Организм фенотипінің дамуы
оның тұқым қуалаушылығының
негізі болып саналатын генотипі мен сыртқы орта жағдайына
байланысты.
Генотипі
бірдей
болғанымен
түрліше
орта
жағдайларында, дамуына байланысты организм белгілері мен
қасиеттерінің эртүрлі болып қалыптасуы мүмкін.
Сонымен бірге
организмде
болатын
толып
жатқан
белгілер
сыртқы
орта
жағдайларының әсеріне бірдей жауап бере бермейді. Олардьщ
біреулері сыртқы орта факторларының әсеріне өте көнгіш келеді,
екіншілері
шамалы ғана өзгереді, ал үшіншілерінде өзгеріс тым аз
мөлшерде ғана болады. Мысалы, сиырлардың сүттілігі олардың
азығына және күтіміне байланысты.
Талапқа сай рационмен
азықтандыра отырып, сиыр сүтін молайтуға болады. Ал сүтінің
майлылығы малдың азығы мен күтіп бағу жағдайларына онша
байланысты емес. Өйткені сүттің майлылығы сиырдың тұқымына тән
біршама тұрақты қасиет. Дегенмен,
азық рационын жақсарта отырып,
оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым түрақты белгі - сиырдың
түсі. Бірақ жүнінің түсі де даму жағдайларына мүлдем байланыссыз
деп ойлауға болмайды. Кейбір сүт қоректілердің түсіне сыртқы
қоршаған
ортаның температурасы
эсер
етеді.
Оны
мысалы,
қояндардың қысқы және жазғы маусымдарда түсінің өзгеретіндігінен
көруге болады. Сонымен организмде болатын
белгілер мен қасиеттер
түрақты түрде тұқым қуалайды. Олар сыртқы ортаның әсерінен
өзгеріп, дамып отырады. Сол өзгергіштіктің нэтижесінде эволюция
барысында жаңа биологиялық түрлер пайда болады.
142