Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет53/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   96
ХРОМОСОМАЛЫҚ МУТАЦИЯ
Генетикалық материалдың өзгеруіне гендік мутациямен қатар 
хромосомалық мутация да жатады. Оны хромосомалық өзгерістер 
немесе аберрациялар деп атайды. Бұл жағдайда кариотиптегі 
хромосомалардың құрылымы өзгереді. Аберрациялар хромосома 
ішіндік жэне хромосома аралық болып келеді.
Хромосома ішіндік өзгерістерге мыналар жатады: дефишенсия -
хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция - хромосоманың бір 
бөлігінің үзіліп түсіп қалуы; дупликация -хромосома бөлігінің 180° -
қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі.
Хромосома аралық өзгерістерге хромосоманың бір бөлігінің 
басқа бір оған гомологты емес хромосомамен ауысып кетуі жатады, 
оны транслокация деп атайды.
Хромосомалық 
мутацияда 
транспозиция 
-
генетикалық 
материалдың шағын бір бөлігінде орналасқан гендер шоғырының 
өзгерісі 
ерекше орын 
алады. 
Транспозиция гомологты емес 
хромосомалардың арасында немесе бір хромосоманың өзінде жүруі 
мүмкін. Сондықтан ол хромосома ішіндік және хромосома аралық 
өзгерістердің аралығында жатады.
Цитологиялық түргыдан алғанда аберрацияны хромосомалық 
және хромотидтік деп бөледі. Бүлайша жіктеу хромосоманың өзгеру 
уақытына, яғни репликацияға дейін немесе одан кейін жүзеге асуына 
байланысты болады.
149


Хромосомалық аберрацияны зерттеуде цитологиялық жэне 
генетикальіқ 
әдістерді ұштастыру 
шешуші 
орын 
алады.
Хромосомалар құрылымының өзгеруін зерттеу үшін мейоздық 
профаза қолайлы. Себебі ол кезде хромосомалар коньюгацияланады. 
Бұл мақсатқа политенді (алып) хромосомалар да пайдаланылады.
Хромосомалық аберрацияның негізінде эртүрлі фенотиптік 
өзгерістер пайда болады.
ГЕНОМДЫҚ МУТАЦИЯ
Геномдық мутация дегеніміз - клеткадағы хромосомалар 
санының 
өзгеруіне 
байланысты 
организмнің 
белгілері 
мен 
қасиеттерінде пайда болатын өзгеріштік. Геном дегеніміздің 
өзі 
гаплоидты хромосомадағы болатын гендер жиынтығы. Енді осы 
геномдық мутацияның пайда болу жолын қарастырайық. Хромосома 
санының тұрақтылығын және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін 
қамтамасыз ететін клетканың бөліну механизмдері митоз бен мейоз 
екендігі белгілі.
Бірақ кейбір жағдайда бұл механизмдер бұзылады да, хромосома 
саны өзгерген клеткалар пайда болады. Геномдық мутация тұтас 
гаплоидты жиынтықтың немесе жеке хромосомалалар 
санының 
көбеюіне не азаюына байланысты болады. Хромосомалар саны 
гаплоидты 
жиынтыққа 
еселеніп 
көбейетін 
организмдерді 
полиплоидты, ал еселенбей көбейсе, оны анеуплоидты немесе 
гетероплоидты деп атайды.
150




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет