЫРЫП. Арнайы мектептегі математика пәнінің
оқу бағдарламасы
Қазіргі уақытта зияты зақымдалған оқушыларды оқыту үшін бүкіл
оқу пәндері бойынша, да оқыту жоспары мен бағдарламаларының
түрлері ұсынылады. Математиканың жүйелі курсы 1-ші сыныптан бастап
9 сыныпқа дейін оқылады. Оқу жоспарының біреулерінде 1 сныпта оқуға
дайын емес немесе диагнозын дәлдеуге және баланы оқуға жіберетін
мақсатқа лайық білім беретін мекеменің түрін анықтауға қажет
процедевтикалық-диагностикалық 0-ші сынып ескеріледі. 0-ші сыныпта
балаларды математикалық материалды қабылдау мен саналы түсінуге
дайындайтын, балалардың мектепке дейінгі кезеңдегі даму ақаулақта-
рын толықтыратын «математика әліппесі» енгізілген.
Әр оқу жоспарларындағы математиканы оқуға арналған сағат саны
әртүрлі, сондықтанда сәйкесті бағдарламалардағы математикалық
материалдың кӛлемі де әртүрлі.
Математика бойынша мазмұнды материалды іріктеуде кәсіби
еңбекке оқыту түрлері ескеріледі, сонымен қоса түзете оқыту мектеп
түлектері оқуын арнайы кәсіби-техникалық білім беретін мекемелерінде
немесе оқу-ӛндірістік кешендерде жалғастыратындығын ескеру қажет,
түлектердің кӛбісі мектепті аяқтаған соң ӛндірістік және ауылшаруа-
шылық мекемелеріндегі, фермерлік шаруашылықтағы, қызмет ету
саласындағы ӛндіргіш еңбекке кіріседі, жеке еңбек іс-әрекетімен
айналысады.
Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзете-оқыту)
мектептің математика бойынша және жалпы білім беретін мектептердің
бастауыш сыныптарының бағдарламаларын салыстырғанда негізгі
бӛлімдердің атауларында ғана ұқсастық байқалынады. Түзете оқыту
мектебіндегі математикалық материалдың кӛлемінің, мазмұнының және
оқу жүйесінің ӛз ерекшелігі бір. Бұл түзете оқыту мектеп оқушыларының
білімдерді меңгеру, есіне сақтау және қолдану ерекшеліктерімен
түсіндіріледі.
14
1.
Зияты зақымдалған оқушылар жаңа білімдерді кӛп күш салып
және уақыт кетіріп, баяу, кӛптеген қиындықтармен меңгереді, сондықтан-
да әр сыныптың бағдарламалық материалы бірталай шамалы кӛлемде
беріледі.Мысалы, 1-ші сыныпта оқушалар пропедевтикалық кезеңнен
кейін тек 1-ден бастап 5 санын ӛтеді және 5 кӛлеміндегі қосу және
азайтуға үйренеді; құны, ұзындығы ӛлшемдерімен танысу 1 сыныптан
басталады да 8-9 сыныптарда аяқталады, үлестер мен жай бӛлшектерді
оқу 4 сыныптан басталып 8-9 сыныптарды аяқталады.
2. Бағдарламадағы материалдың орналасу ерекшелігі болып
алдыға қарай «алдыға жүгіру», түрлі ұғымдардың қалыптасуына оқушы-
ларды жетекшілік ететін дайындық жаттығулардың болуы саналады.
Мысалы, айырмаларды салыстыру ұғымдарын оқушылар 4-ші сыныпта
ӛтеді, ал қатар тұрған сандарды салыстыруды 1-ші және 2-ші сыныпта
ӛтеді.
3.
Зияты зақымдалғаноқушылардың, қалыптасатын ұғымдардағы
мәңді белгілерді (аталмыш ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы,
ұқсастығы немесе қарама-қарсылығы) қиындықпен анықтайтындығын,
егер де сырт әлпеті ұқсас болса түсініктерді ұқсастыратындығын ескере
отырып, бағдарлама мұғалімді оқыту кезеңінде теңеу, салыстыру және
қарсы койып салыстыру тәсілдеріне сүйенуді кӛздейді. Мысалы, айырма
қосумен салыстыруда қарастырылады (қарама-қарсы амалдар).
4. Арнайы мектеп оқушыларының есте сақтауының баяулығын
және тез ұмытуға бейімділігін есепке алып, бағадарлама жаңа материал-
дышамалы үлестермен оқтытып әрдайым бекітумен қатар ӛткенді
қайталауды кӛздейді. Мысалы, сыныпта «Бірінші жүздік» когцентрін
қайталауда оқушылар разрядтық бірліктерді есіне түсірумен қатар
разряд туралы, әр разрядтың улкен және кіші саны, 5-шу сыныпта –
сандарды дӛңгелету туралы түсініктерді алады.
5.
Зияты зақымдалғаноқушылардың дерексіз, абстрактты ойлауы
әлсіз дамығандығын, оқушыларды кейбір жалпылауға, тұжырымдарға,
ережелерге, заңдылықтарды анықтауға, түрлі ұғымдарды қалыптасты-
руға жетелеп әкелу, тек шынайы объектілерді, нақты заттармен практи-
калық әрекеттерді бірнеше рет бақылау негізінде мүмкіндігін ескере
отырып, бағдарлама мұғалімнің кӛрнекілікті, дидактикалық материалда-
рын кеңінен қолдануын кӛздейді.
6. Түзете оқыту мектебінің басты міндеттерінің бірі болып оқушы-
ларды ӛмірге дайындау, оларға түсінікті, мүмкіншілігіне сай маман-
дықтарды меңгеруіне, еңбекке шамаға шақ қатысуға дайындау санала-
ды. Сондықтан да оқушыларға практикалық біліктер мен дағдыларды
дағдыландыру үшін бағдарламаларда үлкен орын беріледі.
7.
Практикалық біліктер мен дағдылардың қалыптасуымен қатар
бағдарлама оқушылардың индуктивті жолымен, басқаша айтқанда нақты
болмыстың құбылыстарын, заттар жинағымен істелінетін практикалық
әрекеттерді бақылау барысындағы жалпылау жолымен, қабылдайтын
кейбір теориялық білімдерімен танысуды кӛздейді.
15
8. Арнайы мектеп оқушыларының құрамы біркелкі еместігін және
математикалық білімдерді меңгеруде оқушылар мүмкіндіктерінің
әртүрлігін ескере отырып, бағдарлама математикаға оқуытуда бала-
лардың әртүрлі категориясына оқу талаптарын дифференциациялаудың
(саралаудың, жіктеудің) қажеттілігін кӛрсетеді.
9. Бағдарлама мұғалімді түзете оқыту мектебінде математикаға
оқытудың негізгі түзете-дамытушы міндетін шешуге жетекшілік етеді.
Математика бойынша бағдарлама түсініктемесінде математикаға оқыту
үдерісін, түзете оқыту мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің
кемшіліктерін түзету мен жалпы даму деңгейін жақсарту мақсатында
қолданудың қажеттілігі туралы айтылған.
Бүгінгі күні арнайы мектептерде «математика» пәні бойынша
Елисеева И.Г. құрастырылған типтік оқу бағдарламасы оқу үдерісіне
енгізілуде. Аталмыш бағдарлама түсініктемесінде оқу пәнінің басты мін-
деттері, басқа пәндермен байланысы, Арнайы мектептердегі математика
курсының басты бӛлімдері кӛрсетіліп оларға қысқаша сипаттама беріл-
ген. Математикалық түсініктерде иерархиялық байланыстар ӛте күрделі
болғандықтан, бағдарламаның құрылысына шоғырлану қағидасы негіз
болған. Бұл қағида оқушылардың түсінігі мен дағдылардың қалыптасуы
үшін, бұрын оқығандарын үздіксіз қайталау мен бекітуге, мектептегі ма-
тематикалық курсында маңызды орын алатын пән ішіндегі логикалық
байланыстарды іс жүзінде қолдануға жағдай туғызады. Аталмыш бағдар-
ламада оқу материалы оқу жылдары бойынша емес, дидактикалық мо-
дульдер бойынша бӛлінген. Әрбір модульдің математикалық материал-
дарын оқыту уақыты шектелмеген.
Мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру қарқының оны
мүмкіншілігіне сүйене отырып анықтайды.
Әрбір мұғалімнің аталмыш бағдарламаның негізінде құрайтын
тақырыптық жоспарында сынып оқушыларының және жеке балалардың
мүмкіншіліктері міндетті түрде есепке алынады. Әрбір оқушының оқы-
туда барлық мақсаттың жүзеге асырылуы және бағдарлама материалы
бүтіндей меңгерілуі міндетті еместігі туралы айтылған. Бірақ, сонымен
қатар, әрбір оқушыны мүмкіндігіне қарай, мүмкіндігінше нәтижелі
оқытудың жоғары деңгейіне жеткізуге ұмтылу қажеттігі кӛрсетілген.
Бағдарлама 9 дидактикалық модульден тұрады. Әрбір модуль
бірнеше дәстүрлі математикалық тараулардан тұратын математикалық
түсініктің белгілі бір кӛлемінен тұрады. Әрбір модульдің материалдары
аяқталған және жүйеленген, алдыңғы және келесі модульдер материал-
дармен логикалық түрде байланысқан. Оқылатын түсініктің күрделілігі
мен кӛлемі біртіндеп ұлғаяды. Ӛткен модульдің білімі, екемділігі, дағды-
сы біршама қалыптасқаннан кейін ғана жаңа модульді оқыту басталады.
Мұғалім сынып оқушыларының әрбір модульдің белгілі бір икемділігімен
дағдыларын қалыптастыруға қажетті уақытты ӛзі анықтайды. Жеке
оқушының немесе сыныптың мүмкіншілігі ӛте шектелгендігі байданысты,
олар мектептегі оқу үдерісіне барлық 9 модульдің материалдарын
16
меңгерулері де мүмкін. Мұғалім күрделілігі мен кӛлем деңгейі балаларға
қолжетімді материалдармен ғана жұмыс істеуі қажет. Әрбір модульдің
бағдарламасы кесте түрде берілген, оның сол жағында математика та-
рауларының мазмұны, ал оң жағында оқу материалын біртіндеп күрде-
лендіре отырып, оқушылардың түсініктерін қалыптастыруға арналған
әрбір тараудың икемділіктері мен дағдылары берілген. Мәтінде, сабаққа
енгізуді мұғалімнің ӛзі шешетін, күрделі тақырыптар қарамен ерекшелен-
ген.
Алдынғы бағдарламаларда, әр оқу жылының соңында оқушылар-
дың білімдері мен икемділіктеріне қойылатын негізгі талаптарымен қоса
«Ескерту» тарауы да қарастырылған, онда нені міндетті түрде Зияты
зақымдалғаноқушылар білуі керек, ол нені білуі міндетті еместігі кӛрсе-
тілген, бұл жерді балалардың даму ерекшелігі мен мүмкіншіліктері
есепке алынған.
Сонымен қатар бағдарлама түсініктемесінде математикаға оқыту-
дың ұйымдастыру ерекшеліктері, оқушыларды оқытудың нәтижесін баға-
лау туралы, бір модульдің кӛрнекі және дидактикалық материалдар
тізімдері берілген. Одан кейін «Математика» пәні бойынша оқу материа-
лы модульдерге белінген. Әрбір модульдің мазмұны екі бағанадан
тұратын кесте ретінде берілген. Бірінші бағана «Бӛлімдер» - деп, екінші
бағана "Икемділіктер мен дағдылар"- деп аталады. Әр модульдың атау-
лары бар: 1 модуль - Санға дейінгі кезең. 2 модуль - 1-5 сандары. 3 мо-
дуль - 1-ден 10-ға дейінгі сандар. 4 модуль - Екінші ондық сандары.
5 модуль - Бірінші жүздік сандары. 6 модуль - Бірінші мыңдық сандары.
7 модуль - 10 000 кӛлеміндегі сандар. 8 модуль - 100 000 кӛлеміндегі
сандар. 9 модуль - 1000 000 кӛлеміндегі сандар.
1-2-
ші модульдерде окушыларда қарапайым математикалық
(немесе тұрмыстық) түсініктерді қалыптастыру қарастырылған. Оларды
қалыптастыру белгілі бір заттық іс-әрекеттерді (беттестіру, бірінің үстіне
бірін салу, салыстыру, заттардың орнын ауыстыру, топтастыру және т.6.)
меңгеруіне байланысты. 3-9-шы модульдерде оқушыларда тек заттық іс-
әрекеттер ғана емес, сонымен бірге санау-есептеу іс-әрекетіне байла-
нысты ойлау операциялары да қалыптасады. Аталған модульдердің
аумағында қалыптасатын әрбір дағды мен икемділікке оны іске
асырудың әр түрлі денгейлері анықталған. Сонымен, оқушы дағдыны тек
мұғалімнің бағыттаушы кӛмегі арқылы ғана іс-жүзіне асыра алады
(мұғалім окушының ақыл-ой кызметін бірізділікпен басқарады); оқушы
дағдыны ӛз бетімен де іс-жүзіне асыра алады, бірақ ол үшін кӛрнекі-ди-
дактикалық немесе нұсқау материалдарын пайдаланулары керек, сон-
дай-ақ оқушы дағдыны ешкімнің кӛмегінсіз тек мұғалімнің ауызша нұсқау
бойынша да іс-жүзіне асыра алады, оқушының (В. В. Воронкова
бойынша) жетістіктері анықталады және сипатталады.
Бағдарлама бойынша ұсынылып отырған білім мазмұны:
теменгі және жоғарғы сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу
және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес;
17
теменгі және жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшелік-
теріне және мүмкіндік ӛрісіне сай;
қоршаған ортаның, әдет-ғүрыптардың, салт-дәстүрлердің, ана
тілінің ӛзіндік ерекшеліктерің бейнелейді және халықтық педагогиканың
элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді;
бір сарындылық ты жане орынсык қайталауды болдырмай
сабақтаса дамуды қамтамасыз етеді, ӛйткені ол оқушылардың дайын
болуына орай білімді колденең жене тігінен толықтыра джонс кеңейте
түсуге мүмкіндік беретін сызықты-сатылы құрылымды жүзеге асырады;
оқушылардың мектеп алды дайындықтарының нақты деңгейдегі
ескере отырып оку материалының мектептің бастауыш сатысындағы
және одан кейінгі жоғарғы сатысындағы әрбір сынып бойынша тиімді
бӛлінуін қамтамасыз істеді;
арифметикалық және қарапайым геометриялық материалдар-
дың пән тілі үйлесімді байланыста болуын және олардың ӛзара
әсерлесуін және бірін-бірі байыта түсуін қамтамасыз етеді;
мектептің бастауыш және жоғарғы сатысындағы басқа оқу
пәндерінің мазмұны мен пә аралық байланыстар ескеріледі;
теориялық және практикалық мәселелердің үйлесімді ара қаты-
насын жүзеге асыру арқылы математикалық заңдылықтар, ережелер
мен қорытындылардың ӛмір қажеттігі мен мұқтаждығынан туындайтынын
кӛрсетіп беруге мүмкіндік жасайды;
оқу үдерісін ӛтілген материалдың қолданылу жиілігін ескере
отырып үйымдастыруға және ақырғы нақты нәтижеге жетуді бағдарлауға
мүмкіндік береді;
Есепті шығару барысында кӛрнекілікті қолдану тиімді. Кӛрнекілікті
мынадай тізбекте пайдалануға болады: нақты заттық илллюстрация,
схемалық иллюстрация, заттар жинағы, дидактикалық материалдар,
оқушының түсінігі, белгілі түсіндірмелердің үлгілері, есептің қысқаша
жазылуы, түжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау, есептің мәтіні
(тіректі сӛздер).
Арнайы мектептің 0-1 ші сыныптарында жиналған оқушылардың
құрамы әртүрлі болғандығын: даму деңгейінің әртүрлілігін, оқуға деген
дайындығы мен математикалық дайындығының да әртүрлі болғандығын
(орта мектепте оқуды бастаған; жалпы және арнайы мекемелерде бол-
ған; сауат ашу орындарында, бала бақшада болмаған) ескеріп, бағдар-
лама дайындық (пропедевтикалық) кезеңді қарастырады. Дайындық
кезеңінің міндеті - оқушылардағы сан, кеңістік, уақыт түсініктерін, ӛлшем-
дер, заттар пішіні туралы түсініктерін, математикалық білімдерді меңге-
рудегі потенциалды мүмкіндіктерін анықтау және оларды математиканың
жүйелі курсын және кӛрнекі геометрия элементтерін меңгеруге
дайындау, жалпы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптасыру.
Пропедевтикалық кезеңде оқушылардың заттардың ӛлшемі туралы
түсініктер анықталып қалыптасады (үлкен – кіші, бірдей, үлкендеу –
кішілеу, ұзын – қысқа, ұзынрақ – қысқарақ және т.б) кеңістік түсініктері
18
(алыс – жақын, үстінде – астында, ішінде, алдында, оң жақта – сол жақта
және т.б), сандық түсініктеірі (кӛп – аз, артық – кем, қанша болса, сонша
және т.б), уақыт ұғымдары мен түсініктері (бүгін, ертең, кеше, таңертең,
күндіз, кешке, түн және т.б).
Пропедевтикалық кезеңнің ұзақтығы оқушылар құрамымен, олар-
дың мектеп сабақтарына дайындығымен, олардың математикалық
түсініктерінің деңгейімен белгіленеді. Ол 0 – ші сыныпта 1 – 2 тоқсан не
оқу жылы бойы созылу мүмкін немесе 1 – ші сыныпта 1 тоқсан бойы
созылады.
Пропедевтикалық кезеңнен кейін математика бӛлімдерінің мазмұны
баяндалады. Аталмыш бӛлімдер болып: а) нӛмірлеу; б) бүтін сандармен
арифметикалық амалдар; в) шамалар, шамаларды ӛлшеу бірліктері; г)
бӛлшектер; д) кӛрнекі геометрия элементтері. Барлық сыныптарда
математикалық мәтінді есесптерді шығаруға үйрету кӛзделеді.
Осы бӛлімдердің әрқайсысында ақыл – ойы кем оқушылардың ма-
мандықты меңгеруіне, ӛмірге және әлеуметтік бейімделуіне дайындалуы
үшін, оқудың аталмыш кезеңінде олардың ұғынуына түсінікті материал
еңгізілген.
Нӛмірлеуді оқыған кезде оқушылар натурал саны, нӛл, сандардың
натуралдық қатары және оның қасиеттері ұғымадрымен танысуы, са-
науыдң ондық жүйесінің заңдылықтарын меңгеруі тиіс.
Бағдарлама 1000.000 кӛлеміндегі тӛрт арифметикалық амалдарға,
ауызша және жабаша есептеулердің негізгі тәсілдеріне үйретуді,
арифметикалық амалдар компоненттерінің атауларын және нәтижеле-
рін, компоненттері арасындағы тәуелділікті оқып білуді, арифметикалық
амалдардың орын ауыстырғыш және тіркестіру қасиеттерімен практи-
калық таныстыруды қарастырады.
Түзете оқыту мектептерінде оқушылар шамаларымен танысады
(ұзындықпен, массамен, құнымен, уақытпен, ауданмен, кӛлеммен), атал-
мыш шамадарды ӛлшеу бірліктерімен, олардың арақатынасымен, ұзын-
дықты, құнын, массаны, уақытты және т.б кӛрсетілетін сандармен және
олармен орындалатын амалдармен танысады.
Сонымен қатар оқушылар бӛлшектерді оқиды, жай және ондық
бӛлшектерді: бӛлшектерді шығаруды, түрлендірудің негізгі қасиеттерін,
бӛлшектерді салыстыруды, бӛлшектермен орындалатын амалдарды,
пайыздарды оқып біледі.
Оқытудың бүкіл жылдарында жай және құрама арифметикалық
есептер шығарылады. Есептердің негізгі тобын арифметикалық есептер
құрайды. Бағдарламада практикалық мәнді кейбір типтік есептер де
кӛрсетілген (ортақ арифметикалық санды табуға, үлестерге, бірге тура
және кері әкелу, пропорциялық бӛлуге, қозғалысқа).
Математиканың тең сандық қатынастарды емес, сонымен қоса ке-
ңістік пішіндерді қарастырылатындағы да мәлім. Түзете оқыту мектебіне
арналған математика бойынша бағдарламаға келесі еңгізілген: 1) кейбір
геометриялық фигураларды және олардың қасиеттерін сызықтарды,
19
бұрыштарды, шеңберлі, кӛл бұрыштарды, геометриялық бейнелерді –
параллелепипедті, текшені, цилиндрді, конусты, пирамиданы, дӛңгелекті
оқу; 2) квадрат және куб ӛлшемдерімен танысу, фигураларды ӛлшеу мен
аудандарын табу және геометриялық денелердің (текше, параллелелпи-
педтің) кӛлемін табу, сонымен қоса геометриялық мазмұнды есептерді
шығару.
Математика бойынша бағдарламада нӛмірлеуді және бүтін сан-
дармен арифметикалық амалдарды орындауды концентр ретінде оқу
қарастырылады. Әр концентрдің ішіндегі арифметикалық материалды
оқу жеткілікті толық және аяқталған болады, алдынғы концентрдің
материялы келесі концентрде тереңдетіледі.
Материалдың концентр ретінде орналасуы барысында оқушылар
біртіндеп, оларға аталмыш кезеңде ұғынуына түсінікті сандармен,
амалдармен және олардың қасиеттерімен танысады. Алғашқы кезеңде
заттық негізді қолдану мүмкіндігі бар, ӛйткені шамалы ғана сандар оқы-
лады. Одан кейін біртіңдеп дерексіз ұғымдарға ауысу және заттар жи-
нағы кӛмегімен дәлелдеу қиын болғандықтан сандарға сүйену жүзеге
асады.
Келесі концентрде жаңа білімдерді меңгеру барысында, оқушылар
оқытудың ерте кезеңдерінде (алдындағы кондентлерде) алынған білім-
дерін әрдайым еске түсіреді, оларды кеңейтіп тереідетеді. Бір ұғымға
бірнеше рет қайтіп келу, оны жаңа байланыстар мен қатынастарға еңгізу
ақыл – ойы кем оқушыға оны саналы және берік меңгеруге мүмкіндік
береді.
Әр концентрдің міндеттеріне тоқталайық.
Бірінші концентрдің міндеті болып бірінші сандық сандармен,
аталмыш сандарды жазу үшін цифрлармен қосу және аазайту амалдар-
мен танысу саналады; сонымен қатар оқушылар құн ӛлшемдерімен
танысады – 1 тг., 2 тг., 5 тг,. 10 тг. Аталмыш материалды оқу 1 – 2
сынаптарда қарастырылады.
Екінші концентрдің міндеті болып 20 кӛлеміндегі нӛмірлеуді және 4
арифметикалық амалдарды оқу саналады. Оқушылар 11 – 20 сандары-
ның атауларымен танысады (олардың алдында екінші ондық санда-
рының жазылуының позициялық қағидасы ашылады; бірліктер санды оң
жағына бірінші орынға, ондықтар- екінші орынға жазылады), жаңа ариф-
меткалық амалдармен – кӛбейту және бӛлумен танысады. Оқушылар
ұзындықты ӛлшеу бірліктерімен – сантиметрмен, дециметрмен, сыйым-
дылық ӛлшемімен – литр, уақыт ӛлшемдерімен – апта, тәулік, сағат,
сағат бойынша уақытты анықтаумен танысады, кесінділерді сантиметр
және дециметрде ӛлшеп сызуға, шақалармен жұмыс істеуге үйренеді.
Екінші концентрдің материалы 2 – 3 сынаптырда оқылады.
Үшінші концентрде 100 кӛлеміндегі нӛмірлеу оқылады, разряд
ұғымы ашылып кӛрсетіледі, оқушылар екі таңбалы сандарды қосу және
азайтумен, ауызша және жазбаша есептеулердің тәсілдерімен
танысады. Кӛбейту мен бӛлу кестесін оқу, кестеден тыс кӛбейту мен
20
бӛлумен танысу аяқталады. Шамаларды және оларды ӛлшеу бірліктерін
оқу жалғастырылады. Үшінші концентрдің материалы 3 – 4 сыныптарда
оқылады. Оқушылар ұзындықты (метр), құнын (тенге, тиын, шақалар),
массаны (килограмм), уақытты (жыл, ай) ӛлшеу бірліктері туралы ұғым-
дары алады, ӛлшеу бірліктерінің арақатынасымен танысады.
Тӛртінші концентрдің міндеті болып 1000 кӛлеміндегі нӛмірлеуді
оқу, кӛп таңбалы сандарды нӛмірлеудің негізін құрайтын үш разрядтық
бірліктерді бӛлу саналады. Шамаларды және ұзындықты (километр,
миллиметр), массаны (грамм, центнер, тонна), уақытты (секунда, жыл,
ай, тәулік) ӛлшеу бірліктерін, ӛлшеу бірліктерінің арақатынасын оқу,
практикалық біліктерді, шамаларды ӛлшеуді қалыптастыру. Тӛртінші
концентрдің материалын оқу 5 сыныпта ӛтеді.
Бесінші концентр – кӛп таңбалы (1000 000 кӛлеміндегі). Бағдар-
ламада 1000 000 кӛлеміндегі сандар бірден оқылмайды, ал сандық
қатарының келесі кесінділеріне бӛлінеді: 6 сыныпта 10 000 кӛлеміндегі
сандар оқылады, 7-ші сыныпта 100 000 кӛлеміндегі, ал 8-ші сыныпта –
1000
000 кӛлеміндегі сандар оқылады. Осы кӛлемдерде олар аталмыш
сандармен тӛрт арифметикалық амалды орындайды, оның ішінде бір
таңбалы және екі таңбалы санға кӛбейту мен бӛлу есеп тәсілдеріне
үйренеді. Сонымен қатар шамаларды ӛлшеу бірліктерінің 1-2 – мен
ӛлшеу барысында шыққан сандармен орындалатын амалдар оқылады.
Арнайы мектепте математикаға оқыту кезеңінде оқушылар келесіні
меңгеруі қажет:
сандарды нӛмірлеуді, жай және разрядтық бірліктермен санау-
ды, 1000 000 кӛлеміндегі бірдей сандық топтарымен санауды, аталмыш
сандарды оқу мен жазу икемділігін, олардың ондық құрамын, разряд,
класстарын білуді;
бӛлшекті шығару, оқу және оны жазу икемділігін, бӛлшектердің
түрлерін білуді, бӛлшектерді түрлендіруді;
арифметикалық амалдарды, 100 кӛлеміндегі ауызша қосу мен
азайту икемділігін, кӛбейту мен бӛлу кестесін білу, жазбаша есептеудің
тәсілін меңгеру, 1000 000 кӛлеміндегі тӛрт арифметикалық амалды
орындауды (бір таңбалы санға кӛбейту мен бӛлу), аталмыш амалдарды
бӛлшек сандар мен де орындауды (бӛлшекті бӛлшекке кӛбейту мен
бӛлуден басқа), бӛлшекті және саннан бірнеше пайызды табуды;
жай және бағдарламада кӛрсетілген түрдегі, үш амалмен
орындалатын құрама есептерді шығару икемділігін;
құнын, ұзындықты, сыйымдылықты, массаны, уақытты, ауданды
және кӛлемді ӛлшемдердің бірліктері туралы нақты түсініктері болуы
қажет, аталмыш бірліктердің арақатынас кестесін білу, ӛлшеу инстру-
менттермен қолдануды және ұзындықты масштабты сызығышпен,
циркульмен және рулеткамен ӛлшеп білу, таразымен ӛлшеу, ыдыс
сыйымдылығын ӛлшеу кружкасымен, литрлық немесе жарты литрлық
ыдыстармен (банка, бутылкамен) анықтау, уақытты сағат бойынша
21
анықтау, ұзындық, масса, уақыт және т.б., ондық бӛлшектерімен және
олармен тӛрт арифметикалық амалды орындауды;
геометриялық материалды – негізгі геометриялық фигураларды
(нүкте, сызықтар-тік, қисық, сынақ; кесінді; сәуле; бұрыш; кӛпбұрыш-
үшбұрыш, тӛртбұрыш; шеңбер, дӛңгелек; конус; параллелепипед; текше)
ажырата білу икемділігінің, олардын атаулардың, элементтерін білу,
оларды сызығыш, сызғыш үшбұрыш, транспортир, циркуль кӛмегімен
сызу икемділігін, геометриялық фигуралардың аудандарын және
параллелепипед пен текше кӛлемдерін ӛлшеу және есептеу икемділігін
меңгеру қажет.
Сонымен, бағдарлама балалардың математикалық білім – білікте-
рін қалыптастыру, ой-ӛрісін кеңейту, шығармашылық қиялдау қабілетін
дамыту, оқытудың ӛмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы
әдістемелік тәсілдер арқылы ӛздігінен есептер құрастырып, шығаруды
ұсынады. Осындай шығармашылық жұмыс берілген есепке кері есеп
құрастыру және шығару; шығылуы берілген қатынас, дайын сызба және
сурет бойынша есептер құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген шартты
іріктеп алу және керісінше, шартқа сәйкестігін сұрақты сұрыптау; есептің
шартын және сұрағын түрлендіру, жай есепке 1, 2 және одан да артық
амалдармен шығарылатын есепке түрлендіру; шамаларды ӛлшеудің
нәтижелерін немесе қосымша материалдарды пайдаланып мұғалімнің
басшылығымен, ӛздігінен әртүрлі есептер құрастыру және тиімді
жолдармен шығару сияқты мәселелрімен қамтиды. Бағдарламада
математиканы ӛту барысында қарапайым геометрия элементтері де
қарастырылады.
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.
Арнайы мектепте оқытылатын математика пәні бағдарламасының
мазмұнын ашыңыздар.
2.
Арнайы мектепте оқытылатын математика пәнінің негізгі бӛлімдері
қандай?
3.
Математикалық бағдарламаны меңгерудегі концентр міндеттерін
атаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |