Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет3/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Кіріспе. Генетика пәні.
Генетиканың даму тарихы.
Генетиканың зерттеу әдістері
Генетика бүкіл 
тірі 
организмдерге тән 
қасиеттер-тұқым 
қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір 
саласы.
Адам баласы эркашанда тіршіліктің сырын терең ұғынуға, оның 
құрылымдық-функционалдық 
ерекшеліктерін, 
сыртқы 
ортаға 
бейімделуін, даму заңдылықтарын 
т.б. білуге ұмтылып отырған. 
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып
оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде 
генетика ғылымы үлкен роль атқарады. Сондықтан да ол биология 
ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады.
4


Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ 
алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік 
организмдердің 
көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық 
түрге тэн белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Басқаша 
айтқанда ұрпағы белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып 
туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда 
организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама түрақты 
түрде беріліп отырады, яғни ұрпағы өзінің ата-аналарына ұқсас 
болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық ешқашанда 
болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай 
болмасын бір белгі - қасиетінде айырмашылығы да болады.
Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті өзгермейтін нәрсе 
емес. Ол сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп 
отырады. 
Оны өзгергіштік деп атайды. Организмнің көбеюі 
барысында бір 
белгі - қасиеттердің тұрақты түрде сақталуымен 
қатар екінші біреулері өзгеріске ұшырайды. Соған байланысты олар 
жаңарып, түрленіп отырады. Түқым қуалаушылық пен өзгергіштік 
бірімен -бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-бірімен қарама-қайшы, 
сөйте тура өзара тығыз байланысты процестер.
Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы 
ғылымды генетика деп атайды (грекше genesis- шыгу тегі). Мұндай 
атауды 1906 жылы ағылшын оқымыстысы В.Бэтсон үсынған 
болатын.
5




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет