Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне


XI ТАРАУ ОНТОГЕНЕЗДЩ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет71/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96
XI ТАРАУ
ОНТОГЕНЕЗДЩ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Онтогенез немесе организмнің жеке дамуы — биология ғылымының 
негізгі мәселелерінің бірі. Адамның диаметрі небәрі 130-140 микрон, 
ал салмағы 0,0015 мг жұмыртқа клеткасынан ұрықтанғаннан кейін, 
салмағы шамамен 3 килограмдай адам баласы дамиды. Содан біраз 
күдцер, айлар, жылдар өткеннен кейін адам өзі қоршаған ортаны 
танып, оны өзгерте алу қабілетіне ие болады. Табиғаттың бұл 
ғажайып 
жүмбағын 
шешу үшін ғалымдар организмнің даму 
процесінің генетикалық зандылықтарын зерттеуде.
Жеке организмнің дамуы өрқашан ұрықтанған жүмыртқа 
клеткасынан басталады. 
Сонда жұмыртқа клеткасында немесе 
сперматозоидта болашақ организмнің белгілері дайын күйінде 
сақталын тұрмайды. Оларда тек оның дамуының бағдарламасы ғана 
болады және ол бағдарлама қолайлы 
ішкі және сыртқы орта 
жағдайларында ғана жүзеге асады.
Сөйтіп 
онтогенез 
деген 
үғымға 
жүмыртқа 
клеткасының 
үрықтануынан бастап, организм өз тіршілігін жойғанға дейінгі даму 
процесі жатады. Онтогенездің түқым қуалау негіздерін зерттейтін 
генетиканың саласын онтогенетика деп атайды.
ДИФФЕРЕНЦИРОВКАНЫҢ (жіктелудің)
ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Көп клеткалы организмнің жеке дамуының жоне өсуінің 
негізіне клеткалардьщ митоздық бөлінуі жатады. Организмніц әртүрлі
192


үлпаларының, атап айтқанда, бұлшық еттің, терініц, т.б. органдар 
клеткаларының бөліну жолдары бірдей, яғни митоздық жолмен 
бөлінеді. Соған байланысты олардың генотиптері де үқсас болуы 
керек. «Ал бұлай болған жағдайда онтогенез барысында ұлпалар мен 
клеткалар жікгелуінің генетикалық механизмі қандай?» - деген сүрақ 
туады. Мүндай күрделі сұраққа жауап бере алатын тек онтогенетика.
Онтогенезді 
генетикалық 
түрғыдан 
зерттеу 
белгінің 
қалыптасуына ген тигізетін әсерге талдау жасаудан басталады. Ол бір 
ген 
бір белгі деген принципте жүргізіледі. Бүл мәселені соңғы 
деректер түрғысынан былайша жазуға болады: ген (ДНК)-» РНК -> 
белок-» белгі.
Өсімдіктер мен жануарлар онтогенезі кезінде өсу, үлпалардың 
жіктелуі және морфогенез, яғни органдардың қалыптасуы сияқты 
процестер жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет