Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ РӨЛІ



Pdf көрінісі
бет125/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   157
Байланысты:
1114 караша

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ РӨЛІ

Аханбекова Лазат Женисовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Каскелен қаласы
"С. Керімбеков атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазіргі XXI ғасырда ғылым мен технология жетік дамыған. Табиғат құбылыстары және оның заңдары осы
күнге дейін адам баласын ойландырып, толғандырып, анықталмаған, сыры ашылмаған дүниелерге ақиқаттың
түбіне бар сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жетуі әрқашанда үлкен жетістік
болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан тек білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла
бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану
кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі
қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс.
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын XXI ғасырдың білім беру жүйесі
деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің
нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын
арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп
сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы.
Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы
бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін,
өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік
жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және еліміз бен шет
елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел
азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше
тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың
жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту XXI ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып
табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Информатика – техниканың дамуындағы негізгі ғылымдардың бірі.
Технология – ғылымның практикалық қолданылуы. Қазіргі заманда дүниежүзінің негізі технология. Ол
адамның сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жеткен үлкен жетістігі. Яғни ғылым,
прогресс болып табылады.
Болашақта ғарышты игеру, адам баласының өмір сүру ортасын кеңейту, дәлірек айтқанда, экологиялық
мәселелер шешіліп, информатиканың қыр-сырлары ашылады. Сонымен қатар, әлі шешілмеген мәселелер
тарапында қашықтықтан оқытуды тиімді пайдалансақ, біз көптеген жағымсыз жағдайлар мен қиын тақырыпты
мәселелерді жеңілдетер едік. Ал білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар түсінігі
компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін
ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада
инновациялық оқыту кеңінен қолдануда, сондықтан қашықтан оқыту маңызды рөл атқарады.
Ақпараттық құралдарды зерделей отырып, мамандармен бірлесе отырып, қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілін
анықтау
Қашықтықтан оқыту дың маңызы мен рөлінің пайдасын дәлеудеу
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік
(республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде
жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер
де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын,
компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру
қажет.
Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні
пайдаланып,шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы
қажет.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- Қашықтықтан оқыту маңыздылығы, қолданылу аймағының анықталуы
- Телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару
119




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет