Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет126/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   157
Байланысты:
1114 караша

----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
- Қосымша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттей отырып, қашықтан оқыту мүмкіндігін пайдаланып,
өздігінен қосымша білім алуға болады деген тұжырымға өзіндік тұрғыдай ой қосуға талпыныс жасадым.
Қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту мен тарату білім жетілдірудің бұрынғы дәстүрлі жүйесіне
елеулі өзгерістер енгізілуі. Оқу ақрпаратын шалғайдағы елді мекендерге жеткізуде қашықтан оқыту
технологиясын қолданудың ерекше маңыздылығының бар болуы. Қашықтан оқитындардың құрамына
біріншіден физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, оларды күтушілер, яғни бірыңғай үйде отыратын
адамдар, денсаулығына байланысты күндізгі оқу сабақтарына қатыса алмайтын оқушылар оқи алады.
Екіншіден жоғары, арнайы оқу орындарында аз шығынмен неғұрлым көп адамдар оқыта алу. Үшіншіден
адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруына немесе өміріндегі әр түрлі өзгерістерге қарамастан білім алуды
жалғастыра алады. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде
білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-
үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің
технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі
өміршең түрлері бола алатындай жайлы оқулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.
Қашықтан оқытуға көптеген ғалымдар анықтама берген сол анықтамаларды жинақтай келе «Қашықтан оқыту
– ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашыктықтан оқыту
ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу
формасы» деген анықтамаға тоқталдым.
Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Қашықтан оқыту
мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа
технологияға көзқарастарын өзгертеді.
Түрлі статияларды салыстыра отырып, қашықтан оқыту – бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп
айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің,
оқушылардың өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың
ұйымдастыру өзгеше түрін ұсынады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кез-келген
оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін
мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтиытын мазмұннан;
әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технолгиялық негіздерге (мысалы, тек
компьютерлік телекоммуникацияға, баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабыдықталған
компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.
Сырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы сонда, қашықтан
оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір
формасы деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де, процестің өзін де) білім
берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелеренің жетілдірілген түрі деп қарауға
болмас. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ,
материалды беру түрі мен мұғалім – оқушы, оқушының өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан
оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйлеік және жүйелілік, белесенділік принциптері,
дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың дифрененциалдығы мен жекелей оқыту принциптері т.с.с) күндізгі
оқуыдағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкідіктеріне байланысты,
қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады.
Осылайша, бір жағынан қашықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның
кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Басқаша жағынан, қашықтан оқуды жүйе
және процесс ретінде айыра білу керек.
Қашықтан оқыту – процесс. Қашықтан оқу – жүйе

Басқа да оқыту формалары сияқты, қашықтан оқыту да
педагогикалық жобалаудың кезеңдерін, оның мазмұндық және педагогикалық құрамын (педагогикалық
технология жоспарындағы әдістеме, оқыту формаларын) теориялық тұрғыда мағаналы етуді ұсынады. Бұдан
шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық
оқулықтар, оқу құралдарының кешендірін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық
технологиясын жасау. Қашықтан оқыту курсы оқушы әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын,
ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы
интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы
арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағадай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы
оқушының білмісіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік
береді. Мотивация да кез-келген қаштықатан оқыту крусының маңызды бір бөлігі. Оның көтермелеу үшін
әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану маңызды.
120


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп – интернатының тәрбиешісі
Токбергенова Кулайра Жидебаевна


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет