Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет118/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   157
Байланысты:
1114 караша

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан 
халқына жолдауы - 
Астана, 2014 жылғы 
17 қаңтар,- http://www.akorda.kz/kz/page/page_215740_ 
2. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру 
курстарының бағдарламасы - Алматы, 2012. 
3. Бекбосынов М. «Интеграция әдісін сабақта қолданудың тиімділігі», - Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде,
2009 №1. 
4. Жайлауова М. Әбуова А. «Пәнаралық байланыс»,- Бастауыш мектеп 
2010 ж.
* * * * * * * * * * * * * * *
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Шымкент қаласы № 28 жалпы орта білім беретін мектебінің 
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Егембердиева Загида Манатовна
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан 2030”жолдауында: “оқушыларды қазақстандық
патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-
құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп,
қалыптастыруымыз керек” дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар-әрине,
жастар. Олай болса, сол жастарға саналы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, мектеп пен ұстаздарға
байланысты. Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін
күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі- жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Үш тілді білу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе
халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды деп санайды. Сондықтан да біз де өз халқымыздың, еліміздің
қарыштап дамып, өркениетті, дамыған елдер қатарынан қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл-заман
талабынан туындап отырған қажеттілік. Өйткені бірнеше тілде еркін сөйлейтін, жаза білетін маман ғана
бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. 
Білім беру мақсаттарының өзгеруі білімділік үдерістерді жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін талап етеді.
Қазіргі кезде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына олардың біртұтас дүниетанымын білім беру арқылы
қалыптастыру әлеуметтік сапа деңгейіндегі әлемдік жаңа талаптарға сай берілетін білім, білік, дағды болып
саналады. Осыларды өскелең ұрпақтың жаңаша мазмұнда меңгеруіне ықпал жасау білім беру жүйесіндегі
идеямен ұштасып жатыр.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен
технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып,
білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби
біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан
дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Осы тұрғыда оқушыларға ағылшын тілін
жылдам әрі оңай үйретуде ақпараттық технологиялардың маңызы зор деп білемін. Ақпараттық-
коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтар
мен интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқу бағдарламаларына
негізделеді. Сонымен қатар, ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді деп білемін. Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар
арқылы оқушы керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпынады, яғни іздемпаздыққа ұмтылады. Ал,
интерактивті тақта арқылы қызықты және динамикалық түрде мултимедиялық құралдар көмегімен
оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оята аламыз. Яғни, менің ұсынып отырған идеям- ағылшын
сабағында компьютерлік техниканы, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім
сапасын көтеру. Электрондық оқулықтар арқылы :
Жылдам байланысқа;
Керекті анықтамалық-ақпаратты жылдам табуға қол жеткізе аламыз. Электрондық оқулықтарда
қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларға өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Электрондық
оқулықтың артықшылығы осында. Айта кетерлігі, электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың
танымдық белсенділінін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, жағдай жасайды.
Әр сабақта интернет, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесі пайдаланылса, пәндік әдістеме оқушыларға
сол пәнді: тереңденіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануында айқындалады. 
Ал ақпараттық технологияларды ағылшын тілінде қолдану оқушыларға не береді? 
1. Оқу материалдарын жиі қайталау шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
113


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
2. Оқуға деген қызығушылығын арттырады;
3. Өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоцианалдық сезімдеріне әсер етеді; 
4. Өздігінен ізденіп, игерген материалдарды ұзақ есте сақтауларынан білімдерін тереңдетеді. 
5. Іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;
Қорыта айтқанда, бүгінгі күні ағылшын тілін үйретудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды
қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, ұйымдастыру қажет екендігі баршамызға
мәлім. Әлемдегі орын алған өзгерістер ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласын ағылшын
сабағына қолдану арқылы келесідей нәтижелерге жеткізеді: 
-оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; 
-сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік береді;
-жеке тұлғаның сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға
көмектеседі;
-тіл,сөздік қор байлығын дамытады;
-өз ойын жеткізуге жан-жақты үйретеді; 
-өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны
қалыптастырады. Көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайықты ұрпақ
тәрбиелеу” деген сөзін басшылыққа алып, жаңа замандағы жаңа тұлғаны тәрбиелеу ұстаздың, біздердің зор
міндетіміз болып табылады.
* * * * * * * * * * * * * * *
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылы
Ғ.Айдаров атындағы №1жалпы орта білім беретін мектебінің
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рскалиева Аккумис Мадиевна


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет