«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»


  ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте математиканы оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет7/42
Дата30.05.2022
өлшемі1,34 Mb.
#145554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі


ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте математиканы оқыту әдістері
және ҧйымдастыру тҥрлері 
Оқыту әдісі оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақса-
тында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп атқаратын қызметі мен қарым-
қатынасының амал-тәсілдері. Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылар-
дың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған 
ӛзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика 
тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс 
дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру 


22 
тәсілдері. 
Оқыту әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына 
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, ӛз бетінше 
ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. 
Оқыту әдістерін таңдау келесі факторлар қатарымен қамтамасыз 
етіледі: 

қазіргі даму кезеңіндегі мектеп міндеттерімен; 

оқу пәнімен; 

оқытылатын материалдың мазмұнымен; 

оқушылардың жасымен және даму деңгейімен; 

оқушылардың оқу материалын меңгеруге дайындығының 
деңгейімен. 
Оқыту әдістерін таңдауға түзете оқыту мектебіндегі оқытудың тү-
зетуге деген бағыттылығы, оқушыларды белгіленген мамандықты 
меңгеруге дайындау, сонымен қоса әлеуметтік бейімдеу міндеттерін 
шешу ӛз әсерлерін тигізеді. 
Оқушыларды жаңа білімдермен таныстыру барысында әңгімелеу 
әдісі қолданылады. Математика әдістемесінде бұл әдіс білімдерді 
мазмұндау деп аталады. Осы әдіспен қатар кең таралған әңгіме әдісі. 
Әңгіме барысында мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, оларға берілетін 
жауап оқушылардағы бар білімдерін қолдануды кӛздейді. Мұғалім 
оқушылардың білімдеріне, бақылауларға, ӛткен тәжірибесіне сүйене 
оқушыларды жаңа білімдерге бірізділікпен әкеледі. Жаңа білімдерді 
бекітуге, іскерліктердің қалыптасуына, білімдерін жетілдіруге ӛзіндік 
(дербес) жұмыс әдісі қолданылады. Осы әдісті қолдана отырып, кейде 
мұғалім жаңа теориялық білімдерді оқушылар ӛз бетінше игеріп ұқсас 
ситуацияда, кейде тіпті жаңа ситуацияда қолдана алатындайғып 
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырады. 
Сонымен, мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетінің ұйым-
дастырылу формасына (түріне) тәуелді оқытудың келесі әдістері бел-
гіленеді: білімдерді мазмұндау, әңгіме, ӛзіндік жұмыс. 
Дидактикада білім кӛзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа 
жіктеуін үш топқа бӛледі: 
1. Сӛздік әдістер тобы (әңгімелеу немесе білімдерді мазмұндау, 
әңгіме, оқулықпен (кітаппен) немесе басқа басылым материалмен жұмыс 
жасау); 
2. Кӛрнекілік әдістер тобы (бақылау, заттарды немесе олардың 
бейнелерін демонстрациялау); 
3. Практикалық әдістер тобы (ӛлшеу, геометриялық фигураларды 
сызу, илеу, жапсырма, модельдеу, сандық есептердің мәнін табу және 
т.б.). 
Оқушылардың оқу іс-әрекетін (репродуктивті, продуктивті іс-әрекет) 
ұйымдастыру жолдарына тәуелді келесі әдістер ажыратылады: 
түсіндірме-иллюстративті әдіс, мұғалім оқушыларға дайын ақпаратты 
береді, ал олар оны саналы қабылдап естерінде сақтайды; репро-


23 
дуктивті әдіс, мұғалім тапсырманы орындау үлгісін береді, одан кейін 
оқушылардан осы үлгіге сәйкесті білімдерді, әрекеттерді (амалдарды), 
тасырмаларды еске түсіруін талап етеді; ішінара (жартылай)-іздену әдісі, 
оқушылар қойылған міндеттің шешу жолдарын іздеуге ішінара 
(жартылай) қатысады. Бұл жерде мұғалім қойылған міндетті бӛлшектерге 
бӛледі, оқушыларға есептің шешілу жолдарын ішінара (жартылай) 
кӛрсетеді, ал ішінара (жартылай) оқушылар есепті дербес шығарады. 
Зерттеу әдісі – жаңа проблемаларды шешуге байланысты оқушы-
лардың іздеу, шығармашылық іс-әрекеті тәсілдерін ұйымдастыру. 
Мектепте кеңінен білімдерді проблемалық мазмұндау қолданылады 
– мұғалім мазмұндау барысында бір проблеманы (мәселені) қояды. 
Оқушылар оны шешуге тырысып ӛз білімдерінің жеткіліксіз екеніне 
кӛздері жетеді. Бұл проблеманы ӛз беттерінше шеше алмайды. Сол 
кезде мұғалім оның шешу жолдарын кӛрсетеді. 
Мектептегі оқу процесінде кӛбіне біз осы әдістердің араласуын 
байқаймыз. Олардәң кешенді қолдануы әр сабақтың міндеттерін 
толығынан шешуге мүмкіндік береді. 
Арнайы мектепте математикаға оқытудың дәстүрлі иллюстративті-
түсіндірмелі әдісімен қатар продуктивті әдістер де кеңінен енгізілуде, 
онын ішінде ішінара-іздену әдісі, білімдерді проблемалық мазмұндау. 
Зияты зақымдалған оқушыларды әр оқу пәніне оқыту жағдайында 
ең алдымен оқушыларды, мамандықты сәтті меңгеру үшін, қазіргі ӛндіріс 
жағдайына тез бейімделу үшін, ӛмірге белсенді қатысу үшін қажетті, 
оларға түсінікті білімдер, іскерліктер жүйесімен қаруландыру міндеті 
қойылады. 
Оған жету тек балалардың ақыл-ой мен эмоциялық-еркін даму кем-
шіліктерін әлсіздендіру немесе жеңу бойынша әрдайым, мақсатталған 
түзету жұмысын жүргізу барысында мүмкін. 
Математикаға оқыту процесі әрдайым бақылаумен үйлесе жүреді. 
Білімдерін тексеру оқушылармен меңгерген білімдердің болуы мен сапа-
сын анықтайды, білімдеріндегі, іскерлік пен дағдыларындағы ақауларды 
анықтап дер кезінде жоюға мүмкіндік береді. Егер де оқушылардың 
білімін бақылау барысында түрлі тақырып бойынша білімдердің жоқтығы 
немесе әлсіз болуы анықталса, мұғалім ӛз жұмысына да талдау жасау 
керек: оқу және дидактикалық материалдардың, әдістердің дұрыс таң-
далғандығына, оқу процесін ұйымдастыруына, барлық сынып оқушы-
ларының және әр оқушының жеке мүмкіншілігін есепке алуына және т.б. 
Математика сабағында кӛбіне бақылаудың үш түрі қолданылады: алдын 
ала, ағымды және қорытынды. 
Оқушылардың білімін алдын ала тексеру (бақылау) оқу жылының 
басында немесе жаңа тақырыпты оқу алдында жүргізіледі, бұл жаңа 
материалды мазмұндауда оқушылардың қандай білімдеріне, тәжірибесі-
не сүйенуге болатындығын және қандай білімдерді еске түсіру керектігін 
анықтауға кӛмектеседі. 
Ағымды тексеріс білімдерді алғашқы бекіту алдында жүргізіледі, 


24 
оқушылар жаңа материалды дұрыс түсінгенін анықтауға және қателік-
терді оқушылардың естерінде бекітпеуге кӛмектеседі. Ағымды тексеріс 
мұғалімға оқушылар жаңа материалды қаншалықты саналы игергендігін, 
түсіндірмені түсінгендігін, білімдерді қабылдап игергенде қандай қиын-
шылықтарға кездесетіндіктері және олардың себептері туралы білуге 
кӛмектеседі. Ағымды тексеріс оқушылар жаңа білімдерін есептерді, мә-
тінді есептерді шешуде қолдана білетіндігін кӛрсетеді (алдымен мұғалім 
жетекшілігімен, одан кейін дербес), қиыншылықтарын анықтап дер 
уақытта оқушыларға кӛмек беруге кӛмектеседі. Ағымды тексеріс тақы-
рыпты оқу барысында әрі қарай жылжуға болады ма әлде тағыда тоқ-
талу керек пе, мүмкін жаңа құралдарды, оқушылардың практикалық іс-
әрекетін ұйымдастыруды жә т.б. қолданып қосымша түсіндіру қажет пе. 
Қорытынды бақылау тараудың тақырыбын оқыған соң, тоқсан 
немесе оқу жылының аяғында оқушылардың білімдерін тексеруге 
мүмкіндік береді. Оның мақсаты – оқыту нәтижесін анықтау. 
Математика бойынша білімдерді бақылау жолдары әр түрлі. Бұл 
ауызша сұрау да, жазбаша және практикалық (тәжірибелік) жұмыстар да. 
Ауызша сұрау фронтальді және жеке сипаттамада болуы мүмкін. 
Фронтальді сұрау барысында барлық сыныпқа сұрақтар қойылады, бірақ 
күрделілігі бойынша біркелкі дәрежеде болмайды. Мұғалім сынып 
оқушыларына дифференциалды ықпал етеді (жіктейді), әр баланың 
мүмкіншілігі есепке алынады, сӛйтіп барлығын белсенді жұмысқа 
қатыстырады. 
Ауызша сұрау барысында мұғалім оқылған материалды оқушылар-
мен түсіну дәрежесін анықтайды, математикалық теорияны игергендігін, 
ережелерді білуін және оларды практика жүзінде есептерді шығару 
барысында қолдана білу іскерлігін анықтайды. Оқушыларға ӛз әрекет-
терін түсіндіріп, талдауды талап ететін сұрақтарды қою пайдалы. 
Мысалы: «75 – 28 амалын орындап шешуін түсіндір». Мына тӛртбұрыш 
қалай аталады? Ол неліктен осылай аталады, түсіндір. Ауызша сұрауды 
үй тапсырмасын тексерумен байланыстыруға болады. 
Фронтальді ауызша сұрау кеңінен есеп шығару техникасын, ауызша 
есептерді шығару іскерлігін, арифметикалық амалдардың заңдарын 
білуін және т.б. тексеру мақсатымен қолданылады. Ауызша сұрау кӛбіне 
сабақ басында жүргізіледі, сонымен қоса сабақтың әр кезеңінде жүруі 
мүмкін, мысалы бар білімін анықтау мақсатымен жаңа материалды 
түсіндіру алдында, білімдерін бекіту мен жалпылау кезеңінде. 
Жеке сұрау ӛзіне теориялық білімдерін тексеруге, сонымен қоса 
оларды практика жүзінде қолдана білу іскерлігін тексеруді кіргізеді. Жеке 
сұрау үшін мұғалім кӛбіне оқушыны тақтаға шығарады, барлық сынып-
тың назарын оқушының жауабына аударады. 
Жеке сұрау мұғалімға оқушының білім тереңірек тексеруге мүмкін-
дік береді. Бұл жерде әр баланың жеке ерекшеліктері есепке алынады, 
сондықтан да сұрақтар да, тапсырмалар да оқушының ерекшелігін 
есепке алып таңдалады. 


25 
Арнайы мектептегі сынып толықтығы кӛп емес (12 адам) болған-
дықтан, мұғалім бір сабақта жеке немесе фронтальді сұрау барысында 
сыныптың әр оқушысын сұрап шығуына мүмкіндігі бар. Бұл мұғалімға 
сыныптың барлық оқушыларымен математикалық білімдерді меңгеру 
ерекшеліктерін анықтап дер уақытында әрбіреуіне кӛмек кӛрсетуге 
мүмкіндік береді. 
Бақылаудың әр түрінде мұғалім оқушылардың тіпті минимальды 
(ептеген) сәттіліктерін, жетістіктерін мадақтауы, ынталандыруы қажет. 
Арнайы мектепте оқытылатын математика сабағында білімдерін 
жазбаша тексеру ӛзіндік (дербес) және бақылау жұмыстарын ұйымдас-
тыру жолымен жүргізіледі. Білімді жеке тексеру үшін шамалы жазбаша 
жұмыс жүргізілуі мүмкін. Оның мазмұнына тексеру мақсатына тәуелді 
есептер, ӛлшеуге, сызуға бағытталған есептер кіруі мүмкін. 
Шамалы ӛзіндік жазбаша жұмыстар мұғаліммен күн сайын 
жүргізіледі. Ӛзіндік жұмыс 1-2 сыныптарда кӛлемі бойынша кӛп емес 
және 7-10 минутқа шамаланған болуы қаже. Ал жоғарғы сыныптарда 
сабақтың кӛп бӛлігінде алуы мүмкін (18-20 минут). Ӛзіндік жұмыс 
жаттығулары мен тапсырмалары оқушылардың ерекшеліктерін ескере 
отырып мұғаліммен құрастырылады. 
Бақылау жазбаша жұмыстары тақырыпты немесе тарауды оқыған 
соң, тоқсан немесе жыл аяғында жүргізіледі. Мақсатына тәуелді бақылау 
жұмысының мазмұны анықталады. Тоқсандық немесе жылдық бақылау 
жұмыстарында математиканың әр тарауынан алынған сұрақтар беріледі. 
Тоқсандық бақылау жұмыстарында мәтін есеп пен 10-12 есеп беріледі. 
Бастауыш сыныптарда ӛлшеу немесе сызу бойынша практикалық 
жұмыстар беріледі. 
Мұғалім тақтаға жазылған тапсырмаларды оқып шығып барлық 
сӛздердің оқушыларға түсінікті екендігін анықтауы қажет. Дидактикалық 
материалдарды (таяқшалар, шоттар) қолданатын балаларға бақылау 
жұмысында аталған құралдарды қолдануға рұқсат беру керек. Бақылау 
жұмысы оқушылармен дербес орындалуы қажет, мұғалім жағынан кӛмек 
болмауы керек. Жұмыстарын аяқтаған соң оны тексеруге уақыт беру 
керек. 
Бақылау жұмысы мұғаліммен мұқият тексеріліп талдануы қажет, ол 
оқушылардың білімдерді қаншалықты меңгергендігін, білімдерінде 
қандай ақаулықтардың бар екендігін анықтауға кӛмектеседі. 
Мұғалім оқушылардың математика пәні бойынша білімдерін, 
іскерліктерін, дағдыларын қай жолмен тексерсе де оны бағалауы қажет. 
Бағаның тәрбиелік мәні егерде оқушылар баға не үшін қойылғандығы 
мен ол нені білдіретіндігін түсінсе ғана болады. Арнайы мектептің 1-ші 
сынып оқушыларының кӛбісі «5», «4», «3», «2» бағаларының мәнін са-
налы түсінбейді. Бағаны қояр алдында оқушыларға оның мәнін түсіндіру 
қажет. Тоқсан барысында оқушылар кӛптеген баға алады, ӛйткені 
оқушылардың білімі күнделікті тексеріліп отырады. Тоқсан аяғында 
тоқсандық баға (1-ші сыныптың бірінші тоқсанында қойылмайды), ал жыл 


26 
аяғында – жылдық баға қойылады. 
Сабақ – мектепте оқыту, тәрбиелеу процесінің негізгі формасы. 
Сабақ – бұл тұтас, логикалық аяқталған, белгілі бір уақыт щеңберімен 
шектелген оқыту-тәрбиелеу процесінің бӛлігі. Онда барлық оқыту-тәр-
биелеу процесінің компоненттері ӛзара байланыста кӛрсетілген: мақсат-
тары, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы.
Математика сабағына қойылатын талаптар: 
-
математика бойынша оқу бағдарламасына сабақ тақырыбының 
мақсаттары сәйкес болуы керек; 
-
сабақтың құрылымы нақты ұйымдастырылған болуы қажет 
(кезеңдері, олардың мақсаттары, ұзақтығы); 
-
түсінікті кӛрнекілікті қолдану; 
-
берілетін материалдың кӛлемінің аз болуы және түсінікті болуы; 
-
теориялық және практикалық материалдың есеп шығару 
сипатындағы жаттығулар мен геометриялық және арифметикалық 
есептерді және сӛзді есептерді шығарудың ұштасуы; 
-
жеке және дифференциалды ықпал етуді жүзеге асыру; 
-
бағдарламалық материалды игеру сапасын жүйелеп бақылау; 
-
қайталану; 
-
емдік-педагогикалық режим талаптарын орындау; 
-
сабақтың тәжірибелік бағыттылығы; 
-
сабақтың коррекциялық бағыты; 
-
мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. 
Әр сыныпта математикалық білімдерді, іскерліктер мен дағды-
ларды игеру мүмкіншіліктеріне тәуелді оқушылардың келесі топтары 
бӛлінеді: 
I топ. Оқушылар байланыстырып сӛйлеуді жеткілікті еркін игереді. 
Мұғалімнің жетекшілігімен қарапайым тұжырымдар жасап, ӛз бетінше 
қарапайым себеп-салдар байланысын анықтайтын оқушылар. Кейбір 
оқушыларға алдында алынған білімдерді талдау тән, оларды жалпылау 
және оларды шығару шарттары түсінікті болады. Математика бойынша 
бағдарламалық материалды меңгеру осы топтағы балаларға қиындық 
туғызбайды. Олар есептеу тәсілдерін, сӛз есептердің тәсілдерін тез жат-
тайды, заттық кӛрнекілікті сирек қажет етеді. Оларға алынған білімдерді 
ұқсас ситуацияда қолдану қиындықтар туғызбайды, білімдерінің беріктігі 
байқалады. Математикалық түрдегі жазуларда теңдіктердің, ӛлшем-
дердің ӛзгерістерін дұрыс бағалайды.
II топ. Математика бойынша бағдарламалық материалды қабыл-
дауда бұл топтың оқушылары ептеген қиыншылықтарға кездеседі: 
оларға түсіндіріліп, хабарлап жатқан құбылыстарды, жағдайларды, зат-
тар мен фактілерді елестете алмайды; сандық қатынасты, санның 
ӛзгеруін, ӛлшемнің ӛзгеруін – тек осы амалдарды бақылау барысында 
ғана саналы түсінеді. Оқушылар сабақтың әр кезеңінде түрлі кӛрне-
кіліктерді қолдануды қажет етеді. Бұл оқушылар I топтан гӛрі баяу; 
тұжырымдарды, математикалық жалпылауларды жаттап алады және 


27 
жұмыс тәсілдерін меңгереді, бірақ бұның барлығы ұзақ уақытты қажет 
етеді.
III топ. Оқушылар сӛйлеу арқылы есептердің шығару тәсілін және 
қатынастарды бейнелей алмайды. Бұлар жалпылай алмайды, ӛткен 
тәжірибесін қолдана алмайды, қоршаған орта туралы мәліметтер баяу 
жинақталады. Бұл оқушылар математикалық материалды ӛту барысын-
да үлкен қиындықтарға ұщырайды: ӛлшемдер мен заттардың санының 
ӛзгеруін толығымен түсінбейді; олардың байланысын, себеп-салдарын 
түсінбейді, сондықтан ӛзгерісті бағалауы қиындатылған. Есте сақтауы 
қажетті деңгейде саналы түсінбей іске асады, ойлаудың логикасы бұ-
зылған, математикалық терминологияны меңгеру ӛте баяу жүреді. 
Оқытудағы дифференциалдық ықпал етудің негізі бағдарламалық 
материалды меңгеру үшін түрлі топтағы оқушыларға келесінің қажеттілігі 
туындайды:
1. 
Берілетін тапсырмалардың әртүрлі болуында; 
2. 
Жаңа білімдерді меңгеруіне бӛлінетін әртүрлі уақыт кӛлемінде; 
3. 
Әр оқушының ӛтетін сұрақты бірдей қабылдап, жалпылай 
алмайтындығын ескеру; 
4. 
Әр сабақта түрлі кӛмектің ұйымдастырылуы. 
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 
Арнайы мектепте оқытылатын математика сабағында қандай 
әдістер қолданылады? 
2. 
Арнайы мектепте оқытылатын математика сабағына қандай 
талаптар қойылады? 
3. 
Математика сабағын оқытуда қолданылатын ұйымдастыру түрлерін 
атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет