Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет110/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   157
Байланысты:
1114 караша

----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
2.Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
3.Өзін -өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Осы қағидаларды ұштастыратын болсақ қана оқушы өзінің дарынды екенін сезінеді.Бойындағы «мені»
оянады. Қазіргі заман жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа
білім беру өте қажет – деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай ,әр мектепті түрлі ақпаратты
технологиялармен қамтамасыз етуде.Яғни,ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор.Өйтені ол
оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңестігіне жол көрсетеді.Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана
қоймайды,білім деңгейін көтеруге үлкен үлес қосады. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім
шеберлігіне байланысты.Баға алуда оқушылар алға талаптанады,ізденеді.Кейбір оқушы білім үшін емес,баға
алу үшін оқиды.Сондықтан бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар
міндеті. 
Сабақ үстінде бірнеше
бағалау әдістерін қолдануға болады.Суммативті баға мен формативті бағаны
қою әрбір сабақтың негізгі сатысы болуы шарт.Екінші деңгей бағдарламасының міндеттері жеті модуль
мәнмәтінінде екінші деңгей бағдарламасының теориялық негіздерінің тұжырымдамалық түсінігін
қалыптастыру.Қазіргі таңда сабақ жүйелері осы 7модульді пайдаланып,сабақ барысы жүргізілуде.Оқушылар өз
ойларын ортаға салып,топпен,жұппен,ұжыммен жұмыс жасайды.Бір –бірін тыңдайды,шығармашылық
жұмыстар жасайды.Постерлер жасап,жұмыстарын қорғайды.Топтың ішінде барлық бала сөйлейді,өз ойын
ашық айтып дәлелдейді.Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс-
тәсілдерін іздестіру,жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.Мен өз сабағымда негігі қойған
міндетім – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.Әлеуметтік – сындарлылық түғыдан білім беруді
игеру – дәл қазіргі үйреніп, зерттеп, оқып отырған мәселем.Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері ретінде
«Диалог арқылы оқыту» және «Қалай оқу керектігін үйретуді»қарастыра отырып , диалог негізінде білім
беруші мен білім алушының өзара сұхбаттасуы,өзіндік ой- пікірінің жүйеленуі мен дамытуына көмектесетін ең
тиімді әдіс екенін атап айтқым келеді.
Оқыту процесін түрлендіру,жаңашылдыққа үндеу үрдісі оқытушылардың қызығушылығын, шығармашылық
ізденісін, сабақтың сапалы, жүйелі, жоспарлы болуына алып келеді. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрену мен үшін
өз білімім мен білім алушыларыма білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты
педагогикалық модуль екенін мойындадым.Сыни тұрғыдан ойлау - өз тәжірибемде бақылау мен талқылаудың
нәтижесінде ұсынылған ақпаратты жылдам ойлауға бағалауға,талдауға және синтездеуге үйрететін
тиімділігімен ұнады.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін
түбегейлі жаңартып,дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін,жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және
олардың үйлесімді дамуына және бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі әдістеме
жасау. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес,осы білімді қызыға қабылдауға
дайын оқушы болуы тиіс. Балалардың оқуға деген ынтасы күшейту керек. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту
қажет.Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу – оқушының өзін -
өзі дамытуына,өз сұрағына өзі жауап іздеп жан – жақты білім алуына көмектеседі. 
Дарындылық – бұл адамның өмір шындығында өзін -өзі тануға ұмтылуы ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түюге,өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып,олардың өшуіне жол бермеу,адамның рухани күштің нығайтып, өзін - өзі тануына
көмектеседі.Мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне ыңғайлы орта
жасайды.Шын мәнінде дарынды оқушыны анықтаған соң,олармен жұмыс желісі күрделенуі тиіс деп
ойлаймын.Бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсеткен бала басқа пәндерден көзге түспеуі мүмкін.
Дәл осындай оқушыны бет алған бойынша шыңдар едім. Ондай оқушылардың есте сақтау қабілеттері өте
жоғары болады.Олар білім беру үдірісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біледі,өздерінің оқуын
реттей алады.Ойлау қабілетінің жылдамдығы да оларда ерекше.
Мұғалім ақпараттанушы емес,оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалдыдамуын жобалаушы.Әлемдік
деңгейге сай жаңарған әдістемемен оқытуды меңгеру үшін мұғаліммен жоғары құзырлықты,
ұйымдастырушылықты, қабілетті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу,
олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыты талап етіледі.Әр сабағымда оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес білім және оқытуға көп көңіл бөлемін. 
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,қазақстандық білім беру жүйесі 
әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуды. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық 
технологияларын практикада меңгермейінше сауатты,жан – жақты маман болу мүмкін емес. 
Ал,жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық
және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Мұғалімдердің кәсиби өсуіне,көшбасшылығын дамытуына әсер етуді ауқамы жаңаруда. Ал өзімнің дамыту
жұмыстарымды мектепте мұғалімдер арасында коучинг семинарлар өткіземін,тәлімгеріммен сабақ
104


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
жоспарларын құруға көмек беремін,сабақтарына кіріп сабақ жүйелерін бақылап отырамын,кеңес беруді
біртіндеп қолданып, өзгерістер арқылы жаңашыл әдіс – тәсілдерді жүзеге асыру – мұғалім көшбасшылығын
айқындауға бірден бір бастамам деп білемін.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек
болашақ буынды емес,жалпыазаматтық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін,жаны да,тәні де
таза,білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше
ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып,тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған.
Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім беру аспасын арттыру, баланы жеке тұлға ретінде алып
қарап тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті.
Сөз соңында айтарым қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс – тәсілдер кеңінен қолданып жүр. Сабақты әртүрлі
әдіс – тәсілдерді қолданып, оқушыларымыздың білімге,оқып – үйренуге құштарлығын арттыратыны
анық.Ұстаз қандай әдіс – тәсіл қолданса да, мақсаты біреу – ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім
беру.«Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы,барлығымыз
бірге күш жұмсап,ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай
өтеміз деген ойдамын.Әлемдік білім беру кеңестігінің талаптарына сай болатын,ең алдымен ұлттық жаңа
әдістемелердің бүр жаруына,оның өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей
қатайып,нығайтуына нық сенемін.Сол үшін бар еңбегім мен іскерлігімді аямай,бір тамшыдай болсын қосамын
деген үлесім - өмірімнің мәнін айналғанына қуанамын.
Қорыта айтатын болсақ. осы жоғарыдаа айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін
қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына
өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып,
шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді
төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде,
құрметті әріптестер! Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып,
өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.
* * * * * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет