ГАМЕТАЛАР ТАЗАЛЫҒЫ ЗАҢЫ
Бірінші буында алынатын будандардың бірелкі болуы мен
екінші буын будандарында белгілердің ажырау қүбылыстарын
түсіндіру үшін Мендель гамета тазалығы гипотезасын (болжам)
ұсынды. Оның мәні организмнің кез - келген белгі-қасиетінің дамуын
44
тұқым қуалау факторы, яғни ген анықтайды. Мысалы гүлдің қызыл
түсіне доминантты, ал ақ түсіне рецессивті гендер жауапты.
Бірінші буындағы ұрпақ қызыл гүлді өсімдіктің доминантты А
гені бар гаметасымен ақ гүлдінің рецессивті а гені бар гаметасының
қосылуы нәтижесінде пайда болады. Сондықтан олардың генотипінде
гүлдің қызыл түсін де, ақ түсін де анықтайтын гендер болады. Бірақ
қызыл гүлдің гені доминантты болғандықтан, бірінші буындагы
будан өсімдіктердің барлығы да қызыл гүлді болып шығады. Сонда,
олардың фенотипі бірдей болғанымен генотипінде екі түрлі ген
болады. Ал ондай будан организмнен гамета түзілгенде оған тек бір
ғана доминантты А, немесе рёцессивті а гені беріледі. Бүл жағдайда
будан организмнің гаметасында аллельді (жүп) гендер бір - бірімен
араласып кетпей таза күйінде сақталады. Гамета тазалығы дегеніміз
осы.
Мендель әрине, тұқым қуалау факторлары мен олардың гамета
түзілу кезінде таралу процесін клетканың нақты бір материалдық
құрылымдарымен
және
клетканың
бөліну
механизмімен
байланыстыра алмады. Дегенмен, генетиканың әрі қарай дамуы
барысында гамета тазалығы гипотезасы негізінде, хромосомдық
теория қалыптаспай тұрғанның өзінде мейоздың механизмі мен
гендердің әрекеті туралы күні бүрын дүрыс болжам жасалған.
Кейіннен мүның бэрі цитологиялық тұргыда зерттеліп, дәлелденді.
Сондықтан да Мендельдің бүл гипотезасы гамета тазалығы туралы
заң деп те аталады.
45
|