Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет12/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   96
МОНОГИБРИДТІ БУДАНДАСТЫРУ
Мендель қызыл гүлді жәнс ақ гүлді бүршақтарды алып 
моногибридті будандастырғанда бірінші буында алынған будан 
ұрпақтың бәрінің гүлдерінің түсі қызыл, яғни осы белгі бойынша
42


біркелкі болып шыққан (5-сурет). Сонда будан өсімдіктерде гүлдің 
қызыл түсі ғана сақталып, ақ түс байқалмайды. Мұндай белгіні 
(қызыл түсті) Мендель доминантты (басым), ал байқалмайтын ақ 
түсті рецессивті (басылыңқы) деп атайды. Осы зерттеулердің 
нәтижесінде Мендельдің бірінші заңы - бірінші буын будандары 
белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасады. 
Мүны немесе 
доминанттық заңы деп те атайды.
5-сурет. 
Моногибридті будандастыру. Бүршақ гүлі түсінің тұқым 
қуалауы. А - қызыл түстің гені, а - ақ түстің гені
тозаңдандырылып нәтижесінде екінші ұрпақ 
Ғ2
алынды. Бұл 
жағдайда белгілердің ажырайтындығы байқалады, яғни алынған
х 
^
 
W
g
Q
Одан әрі қарай 
F! _ де алынған будандар өздігінен
43


ұрпақтың 3/4 бөлігі қызыл, ал 

бөлігі ақ гүлділер болып шықты. 
Сонда 
доминантты 
өсімдіктер 
мен 
рецессивті 
белгісі 
бар 
өсімдіктердің ара қатынасы 3:1 болды. Осыдан келіп Мендельдің 
екінші заңы - белгілердің ажырау заңы қалыптасты.
Осы зерттеулерінің негізінде Мендель организмнің белгілері 
мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жауапты бір фактор бар деген 
қорытындыға 
келді. 
Кейіннен, 
1909 
жылы 
Дания 
генетигі 
В.Иоганнсен оны ген деп атады. Мендель тұқым қуалайтын 
факторларды латын әрпімен белгілеуді ұсынды, яғни доминантты ген 
бас әріппен (А), ал рецессивті ген кіші әріппен (а) белгіленеді. Бұл 
факторлар эрқашанда жұп болып келеді, себебі олардың біреуі 
әкесінен, екіншісі шешесінен беріледі. Гендердің мұндай жұбын 
аллеломорфты немесе аллельді гендер дейді. Организмдегі бүкіл 
гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Ал сол генотип арқылы 
анықталатын белгі қасиеттер фенотип болып есептеледі. Біркелкі 
аллельдерден тұратын таза линиялы организмдерді гомозиготалы 
организмдер дейді. Мысалы, АА - доминантты гомозигота, аа -
рецессивті гомозигота. Ал екі түрлі аллельдерден (Аа) тұратын будан 
организмдер гетерозиготалы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет