Тақырыбы: Ата-ана тірегім”



Дата25.12.2016
өлшемі41,04 Kb.
#4948
түріСабақ
Қызылорда облысы, Арал қаласы

2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының тәрбиешісі: Смагулова Райса Аргиновна


Күні:3.03.2016 ж Ата –анамен жұмыс.

Тақырыбы: «Ата-ана тірегім”

Мақсаты:Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша орны отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктердің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңызыдылығын дәлелдеу.

Міндеті: Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын жауапкершілігін арттыру.

Оқу –тәрбие үрдісінің мектептің, ата-ананың тығыз байланысты үйлесімді жүргізу.

Көрнекілік: Абайдың нақыл сөзі.Слайд

Сабақ жоспары:

Кіріспе

Негізігі бөлім

1.Тренинг «Кездесу»

2. “Аялы алақан” (Өсиет әңгіме)

3. Абайдың 19 шы қара сөзі (аудио жазба тындалады)

4. Қарандаштың 5 қасиеті (бала бойынан табу)

5.Ана мен бала (видеоролик)

6.«Менің отбасым» (Суреттер сөйлейді)

7. «Ақшақар ойыны»

Қорытынды:

        • Тренинг «Кездесу»

Ортаға шығып шеңбер құрамыз, бір-бірімізбен, көршімізбен амандасып, жылы лебізімізді білдіреміз.Осы ай немесе күн ішінде қандай қуанышты жағдайларды бастан өткердіміз?

Аялы алақан” (Өсиет әңгіме)



Жағдайлы бір отбасы баласына ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайды жасайды.Қазіргі заманның озық технололгиясымен жасалған ойыншықтар, компьютер, тіпті қымбат телефонды алып береді. Бірақ баласы осының біріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-ана жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді.Ал, бала осы сәтте ата-анасының күнінен қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды.Жинаған ақшасын ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

-”Әке-ана!Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін”- депті .

Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.” Абай. (Абайдың 19 шы қара сөзі аудио жазба)



Қарандаштың 5 қасиеті

Ана мен бала (видеоролик)

«Менің отбасым» (Суреттер сөйлейді)

Әр бір ата-ана өз отбасын гүлдің немесе кез келген бейне салу ұсынылады және суреттерді сөйлету керек.

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

  1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

  2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

  3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

  4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

  5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

  6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

  7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

  8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

  9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

  10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

  11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

  12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

  13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

  14. . Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

  1. Сынып жетекшісі;

  2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);

  3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

  4. Мектеп басшысы.

Қорытынды:Дүниеге шыр етіп бала келгеннен бастап отбасы толық саналады.Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала шағаның қамымен жүрген ата-ана балаға тәрбиесіне де көңіл бөлмей қалды. Ал, бала тәрбиесі отбасынан басталады,

қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсең, ұшқанда соны іледі» деп жақсы-жаман әдеттерді бала отбасынан үйренеді.Отбасындағы киклжің, ұрыс бала психикасына әсер етеді.Баланың мейрімді , еңбекқор,әдепті болып өсуі отбасында жайлы, жақсы ахуалдың болуынан.

Балаңыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармауымыз керек.

Ата – аналарға өсиет

Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет