мэні эртүрлі. Сондықтан ол жеке-жеке қарастырылады. Егер
мутантты гені бар гамета үрықтануға
қатынасатын болса, онда ол
мутация келесі ұрпаққа тікелей беріледі. Бірақ ол мутантты ген
рецессивті болып келсе, онда организмде
болатын өзгеріс бірнеше
ұрпақтан соң білінеді, ал егер ол доминантты ген болса, онда бірінші
үрпақтьщ өзінде-ақ білінеді.
Сомалық мутация организмде
онтогенез барысында пайда
болады. Жыныстық жолмен көбейетін организмдерде олардың
эволюциялық дамуы барысында сомалық мутация ешқандай роль
атқармайды, себебі дене клеткаларында пайда болған өзгеріс ұрпаққа
берілмейді. Ал жыныссыз жолмен көбейетін организмде оның
айтарлықтай ролі бар. Мысалы, вегетативтік
жолмен көбейетін
жеміс-жидек
өсімдіктерінде
кездесетін
сомалық
мутацияның
селекциялық маңызы зор. Сомалық мутацияны зерттеудің адам мен
жануарда болатын қатерлі ісік (рак) ауруларының себептерін білу
үшін де маңызы айтарлықтай. Осы күні көптеген қатерлі ісіктер, яғни
қалыпты клеткалардың рак клеткаларына
айналуы сомалық мутация
жолымен болатындығы туралы деректер бар. Генотиптің өзгеру
сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомдық және геномдық
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: